Home » Мақалалар » Жарқын елдің шамшырағы жас маман

Жарқын елдің шамшырағы жас маман

«Жастай берген тәрбие-жас шыбықты игендей».

Ы.Алтынсарин

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев биылғы 2019 жылды жастар жылы деп жариялады. Бұл бізге яғни жастар үшін тың бастама деп ойлаймын. Жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғам өрге басатыны анық.

Заңғар жазушы М.Әуезов айтқандай: «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін — білім» десек, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы — мектеп. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім ғана — ең мықты білім, рухани ұлттың тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана — болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтушы ұрпақ. Бұл ұлттық мектептің аса маңызды міндеті деп білемін.

Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық адам бойындағы ұлы қасиет. Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен ұстаз деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс.

Елім дейтін жастары болмаған елдің болашағы қараңғы. «Ел есінде бір жыл қалғың келсе-ас бер, он жыл қалғың келсе-ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе-бала тәрбиеле» дейді халық даналығы. Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол — ұстаздық. Ия мен қазіргі таңда жас маманмын бірақ менің алар асуларым бағындырар шыңдарым әлі алда. Мен шәкірт тәрбиелеп оларды білім нәрімен сусындаттырамын.

Мен өзімді әлі еркін маманмын деп айтуға жүрексінемін, өйткені мен, еңбек жолына енді ғана қадам басып отырмын. Алар асулар мен белдер әлі алда деп білемін. Мен сүйкімді оқушылар мен оның жанұясына енген ұстазбын.

Ата-ана маған ең қымбат баласын сеніп тапсырды.Сондықтан балалардың мектеп қабырғасындағы өмірі қалай болатындығы маған байланысты, сондай-ақ ата-ананың мектепке, ұстазға деген көзқарасының қалыптасуы да маған байланысты.

Менің ойымша әрбір жас маман педагогикалық шеберліктерін дамытып үнемі ізденіс жолында болуы керек сонда ғана біз шәкірттерімізге сапалы білім береміз деп ойлаймын.

 

Қойшан Гүлім Берікқызы,
Қостанай облысы,
Амангелді ауданы, Есір ауылы
Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.