Home » Балабақша » I have got… (менде бар)

I have got… (менде бар)

Білім беру саласы: «Қатынас».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ағылшын тілі, орыс тілі, тіл дамыту.

Бөлімі: Ағылшын тілі

Сабақтың мақсаты: Отбасы тақырыбына байланысты сөздермен сөздік қорларын толықтыруды жалғастыру. «I have got…» фразасын қолданып өздерінің отбасылары жайлы сөйлем құрай білуге үйрету. Диалог құруда «I have got…» сұрағын қойып және оған дұрыс жауап беруді үйрету. Балаларға тақпақтармен ән айтқызып, олардың ағылшын тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Ойын арқылы балалардың шет тіліне деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілік: магнитофон, слайд, отбасы жайлы суреттер.

Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: I have got – менде бар, grandmother – әже, grandfather – ата, mother – ана, father – әке, sister – әпке, brother – аға, my family – менің отбасым.

Мотивациялық қозғаушы:

— Good morning, children!

— How are you, children!

— Good morning, Nazken Bekjankyzy!

— We are fine, thanks!

Well done!

 

Good morning, Good morning,

Good morning to you.

Good morning, Good morning,

We are glad to see you!

— What day is it today?

— Today is Friday.

— Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше, себебі бізге көптеген қонақтар келіп отыр.

Ұйымдастыру-іздену кезеңі: Балалар, ұйымдастырған іс-әрекетімізді бастамас бұрын алдымен тілімізге жаттығу жасап алайық, ол үшін Rex туралы ертегіні еске түсірейік.

[s-s-s-s-s] жылан

[th-th-th-th-th] маса

[dz-dz-dz-dz-dz] ара

[Q-Q-Q-Q-Q] жапалақ

[td-td-td-td-td] поезд

Well done!

Балалар слайдқа қарап дыбыстарды қайталайды.

  • Ал, балалар енді сендермен аудармашы ойынын ойнаймыз, мен қазақ тілінде немесе ағылшын тілінде айтамын – сендер маған аудармасын айтасыңдар.

Cat, dog, boy, girl, bear, fox, brown, yellow, red, blue, family.

Very good! Well done!

Сендер шаршаған шығарсыңдар, шаршаған болсаңдар сергіту сәтін жасайық.

“Glap your hands”

Ал, енді балалар “I have got…” фразасын қолданып сөйлем құрап үйренеміз.

  • I have got – менде бар.

Repeat after me.

Мысық, ит, ұл бала, қыз бала, аю, түлкі, отбасы.

I have got a cat.

Балалар сөздерді бірнеше рет қайталайды.

  • Балалар барлығымыздың отбасымыз бар, сол отбасы мүшелерін ағылшын тілінде атап өтеміз.Әже grandmother,Ана – mother,Әпке – sister.
  • Аға – brother,
  • Әке – father,
  • Ата grandfather,
  • Ok, very good!
  • Ал, енді балалар отбасы туралы ағылшын тілінен тақпақтар айтайық.Ерсайын:My mom is sweet,You well ever meet.Mommy, I love youVery good!
  • The flowers are for you!
  • Нуриддин:
  • My mom is the best mommy.
  • My mom is pretty,
  •  
  • Балалар, мен сендерге “Have you got? – сенде бар ма?”- деген сұрақ қоямын. Сендер сол сұраққа ағылшын тілінде жауап беріңдер.“Have you got? – сенде бар ма?”
  • Repeat after me!
  • Have you got a grandmother?
  • Yes, I have got a grandmother.
    • Наve you got a grandfather?
    •      Yes, I have got a grandfather.
    • Have you got a sister?
    •      Yes, I have got a sister.
    • Наve you got a brother?
    •    Yes, I have got a brother.
  • Ok, very good!

 

  • Ал, енді балалар, отбасы туралы ағылшын тіліндегі өлеңімізді айтайық.

Song Finger Family.

  • Ал, балалар, отбасымызды, туысқанымызды жақсы көретіндігімізді ағылшын тілінде айтып және мына тақтада ілулі тұрған жүрекке суреттерін жабыстырамыз.

                     Мен жақсы көремін -“I love my”

I love my grandfather.

I love my grandmother.

I love my father.

I love my mother.

I love my sister.

I love my brother.

Ok, very good!

 

Рефлекциялық кезең:

  • Балалар, бүгін біз қандай сөзбен таныстық?

“I have got…” менде бар сөзімен таныстық, яғни бүгінгі іс-әрекетіміздің тақырыбы “I have got…”. Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқандарың үшін сендерге күліп тұрған смайлик беремін.

— The lesson is over.

— Good bye, children.

— Good bye, Nazken Bekjankyzy!

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: ағылшын тілінде отбасы мүшелерін атауды, “I have got…” сұрағына жауап беруді

Түсінеді: жаңа сөздерді игереді.

Қолданады: дидактикалық ойынға қызыға қатысады.

Каралтаева Назкен Бекжанқызы

МКҚК «Айгүл» балабақшасы, тәрбиеші

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.