Соңғы жылдары Еліміздің оқу саласында көптеген өзгерістер орын алды. Мемлекетіміз білім берудің жаңа жүйесін жасап, әлемнің барлық білім беру кеңістігіне енуде. Білім беру саласы жаппай жаңартылған оқу бағдарламасына енді. Педагогтардың теориясы мен оқу үрдісінде көптеген өзгерістер болып отыр. Білім беру саласына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым – қатынас, жаңа оқу жоспарына көшу, білімін толықтай жетілдіру енгізіліп отыр.
Интерактивті оқытудың нәтижелілігі жеке тұлғаны дамытуға бағытталады. Топтық жұмыс ережелерін қабылдай отырып, мақсат қоюға, қажетті оқу кеңістігінің қалыптасуына, оқушының таным белсенділігінің артуына, жаңаша оқуға дайындықтары жетіліп, өзара әрекеттесу дағдыларының дамуына оқушыға жай ғана ақпарат беріп қоймай, өздігінен жауап іздеп ынтымақтастық ұжым қалыптасуына ықпалын тигізуде. Оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін тәсілдер «интер — активті» тәсілдер деп аталып отыр.
Интерактивті әдісті қолданудың тиімділігі:
Оқушының ой-өрісін дамытып, қабілеттілігін арттырады.
Оқушы өзін-өзі меңгеруді, ізденуді үйренеді.
Интеллектуалды жеке тұлға қалыптасады.
Жеке тұлғада тапқырлық, белсенділік қалыптасады.
Педагогика ғылымында интерактивті әдістерге жататын «Дидактикалық ойындар» оқушылардың сөздік қорларын байыту мақсатында пайдаланылады. Мен өз тәжірибемде төмендегідей интерактивті әдістерді қолданамын:
Миға шабуыл әдісі.
Әр түрлі ойындар (оқушылардың ойлауын, қабілетін дарынын дамытады).
Дебат әдісі (оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып, сөйлеу дағдысын қалыптастырады, өз ойын жеткізіп қана қоймай шешімін тауып дәлелдейді).
Электронды оқулық.
Интерактивті әдістердің тиімділігін төмендегідей нәтиже көрсетті:
— ойындар оқушыларды өзін-өзі тануына түрткі болады.
— жеке тұлғалық қасиеттерін дамытады (дарыны, қабілеті);
— өзін-өзі басқара білуі, өз бетімен алдындағы мақсатқа жетуін ұйымдастырады;
— алғырлық, тапқырлық, шапшаңдық, жинақтық қасиеттерін дамытады;
— білімді тереңдетеді, толықтырады;
— сөздік қорлары баийды, ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіреді.
— өзiне деген сенiмге арттырады;
— шешендiк өнерiн жетiлдiредi;
— сыни ойлау дағдыларын дамытады;
— өз пiкiрiне деген құқығы түйсiгі артады;
— пiкiрлердiң көптiгiн түсiнеді және т.б. деп жауап береді. — Көру, есту арқылы есте сақтау қабілетін және барлық ақпараттың жадында тез сақталады әрі ұзақ уақытқа.
Жоғарыда аталғандарды «үйрене бiлу, өмірде қолдана алу” деген ұғыммен жинақтауға болады. Яғни, үйрене бiлу – қажеттi дағды, өйткенi ол интеллектуалды тәуелсiздiктiң негiзi болып табылады және барлық дамыған және дамушы елдердегi азаматтар үшiн қажет.
Екінші жағынан, құстың қос қанаты сияқты оқушының да екі сүйеніші бар:
бірі – оқи алуы болса, екіншісі – оқығысы келуі. Бірінші тірек баланың дербестігін құраса, екіншісі белсенділікті береді. Оқушыларға дайын жауаптары бар тапсырмалар бергенде, олардың танымдық белсендiлiк деңгейi жоғары болмайды.
Өз ойымды тиянақтай келе, өзара әрекеттесу үрдісінің негізгі мәні өзара тәжірибе алмасу болмақ. Өйткені, сыныптағы оқушылардың белгілі бір салада ортақ білімдері бар болғанымен, олардың тек өздері ғана білетін білімдері де бар екені айқын. Танымдық iскерлiктi қажеттi интеллектуалды дағдылар деңгейiне қарай жіктеуге болады. Тиiмдi оқыту бағдарламасы оқушыларды iскерлiкке, жауапкершілікке жетелейді.
Оқушының сауатты, өз ойын толық, дұрыс жеткізе алатын қоғамға бейім азамат болуы үшін осы аталған iскерлiктердiң барлығының болуы абзал.
Кадырова Анара Бакытбековна,
Алматы қаласы «№76 жалпы білім беретін мектеп»
Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
бастауыш сынып мұғалімі