Home » Эссе » «EXPO-2017» көрмесі туралы естелік

«EXPO-2017» көрмесі туралы естелік

Мен жазғы демалысымда Астана қаласына, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне бардым. Көрмеде «Болашақ энергияны сақтау технологиясы» жайында көрсетілген жер жүзінен келген халықтардың жасыл энергияны дамыту жолдарының схемаларын көрдім. Көрмеге дүние жүзінің түпкір-түпкірінен келген туристер қатысып, тамашалады.

EXPO-2017-нің мақсаты-жанармалы энергия көздерін пайдалануда және энергиялық ресурстарды тиімді тұтынуды ынталандыру, өзге елдермен достық қатынастарымызды нығайту. Қоршаған ортаға келер зиянды төмендету. EXPO-да қатысқан халықаралық ұйымдар өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетті. Көрменің тақырыбы «Болашақ энергиясы» көпшіліктің қызығушылықтарын тудырды. Көрмеде әрбір мемлекеттің павильондарын көріп шықтық. Қатысушы мемлекеттер өздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен таныстырды. Қатысқан мемлекеттер өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Біздің Қазақстанның шар формалы «Нұр Әлем» павильоны ерекше алыстан көз тартып тұрды. Онда біздің еліміздің алдыға қойған жаңа жобалары, жаңалықтары көп болды. «Нұр Әлем» павильоны сегіз қабаттан тұрады. Бірінші қабатында Қазақстанның тарихы, мәдениеті, салты көрсетілген және ол жерде «Болашақ музей» көрмесі бар.        Ал екінші қабаты су энергиясына арналған. Сфераның үшінші қабаты кинетикалық энергия тақырыбына бағытталған жәнеде төртінші мен сегізінші қабаттар аралығында отыз жылдан кейін Қазақстанымыздың болашағы көрсетілген. Қабаттардың бірінде жылу беретін «ядролық реактор» орналасқан. Жоғары қабатында шыны көпір жасалған.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа жолдауларының бірінде, елімізде алдыңғы қатарлы технологиясы мен инновациялық өндіріс саласын дамыту керек екендігін атап өткен болатын. Сонымен қатар Елбасымыз біздің еліміздегі мұнай мен газ қорының шектеулі, сондықтан бізден кейінгі ұрпағымыздың ертеңгі күні энерго тапшылық мәселесіне шалдықпас үшін, «болашақтың энергиясын» дамытуымыз қажет екендігін ерекше айтып өткен болатын. EXPO-дан алған әсерім өте зор болды.

Болатова Сабина,
№59 ЖББОМ 9 «а» сынып оқушысы,
Қарағанды қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.