Home » Мақалалар » Жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда ата-аналармен жүргізілген түзету – дамыту жұмыстары

Жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда ата-аналармен жүргізілген түзету – дамыту жұмыстары

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының әр ата-анамен күнделікті қарым-қатынасы арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.

Осы мәселелерді басшылыққа ала отырып, ата-аналармен түзету-дамыту бағыты бойынша жұмыс жүргізілді. «Бала үйінде көргенін істейді, ата-анасы – оған үлгі» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Біз отбасылық тәрбиені ұйымдастыруымыз керек және ұйымдастыратын бастау – мемлекеттік тәрбиелеудің өкілі ретінде мектеп болуы керек. Ата-ана мен бала тәрбиесіне терең үңілу мақсатында «Баланы ата-ана тәрбиелейді. Ата-ананы кім тәрбиелейді?» тренингі өткізілді. Ең қиыны, ғаламтордағы ақпараттық ағымның өрбіген заманында ата-ананың баласына қолдау көрсете отырып, ұрпағының болашағына бейжай қарамайтындығын аңғарту.

Ең алдымен өзін-өзі басқара алатын адам ғана, ең жақсы қамқоршы бола алады, соны есте сақтаған жөн. Ерік-жігері және өзін-өзі бақылауы жақсы дамыған тұлға ғана табысқа жете алады. Осы қасиетті дамыту арқылы, ата-ана жаңа форматқа тез бейімделіп, осы кезеңнен нәтижелі өте алады. Осы жерде өзін-өзі реттеуші, ішкі тәсілінің дамуына жаттығу ұсынайық.

«Сиқырлану» жаттығуы Бұл жаттығу тренингтің басталуынан 10-15 минут уақыт бұрын орындалады. Креслода немесе орындықта ыңғайлы отыру. Жеке нұсқау беру, көңілді дененің бір жеріне және басқа бөлігіне назарды ретпен шоғырландыру және соның жылылығын сезіну. Мысалы: нұсқау бойынша – «Дене» — денеге шоғырландырыңыз. «Қол» нұсқауы бойынша – оң қолға, «білезік (қолдық)» — оң қолдың біреуі, «саусақ» — оң қолдық сұқ саусағының ұшында. Осылай ауысу арқылы жағымды қалыпты табу.

Ассоциация жаттығуы: «Менің міндетім» жаттығуы. Нұсқау: Бір парақты бес сызыққа бөлеміз. Бірінші сызыққа 16-ассоциациялық сөз «Менің міндетім» тақырыбына. Екінші сызыққа сол сөздерді топтастыра отырып, 8-ассоциациялық сөз  қалдыру.Үшінші қатарға тағы сөздерді біріктіре отырып 4- ассоциациялық сөзге әкелу. Екінші қатарға 2-сөзге, соңғы қатарға бір сөзге әкелу болып табылады.

«Кешірім» медитациясы босаңсу жаттығуы «Бүгінгі әсер» не алдыңыз? Балаңыздың болашағына қолдау көрсете отырып, жаңартылған білім беру кезеңінде жан-жақты ізденіп, балаңызды түсіну арқылы – өзіңіздің ертеңіңізге сенімді бола аласыз деген тұжырымға келдік.

Тренинг нәтижесінде, ата-ананың жаңа форматтағы білім беруге бейімделуіне қолдау көрсетілгендігін сабақ барысындағы оқушылардың сенімділігінен көрініс беріп отыр. Қорытындылай  келе,  жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету мақсатында жүргізілген психокоррекциялық жұмыстар өз нәтижесін беруде. Ата-ана мен бала арасындағы байланыс жаңа сатыға көтерілген. Тәжірибелі ұстаздар мен ата-аналар арасында үздіксіз мәлімет алмаса отырып, өзара тығыз байланысқа түсуде. Дегенмен де, ата-аналар қауымының жаңартылған білім беру бағдарламасын қабылдау кезеңдерінде жүргізілген психологиялық қолдау әлі де өз мәресіне жете қойған жоқ. Яғни, ата-аналарға алдағы уақытта да түзету-дамыту бағытында қолдау қажеттігі туындап отыр.

 

Есеркепова Гульфия Қалибекқызы,
Алматы қаласы «№76 жалпы білім беретін мектеп»
Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
педагог-психологы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.