«… Бізге керегі шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті».
Баланың білімге деген құштарлығымен қатар қабілетін ашу, оны алға қарай жетелеуге жан-жақты жағдайлар жасалу барысында әуелі бойындағы дарындылықты байқағанымыз абзал. Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады демекші, шәкірттеріміздің талапты болуына үлес қосу барысында білімдіге дүниенің жарқын болатынын бойларына сіңіру арқылы білім нәрімен сусындату әр ұстаздың міндеті болып табылады. Осы орайда мектебімізде шәкірттеріміздің дарындылығын анықтау барысында көптеген арнайы үйірмелер өткізілуде. Біздің басты мақсатымыз оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашумен қатар оқушы бойындағы дарындылық сферасына байланысты топтарға бөліп алу. Әр сфера бойынша жұмыс жоспарлары құрылып, оқушыларымның ізденіс жұмыстарына бақылау түрлері белгілеп, жұмыстарының нәтижесін көрсетеді. Мектепте осындай игі істеріміздің нәтижесінде бірнеше оқушыларымыздың қарқындылық, шығармашылық қабілеттері ашылып, жоғарғы жетістіктерге қол жетудеміз.
Атап айсам, 9-сыныптар арасында аудандық олимпиададан Қантаева Гүлназ III орынды иеленсе, Амангелді Аружан I орынды иіленіп отыр. Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтудан Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастырған «Тұлпар мініп, Ту алған» байқауының аудандық кезеңінде Әлім Алина II орынды иеленіп отыр. Сондай-ақ, Айтакунова Аида ерекше өнер көрсеткені үшін марапатталды. Аматы қаласы білім басқармасының «№7 оқушылар үйі» балалар мен жасөспірімдер арасындағы Фариза Оңғарсынованың шығармаларына арналған «Фариза-поэзия падишасы!» атты көркем сөз байқауында Баймұқа Бақдаулет I орынды иеленді.
«Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауында Талғат Жанат II орынды иеленген болатын.
Қалалық эссе байқауында 8 наурыз мерекесіне орай «Ана- өмірдің шуағы » тақырыбында өткізілген эссе байқауының жүлдерегі 7-сынып оқушысы Алдабергенов Дәуіржан.
«Фариза,Фаризажан,Фариза қыз» Республикалық Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерден балалар мен жас-өспірімдер байқауы «Көркем сөз» номинациясыда II орынды Дәуренқызы Айым иеленді Республикалық «Тәуелсіз ел- тілегі» атты көркем сөз байқауында Абдулла Нұрхан I орынды иеленді. ҚР Тұңғыш Презинденті – Елбасы қоры сыйлығының иегері, «Білім бұлағы» аталымының жеңімпазы сайтында өткен оқушылар арасында қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым А.Байтұрсынұлы атындағы III Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасында Ғұмыр Аружан, Әлжан Әсем, Ануарбекова Бағнұр, Жасыбаева Қарақат, Қантаева Гүлназ, Нурахметова Алия, Култас Хансултан, Сарсенбаева Дариға,Рахимбек Мирас,Телибаева Жансая сынды оқушыларымыз I,II,III дәрежелі дипломдарға ие болды. Қазақ тілі пәнінен Халқаралық Монопәндік Турнирде Рыскелді Алияр мен Мурзабекова Жания,Талғат Жанат II орындарын иеленсе,Оспанова Аяжан мен Серикбаев Алияр I орынды иеленіп отыр.
Міне, осындай жетістіктерге жеткізіп отырған дарынды шәкірттерімнің арқасында алынбайтын қамал, бағынбайтын асуларды білімнің арқасында қол жеткізуге болатынын көрсетіп отырғандай.
Егеменді елімізді дүние жүзі елдерімен терезесі тең болатын дәрежеде өркендетіп, оның тұтқасын, тізгінін ұстайтын, сол арқылы елімізді әлемге танытатын да біздің дарынды, қабілетті ұл-қыздарымыз болмақ.
Касымбаева Асемгуль Казтаевна,
Алматы қаласы «№76 жалпы білім беретін мектеп»
Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі