Жаңаарқа аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен наурыз айында аудан мектептері арасында оқушылар мен жетекші мұғалімдердің «ЭКСПО дүниежүзілік көрмесі және Қазақстан» атты тақырыпта қол өнер шеберлерінің байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты: – білімділік 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихымен таныстыра отырып, 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесінің біздің еліміз үшін қажеттілігі мен маңыздылығы туралы білім қалыптастыру, дамытушылық – отанымызда ЭКСПО – 2017 көрмесін өткізу үшін жүргізіліп жатқан шараларға өз ой-пікірін білдіру қабілетін дамыту, тәрбиелік – Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту, көркем шығармашылыққа баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды, салт дәстүрді дамытуға бағыттау,заман ағымына сай жаңа технологияны меңгеру, өнертапқыштыққа талпындыру. Экспо атауы өзінің аты айтып тұрған, «экспонат» деген сөзден шыққан, қазақша баламасы – жәдігер. Дүние жүзі халықтарының өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін көрсететін алаң. Шығармашылығын шыңдап, тың идеяларды қолдауға бағытталған шараға қатысушы өнертапқыштар бір-бірімен іс-тәжірибе алмасып, ой-қиялдарының жемісін көпшілікке ұсынуға мүмкіндік алды. Жас та болса жауапкершілікті сезінетін оқушылардың көздегені қазақстанда тиімді әрі үнемді жобаларды іске асыру мақсатында 700 ге жуық әр бағыттағы бұйымдарды әзірлеген мектеп шәкірттері өз сызбаларымен нобайларын көрермендер мен сарапшылардың алдына ұсынды. Онда «Әуе кемесі», «Теңіз кемесі», «Шебер қолдар» секциялары бойынша қағаздан, ағаштан, пластмассадан, қалытқыдан және басқа да заттардан жасаған бұйымдарын көрмеге қойып, қандай мақсатта жасағандарын айтып, түсіндірді. О.Жұмабеков атындағы оқушылар қос қабатты коттедж үйге электр қуатын жел және жауын суы арқылы пайдаланудың әсерлі макетін, ұялы телефонмен басқарылатын қоқыс тазалаушы машина ұсынса, Көктал орта мектебі ағаш ою, Атасу орта мектебі қайыс өрумен, Ынталы орта мектебі мүйізден №132 мектеп сүйектен түрлі бұйым жасаудан, О.Жұмабеков, Манадыр, О.Әлібаев мектептері моншақпен тоқу өнерінен, Қызылжар мектебі ертоқым шабудан, Ақтайлақ жалпы негізгі білім беретін мектебі күн мен желден қуат алатын құрылғыларды ойлап тауып көрермендерді таң қалдырды. Сонымен қатар пластмасса баклажкасын әр түрлі бағытта пайдалану барысында шаң сорғыш, тікұшақ бұйымдарын іске қосып көптеген мүмкіндіктер бар екенін дәлелдеді.
Екі күнге созылған байқаудың бірінші күнінде оқушылардың жеке жұмыстары сарапқа түссе, екінші күні жетекші мұғалімдердің өз шығармашылық жұмыстары қорғалып үздіктері сарапшылар қорытындысы бойынша анықталды.
Байқауға қазылық еткен аудандық әділет басқармасының бас маманы Д.Батталова, Нұр Отан партиясы аудандық филиалының кеңесшісі А.Тажитов, аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры М.Сердалинова, кәсіпкер зергер Б.Қайранбеков және қазылар алқасының төрағасы аудандық білім бөлімінің әдіскері Б.Мергенбаев қазылық жасап, оқушылар мен жетекші мұғалімдердің еңбектерін бағалап аудандық білім бөлімінің мақтау грамотасын табыстады және командалық орындарды да анықтап ІІІ орынға Қызылжар, Түгіскен, О.Әлібаев; ІІ орынға № 132,Атасу; І орынға О.Жұмабеков, Б.Амалбеков мектептері лайық деп танылып, мақтау грамотасымен және силықпен марапатталып,бас жүлдені жеңіп алған Ақтайлақ жалпы орта негізгі мектебі ауыспалы кубокпен және білім бөлімінің марапатталды.
Бауыржан Мергенбаев
Қарағанды облысы, Жаңаарқа аудандық білім бөлімінің әдіскері