Home » Балабақша » Шөптегі қанқыз

Шөптегі қанқыз

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Мақсаты: Балаларға шөптегі қанқызды түсіндіру. үйкелеу арқылы сурет салуды үйретуді жалғастыру, шөпті бейнелеуде оның толық бетті қамтуын қадағалау. Саусақтар арқылы қол моторикасын дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.

Қажетті құрал-жабдықтар: Қанқыз салынған суреті бар парақтар, жасыл майлы

бояу,сулы қол сүрткіштер, су.

Қостілділік компонент: / билингвальный: қанқыз — божья коровка, шөп-трава,

гүл- цветок

Мотивациялық-қоғаушы:

Балалар, қараңыздаршы, бізге бүгін көптеген қонақтар келіпті. Олай болса, қане қонақтармен сәлемдесіп алайық.

Сәлеметсіздер ме!

Ал, балалар, енді шаттық шеңберін жасап алайық

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

Жарайсыңдар!

Ұйымдастырушылық-ізденушілік:

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

— Көктем мезгілі

-Көктем мезгілінде күн қандай болады?

Көктемде қар ериді,күн жылынады,ағаштар бүршік жарады, көк шығады, жаңбыр жауады, құстар ұшып келеді.

Дұрыс айтасыңдар.

Тыңдаңдаршы, есікті біреу қаққандай, кім болды екен?

Бізге хат келіпті, балалар, қазір ашып көрейін.

Балалар, бізді Қанқызы орманға шақырып жатыр екен.

Ал, балалар сендер менімен бірге орманға саяхатқа барғыларың келе ме?

-Иә.

-Жарайсыңдар!

— Орманға саяхатқа барғанда сақ болып жүреміз, өйткені бұл орманда жәндіктер мен жануарлар болады..

Сондықтан да балалар өте абай болып,бір-бірімізді

итермей, бір-бірімізге жол беріп, сақ болып жүреміз.

-Жарай ма, балаларым,орманда жүргенде қатты айқайлап, шуламаймыз жарай ма балалар?

Орманның арасымен жүріп келеміз.

Кәне,балалар бері қарай

келіңдер,сақ болыңдар,

біріңді -бірің итеріп қалмаңдар.

-Балалар, қараңдаршы мынау гүлдің ішінде бірдеңе жыбыр еткендей, ашып қарайықшы

(Сол кезде қанқызы шығады)

Қанқызы: Сәлеметсіздер ме! Менің сөзімді жерге тастамай келгендеріңе рахмет. Мен сендерді шақырған Қанқызымын. Менің орманым сендерге ұнады ма?

Жол бойында нені көрдіңдер?

-Қандай жәндік?

Қанқызы.

Тәрбиеші: Иә, бұл өте әдемі жәндік. Ол гүлді өте жақсы көреді. Қанқызы ол далада, орманда мекендейді, ұшып жүреді. Қанқызы гүлдің иісін жақсы көреді.-Жарайсыңдар, өте дұрыс. –Ия, қанқызы ол көбіне гүлдердің арасында мекендейді.

Қанқызы: Иә, мен гүлді, шөптерді жақсы көремін. Балалар, мен сендерге бір тапсырма бергім кеп  тұр. Сендер орындайсыңдар ма?

Балалар: Иә.

Қанқызы: Олай болса, мен сендерге мына жерде, сурет дайындап қойдым, бірақ бұл жерде сурет бітпей қалған, соны сіздер салып көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: балалар, қане біз қанқызына көмек берейік

(балалар суретті майлы жасыл бояумен, саусақты үйкей отырып шөпті салады.)

Тәрбиеші: Керемет, балалар, біз қанқызының тапсырмасын орындадық. Қанқызы біздің балалардың жұмысы ұнады ма?

Қанқызы: әрине, ұнады. Өте тамаша балалар екен.

Енді, менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ал сіздер ше?

Балалар: Иә, ойнаймыз

«Гүлге қондыр» дидактикалық ойын:

Шарты: әр түрлі гүлдерге қанқызын орналастыру керек.

Қанқызы: ой, неткен тамаша балалар, сендермен ойын ойнап жақсы болып қалдым. Бірақ кеш болып кетпей, сіздер топтарыңа оралыңдар. Орманда көп бөгелуге болмайды. Мында түрлі аңдар бар. Сол себепті ертерек топтарыңа жетіп алыңыздар. Менің тапсырмамды жақсы орындағандарың үшін сіздерге сыйлығым бар.

Тәрбиеші: Қанқызы дұрыс айтады, біз ертерек тобымызға оралайық

Қанқызы сізге рахмет, біздерге тамаша көңіл-күй сыйладыңыз. Сау болып тұрыңыз.

Балалар: Сау болыңыз!

Қанқызы: сау болыңдар, балалар!

(балалар топқа оралады)

Рефлекциялық түзетушілік:

Балалар, бүгін біз саяхатқа қайда бардық?

-Сендерге ұнады ма?

-Саяхатқа барғанда нені кездестірдіңдер?

— Қанқыз қандай болады?

Олай болса, біз бүгінгі оқу қызметін түсінгенімізді ойын арқылы көрсетейік.

Ойын: «Қанқызын әсемдеу»

Шарты: қанқызының қара дақтарын орналастырып әсемдеу.

Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңыздар.

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады : саусақтар арқылы жұмыс жасауды.

Түсінеді: қанқыздың түсі қызыл, қара дақтары болатындығын.

          Қолданады: сүйкей жағу арқылы шөптердің суретін салуды

Тілеулесова Албина Жамаладинқызы

Қызылорда облысы, Арал қаласы

 «Алтын балық» бөбекжайының

тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.