Home » Мақалалар » Ұстаздық-ұлық қызмет

Ұстаздық-ұлық қызмет

Қалдыбаева Айнұр Отарбайқызы,
№72 Жалпы орта мектебінің
ағылшын тілі пәнінің оқытушысы

 

 

 

 «Мұғалім өн бойына,өз ісіне,шәкіртіне деген
сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол-нағыз ұстаз»
М.Н.Толстой

     Ұстаз!Осынау сөзде қанша мән-мағына жатыр десеңізші.Жер бетінде өмір сүрген барша адамзат баласы бір ғана адамға қарыздар.Ол-ұстаз!Әрбір тұлға ізгілік сепкен, жүрегіне  шуақ төккен адам жанның диқаншысын мәңгілік есіңде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне-осы,өйткені мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы-ұстаз берген білімде.Сондықтан әлемдік білім кеңістігінде теңізде жүзген балықтай еркін, еркін өмір сүруге бағыт – бағдар сілтейтін де осы мұғалім. Демек, мұғалім –мектептегі тіршіліктің қайнар бастауы. Ыбырай атамыздың «Жақсы мұғалім- мектептің жүрегі» деген ұлағатты сөзінің бір мағынасы да осы болса керек.

Бір үлкен ғұлама; «Бір елдің болашағын көргің келсе, сол елдің қазіргі жастарына қара», — деген екен. Демек, қазіргі біздің шәкірттеріміз, егемен еліміздің тұтқасын ұстайтын азаматтар. Елбасымыздың «Еліміздің болашағы –жастарымыздың қолында» деген сөзі де бізге улкен ой тастайды.Оқушыларымызға заман талабына сай тәлім — тәрбие беру — біздің міндетіміз. Өйткені, сағат сайын өзгерген талапты заманда ұстаз өн бойындағы дарынылықты жетілдіріп отыруы тиіс.ХХI-ғасыр ғылым мен техниканың, экономиканың қарыштап  дамыған ғасыры.Бұл ғасырда жоғары сапалы білімнің әрбір азамат үшін ауадай қажет екендігін уақыттың өзі көрсетіп отыр.Білім -баға жетпес байлық. Ал жас ұрпақтың өн бойында мықты білім мен ұлттық құндылықты қалыптастыратын да ұстаз. Мен – ұстазбын, мен – ұрпақты келешекке жетелеп апаратын тәрбиешімін, мен — ағартушылық қызметтің өшпес жұлдыздары – Ыбырай, Абай, Ахметтердің ізін жалғастызушы ұрпағымын. Менің алдымда отырған әрбір жас жеткіншектің ертеңгі күні адамгершілігі мол, қоғамды өркендетуге қарымы жететін азамат, терең ойлап, дұрыс іс-әрекет ететін, барлық тірі жанға сүйіспеншілікпен қарайтын рухани бай тұлға болып қалыптасуын қалаймын және қалыптастыру жолындағы жігерімді — күш-қуатымды, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсаймын. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады, — деген данышпан Абай атамыздың сөзін жадымда ұстай отырып, болашағыма жарқын жол сілтеу, аянбай еңбек ету, шәкіртімді шабыттандыру менің өмірлік ұстанымым.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.