Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің жолдауларының бірінде «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің болашағы жоқ, ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Болашақта өркениетті, дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесі тең ететін білім», — деп атап көрсеткен болатын.
Білім беру жүйесінің барша әлем елдерінде, Қазақстанда қалай өзгеріп жатқанын білеміз. Ертеңінен үміт күткен Мәңгілік еліміздің ұрпағы білімді, білікті болу үшін нақты жоспар, нақты қадам керек. Әр мұғалім әзірленіп жатқан жаңа мазмұнды бағдарламаны игеруі маңызды. Өз басым мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енгізген жаңартылған білім беру бағдарламасын,заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама деп қабылдаймын. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу ұстаздың қолында. Жаңартылған білімнің ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай,оларды орынды жерінде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал XXI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.
Қазіргі кезеңде өздігінен білімді игеруі үшін оқушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Оқушылар шығармашылық жұмыстармен айналысқанда мұғалім тарапынан үнемі қолдау көріп отырса,бұл жұмыстарын одан әрі дамытып жоба немесе зерттеу жұмыстарымен сабақтастыруға болады.
Нақты пән бойынша күнделікті білім беру процесінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу процесінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады. Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарды оқушыларға дарыту негізі болып табылады. Бұл құндылықтарды оқушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.
Мына заманда өзгеріссіз қалу – әрқашан заман ағымының алдыңғы легінде жүретін мұғалімдер үшін дамымыай тұрып қалумен тең. Сол себепті 2014 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы бойынша бірінші (ілгері) деңгей курысын оқып бітіріп,содан бері өз мектебімде жаңа бағдарлама бойынша жұмыс жасап жатырмын. Мектебіміздегі «Lesson Study»зерттеу тобының мүшесімін. Зерттеу тобымен пән мұғалімдері бірлесе отырып сабақ жоспарын құрып,оқушылар тақырыпты жақсы меңгеруі үшін,әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, мектебіміздің білім сапасын көтеруге жұмыс жасап жатырмыз.
Өз пәнім бойынша жылда коучингтер, қалалық семинарлар өтіп отырамын. Мысалыға соңғы:2018-2019 оқу жылында «Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып оқушылардың бойында шығармашылық қасиеттерді дамыту»деген тақырыпта қалалық семинар өттім. Сабағымның жоспарын Блум таксономиясын негізге ала отырып құрдым. Сабақта оқушылар «Қымыз», «Бесік» сөздерін Блум таксономиясына салып талдап шықты.
Осы жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының ұйымдастыруымен болған «Педагогикалық идеялар панарамасы» бейне-сабақтар республикалық конкурсына қатысып, 5 «Ә» сыныбына « Қазақтың ұлттық ою-өрнектері. Ою-өрнектің композициясын құру»деген тақырыпта сабақ өтіп,өз тәжірибемді республика көлеміне тараттым.
Сөзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.
Б.Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді», – дегендей, сапалы білім, саналы тәрбие берген қоғамдағы ұстаз қауымының орны ерекше екенін ұмытпай, қоғамның әр мүшесі жан-жақты қолдау көрсетуі қажет деп ойлаймын.
Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, шығармашыл, ізденімпаз стаз ғана табысты болады, нәтижеге
Қалуова Әлия Мерғалиқызы,
Алматы қаласы «№76 жалпы білім беретін мектеп»
Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
көркем еңбек пәні мұғалімі