Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана — сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанаты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұлтартпас айғақ болып табылады. Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принцинтерін ұсынды.
Бәсекелестік қабілет. Ғаламданудың жаһандық жүйесіне еніп, XXI ғасырдың талаптарына дағдыланудың қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін атап айтты.
Прагматизм. Ұланғайыр қазыналарымыздың қалпынша қолданып, қорғау, бір мақсатпен межелеген мәреге жету арқылы түрлі саяси радикалды идеологияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсынды.
Ұлттық бірегейлікті сақтау. Елбасымыз үшінші қағидасында ұлттық код, яғни халқымызға тән салт-санамыз, асыл мәдениетіміз бұлардың барлығы бойымызда жалындап, үні шырқалып тұруын баса айтты. Сонда ғана алға басулар болатынын ескертті.
Білімнің салтанат құруы. Қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні- білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударды. XXI ғасыр қасіреттерін қаперімізге сақтап, одан сабақ алу және де дүрбелең тузығу экономикалық күйреуге алып келетінін, болып жатқан әлемдік толқыныстарды мысалға келтірді. Революциялық өзгеріс емес, эволюциялық жаңару алып келуіміз керек екенімен ой қорытты.
Қорыта айтқанда, бұл елбасымыздың ұтымды қағидасы, халқына деген үндеу өсиеті деп білемін. Ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге көшбасшымыз бізге дара жол көрсетті. Ол соқпақтардан қалай өту керектігін айтып, бағыт-бағдар берді.
Осы бағдарламаны негізге ала отырып, № 76 ЖББ мектебіміздің ішінен «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды. Онда интербелсенді тақта, теледидар, рухани жаңғырудың «Таяу жылдардағы міндеттері мен бағдарламасы» стендімен жабдықталған. Бұл жерде оқушылардың логикалық, танымдық қабілеттерін арттыратын іс-шаралар болып тұрады. Сыныптағы оқушыларымды кабинетке апарып таныстырдым.
Ендеше, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бірге бағындырайық!
Кульбаева Секерхан Смагуловна,
Алматы қаласы «№76 жалпы білім беретін мектеп» Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
бастауыш ӘБ жетекшісі