Home » Жаңалықтар » Қарақияның жас қыраны!

Қарақияның жас қыраны!

Шынында да,  бізге керегі – шын дарындар. Жас талапты дарындар – еліміздің болашағы. Біз болсақ, осындай  ұл-қыз тарланбоз  жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндеттіміз.

                                                                                                           Н.Ә.Назарбаев

Шығармашыл, ұшқыр ойлы және ең бастысы, өз білімін іске асыратын тұлға  – дарынды балалар. Дарынды балалар елі­міздің интеллектуалдық элитасын қалып­тастыратын ұлттық құндылық болып сана­лады. Озық ойлылылық адамның  жас мөлшеріне қарамайды. Оны қазіргі таңда өткізіліп жатқан білім, ғылым додаларынан байқаудамыз. Өзінің дарындылығы, шығармашылығы арқасында бәйгелерден  оза шауып жүрген оқушылардың бірі– Сәуірбев Әліби. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылының №1 орта мектебінің 8 сынып оқушысы.

Саурбаев  Әліби Қайратұлы  – оқу озаты және оның келешегінен үлкен үміт күтетін оқушы. Білімі жағынан  және спорт бойынша соның ішінде бокс шебері.Ол мектепішілік іс-шараларға белсене қатысып, әрбір ісіне  жауапкершілікпен қарайды.Саурбаев Әліби  осы уақыт аралығында сапалы біліммен, спорттық қабілетімен  ерекшеленіп жүрген оқушылардың бірі. Мектеп қабырғасында  жүріп-ақ  аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі әртүрлі жарыстарға қатысып, өзінің  дарындылығымен  жүлделі орындарға ие болып, мектебінің  мәртебесін көтеріп келеді. Оған төмендегі 2018 – 2019 оқу жылдары аралығындағы  жеткен жетістіктері дәлел бола алады.

– 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» XIV республикалық кезеңі І орын.

–  Көкшетау қаласында өткен Қажымұқан Мұңайтпасовтың 145 жылдығына арналған еркін және «Грек –рим» күресінен Халықаралық фестивальде ІІІ орын.

– Облыстық «Жастар жылына» арналған «Наурыз – жыл басы»  Еркін күресте 52келі  салмақта І орын.

– Ақтау қаласының 55 жылдығына орай Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушысы М.М Расуловты еске алуға арналған облыстық ашық турнирде ІІІ орын.

Әліби зияткерлік, спорттық және шығармашылық салаларда жеткен  жетістігінің арқасында 2019 жылғы 1 маусым күні Балаларды Қорғау күні  Нұр – Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы  Президенті  Қасымжомарт Тоқаевтың   оқу озаттары балалармен салтанатты кездесуіне барып келген болатын.Өзінің  кездесу  сапарынан оралған соң, қызықтары жайттармен  бөлісіп, сыныптағы барлық достарына базарлығын таратып, ортамызды қуанышқа бөледі.

«Өнер – білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Жас кезінде білім берсең қалайда,

Өсе келе қолы жетер талайға» – деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, Әлібидің  бала кезден осындай жетістікке жетуіне ықпал еткен ата-анасының да еңбегі ерекше.

Жүрегі мейірім – шапағатқа, жан жылулығына толы, бала бойындағы шығармашылық шоқты үрлеп жандырып, «Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет», – деген қағиданы естен шығармай, аянбай еңбек етіп жатқан ұстаздар қауымының еселі еңбегінің көрінісі деп білеміз.

Қорыта келе Егеменді еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз.Халқымыз «Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» деп бекер айтпаған. Сол себептен де Қарақияның жас қыраны – Әліби деп атап отырған жайымыз бар.  Құрметті ұстаздар мен оқушылар жаңа оқу жылында  –  жаңа табыстар мен нәтижелі еңбектің жемісін тілейміз!

 

Амирова Нургуль  Ануарбековна

Маңғыстау облысы,

Қарақия аудандық әдістемелік

орталық әдіскері

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.