Экспо бұл – тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның
халықаралық сахнадағы ең үлкен жетістігі!
Н.Назарбаев
Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным –тәуелсіз Қазақстан. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші? Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалады. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдардағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардығы аштық, отызыншы жылдардығы тоталитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз, айыптамаймыз да. Себебі, бұл – тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді».
Қазақ елі тәуелсіздігін алғалы бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Сондай іс-шаралардың бірі – «Expo-2017» көрмесі. Қазақстан көрмеге белсенді экспонент ретінде екі мың бесінші жылдан бері қатысты. Онда жүзден астам ел болды. Көрменің негізгі әрекет етуші «тұлғалары» айналаны тазалаумен айналысқан, келушілерге ақпарат берген және балалармен ойнаған сансыз роботтар болған. Ал екі мың сегізінші жылы Испания «Су және тұрақты даму» ұранымен болған бүкіләлемдік көрмені қабылдады. Үш ай ішінде бәрінің назары су тақырыбында болды. Көрменің қорытындысы бойынша, Қазақстанның павильоны сыртқы және ішкі безендіру бойынша үшінші орын – қола жүлдеге лайық болды. Қазақстан Республикасының Президенті осы Сарагостадағы Expo-2008 халықаралық көрмесіне жасаған сапары кезінде мұндай шараны Астана қаласында өткізуге болатынын айтқан еді.
Содан кейінгі көрмелерде Қазақстанның жетістіктері арта берді. Екі мың оныншы жылы Қытайдың Шанхай қаласында өткен көрмеге, екі мың он екінші жылы Оңтүстік Кореяның Ёсу қаласында өткен дүниежүзілік көрмесінде, екі мың бесінші жылы Милан, яғни Италия астанасында өткен халықаралық көрмеде өзінің қандай беделді, қуаты тасыған мемлекет екенін дәлелдеді.
Ендігі кезек, міне, Қазақстанға, бізге де келіп жетті. Халықаралық «Expo-2017» көрмесі – Қазақстанның астанасы Астана қаласында өтеді деп жоспарланды. Бұл көрмені біздің елде өту мүмкіндігіне біз тез арада қол жеткізгеніміз жоқ. Елбасымыз екі мың екінші жылы Франция қаласы Парижде өткен Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 152-ші сессиясында әлемнің алпыс бір мемлекеті жасырын дауыс беру арқылы «Expo-2017» көрмесін өткізетін мемлекет анықталды. Бұл кезде Қазақстанмен қатар Бельгия қаласы Льежде таласқа түскен болатын. Жасырын дауыс беру арқылы Қазақстан жеңіске жетті. Ондағы Халықаралық көрмелер бюросының жүз үш қатысушысы – Астананы қолдап, қырық төрт мемлекет қарсы дауыс берген. Осылай, Астана Льеж қаласын басым айқындылықпен жеңді.
Елбасымыз бұл күнді «тарихи күн» деп атады. Астанаға бұйырған ЭКСПО халықаралық көрмесі екі мың он жетінші жылдың оныншы маусымынан оныншы қыркүйегіне дейін созылады. Қазіргі уақытта, жүз үш ел мен он жеті халықаралық ұйым өздерінің қатысатындықтарын растады. Тоқсан сегіз секцияның комиссарлары тағайындалды. Халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, елдермен сексен екі қатысу шарттарына қол қойылды және алпыс бір мемлекет ұлттық күндерін белгілеп қойды.
Рас, «ЭКСПО»-ны өткізу үшін ел бюджетіне біраз шығын шығаруға тура келмек. Ал «ЭКСПО» Қазақстанға қандай пайда алып келмек? Біріншіден, әлемнің осыншама елінің Қазақстанды «ең лайықты» деп тануының өзі өте маңызды. Екіншіден, жүзден астам ел Қазақстанға өз павильондарын салу үшін келеді.
«Expo-2017» көрмесі – Астанада өткізіледі. Оның тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады. Бұл тақырыпты ұсынуының себебі, ең алдымен баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергиядағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталғандығы болып табылады. Екіншіден, бүкіл күллі әлемде энергия тапшылығы байқалып отырғандығы белгілі. Әлем елдері энергияны үнемдеу, күн, желден, баламалы энергия көздерін алуға көше басатайды.
Иә, кезінде Парижге – Эйфель мұнарасын, Лондонға – Хрусталь сарайын сыйлаған, ал Венаға әлемдегі ең үлкен мұнара тұрғызған дүниежүзілік көрме Астананың абыройын, тағы бір мәрте көк жалауын көкке көтеріп, желбірететін болды.
Тәуелсіздік тарихы қазақ елінің алтын әрпімен жазылатын дастан болмақ. Қазақстанның жетістіктері мен жеңістері ел тұрғындарының өлшеусіз еңбегінің арқасы. Ал ЭКСПО көрмесі – белестеріміздің тағы бір елімізді биікке көтеретініне сеніміміз мол.
Зейнегуль Туякова
Жамбыл облысы, Меркі ауданы,
№4 Тілеміс батыр орта мектебі,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі