Home » Мақалалар » “English language — is a world language” атты Ағылшын тілі апталығының өтілуі туралы анықтама

“English language — is a world language” атты Ағылшын тілі апталығының өтілуі туралы анықтама

2019 жылы 14-19 қаңтар аралығында ағылшын тілі бірлестігінің апталығы өтті. Еліміздің болашақ бағдарының оң болуы үшін Елбасымыздың “Үш тілде білім беру”, “Шет тілдерін білуге” ерекше көңіл бөлуді ұсынды.Осы бағдар бойынша апталық басталды.

Апталықтың мақсаты: Оқушылардың ағылшын тілін мемлекеттік білім беру стандарты бойынша меңгергендігін бақылау, олардың қабілеті мен тілін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, шет тілін құрметтеуге үйрету, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдылау.

14.01. күні апталықтың салтанатты ашылуын өткіздік. Апталық ашылу рәсімі кезінде оқушылар апталықтың мақсатымен, шарттарымен танысты. Апталықтың ашылу салтанатты үш тілде жүргізілді. Ашылу салтанатында 7-8-9 сынып оқушылары белсенділік танытты.Оқушылар өздерінің ағылшын тілін қалай жақсы көретіндігін дәлелдеп, өз өнерлерін көрсетті.Оқушылар ағылшынша әндерін, таппақтарын, жұмбақтарын, жаңылтпаштарын, мақал-мәтелдерін айтып біздерді қуантты. Апталықтың ашылу барысында ағылшын тілі пәні ӘБ мүшелері “English languagi-is a world languagе” тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге мұғалімдердің ашық сабақтары, жетістіктері, Ұлы Британияның әртүрлі суреттері қойылды, және оқушылардың тақырыпқа байланысты салған суреттері ілінді.

14.01.2019 жылы ағылшын тілі пәні мұғалімі Ұ. Сүлейменова 2 «ә» сыныбын «Our body» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім өз ісінің шебері әр түрлі көрнекіліктерден, суретен, слайдтардан көрсетіп, видороликтерден әуен, ән тыңдатып сергіту сәтін өткізді. Оқушылардың бәрін сабаққа тартты.Сабаққа пән мұғалімдері қатысып тәжірбие алмасты.

15.01.2019 ж күні 1 «Е» сыныбымен пән мұғалімі жас маман Ж.Түймебай «Hats and masks» тақырыбында ашық сабақ өтті. Жас маман болғандықтан сабақта көп кемшіліктер жіберді, көрнекіліктер тиімді пайдаланылмады.Сабаққа қатысқан мұғалімдер талқылып, ұсыныс-пікірлерін айтты.

15.01.2019 күні ағылшын пәнінің мұғалімі М .Кішібаева апайымыз 4’г’сыныбына ‘The Interesting building’тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақта слайд арқылы әр түрлі суреттер көрсетілді, видороликтер қойылып, сергіту сәті орындалды. Жаңа сөздерді ойын арқылы қайталатты. Сабаққа оқушылыр белсене қатысты, оқушылар өздерін бағалады.

16.01.2019ж күні 10 сыныптар арасында «Educated Youth and clever children» атты ашық тәрбие сайыс сабағын өткізді. Бұл М.Мұсабаева атты ізденімпаз мұғаліміміз өзі жас маман. Сайыс 7 турдан тұрды. Сұрақтарға жауап беру өз ойларын жеткізу, 2 топта өздерін таныстыру өнерлерін көрсету, математикамен байланыстырып логикалық сұрақтарға жауап беру, сайыста оқушылардың жылдамдығын, ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыра білді. Сайыста жеңімпаз топ марапатталды.Тәрбие сайыс сабағы өте тамаша өз дәрежесінде өтті.

16.01.2016ж күні 1 «в» сыныбына М.Мұсабаева апайымыз «Where is it?» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғаліміміз жас өспірімдерді сурет арқылы ұшақ пен автобус деп топқа бөлді. Сабақта қалыптастырушы бағалауға “Worksheets alphabet”парақшалар берілді олар әріпті бояп, атын атады. Предлогтарды өтті жаңа сабақта слайд пен өтіп, көрнекіліктер қолданды, қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын ұсынды.Сергіту сәтіне билетті “head, shoulders, knees and toys”.Оқушыларды қызықтыру үшін жұмсақ ойыншықтарды қолданды, жауап берген топ оқушыларына конфеттер беріп отырды. Видеороликтер қолданды, тыңдалым бойынша бейнеролик пен слайдта «тышқан қайда тұр?» деп сұрақ – жауап алынды.Оқылым бойынша А,В,С,В,Д…әріптерін қайталап оқып шықты.Жазылымға жеке парақшалардағы сәйкестендіру тапсырмасы бойынша орындалды.Соңында жеңген топты  шарлар мен марапаттады.Ұстаздар да қатысты. Рефлексияға “Humburger” әдісін қолданды онда оқушылар түстерді пайдаланып, рефлексия жазды. Кері байланысқа “Feedback smiles” көңіл күй смайликтері қолданылды.

16.01.2019ж күні 3« А» сыныбына Г. Уристемова апайымыз «Daily and free time activities» тақырыбында ашық сабақ өтті. Бұл мұғаліміміз жас болса да өте шебер білікті маман. Сабақты жаңартылған бағдарламаға негізделген түрде өтті. Сабақта АКТ пайдаланылды, көптеген тапсырмалар арқылы оқушыларды қызықтыра білді, сабақ жоғарғы деңгейде өтті. Сабаққа қатысқан ұстаздар өз ризашылықтарын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Сабақ барысы суретке түсірілді.

17.01.2019ж күні пән мұғалімі Ж.Нусерова 6 «ә» сыныбына «Сountable and uncountable» тақырыбында ашық сабақ өтілді. Оқушыларды топқа бөліп, слайд арқылы түрлі суреттер, видеороликтер көрсетіліп, сергіту сәті орындалып оқушылар сабаққа белсене қатысты.Сабақта қалыптастырушы бағалау тапсырмалары болды. Оқушылар өзін-өздері бағалады. Көптеген пән мұғалімдері қатысып кері байланыс берді, тәжірибе алмасты.

Сондай – ақ 17.01.2019ж күні 10 «ә» сыныбы мен А.Ратов ағайымыз «Star sings» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта АКТ пайдаланылды, оқушылар белсенді қатысты. Көптеген деңгейлік тапсырмалар берді, көрнекіліктер талапқа сай болды. Сабаққа кірген мұғалімдер сабақты «жақсы» деп бағалады.

Сол күні  8 «Б» сыныбы мен Көрпелиева Тұрсынай апайы апайымыз « Character and plot» тақырыбында ашық сабақ өтілді.Сабақ жаңартылған бағдарлама негізінде өтілді, оқушылар топтық, жұптық тапсырмалар орындалды. Ноутбуктен видеороликтер қойылып, СД тыңдап тыңдалым болды, қалыптастырушы тапсырмалар орындады. Оқушылар сабаққа белсене қатысты, жұмылдыра алды.Сабақ өз дәрежесінде өтілді. Сабаққа кірген мұғалімдер өз пікірлерін айтып тәжірибе алмасты.

18.01.2019ж күні 5 «А» сынбына пән мұғалімі Ж.Дакенова апайымыз « Music 2» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ жаңартылған бағдарлама негізінде өтілді, оқушылар сабақта топтық, жұптық, жеке тапсырмалар орындады. Сабақта айтылым, оқылым, тыңдалым болды.Оқушылар әр тілде сәлемдесіп, жылы атмосфера құрды. АКТ пайдалану арқылы түрлі тапсырмалар орындалып, сергіту сәтінде оқушылар мен апайлар да қосылып «Finger exercise» жаттығуын  орындады. Сабақ көңілді өтті. Оқушылар өздерін бағалай білді. Сабақтың соңында сабаққа талдау жасалды. Сабақ өз деңгейінде өтілді.

Сол күні 18.01.2018ж күні  5«В» сыныбы мен С.Түркпенчаева апайымыз «Art» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта жаңа технологиялық әдіс-тәсілдер қолданылды.Сабақ слайд арқылы өтілді. Онда тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым да болды.Оқушыларға микрафон арқылы кезбе журналист әдісі мен үй тапсырмасы сұралып, бағаланды. Сергіту сәтіне әр түрлі табиғат өнімдерін ұстап сезіну арқылы орындады. Сабаққа мұғалімдер өз пікірін айтып талдау жасады.Сабақ өз деңгейінде өтілді.

18.01.2019ж күні екі кезең аралықта «Do you speak English?» атты іс-шара өткізілді. Онда смайликтер артына әртүрлі сұрақтар берілген болатын, сол бойынша жауап бергендер дәмнен, тәттәлерден сыйлық алды.Оқушылар мен мұғалімдер қызыға ат салысты. Мақсатымыз олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру болатын. Ұстаздар мен оқушылар дән риза. Бұл іс-шараны өткізуге ӘБ мүшелері белсене қатысты.

19.01.2019ж күні апталықтың жабылуы мектебіміздің АКТ залында концерттік бағдарламамен жабылды. ӘБ мүшелерінің ұйымдастыруымен өтілді. Апталықтың жабылу салтанатында оқушылар тағы да өздерінің өнерлерін ағылшын тіліне деген қызығушылықтарының үстем екенін дәлелдеді. Апталыққа белсене қатысқан оқушылар марапатталды және сыйлықтар берілді.Апталықтан жақсы әсер алып, белсенділіктері артып, пәнге деген қызығушылықтары артты. Мектеп әкімшіліктері тарапын алғыс білдірілді. Барлық ӘБ мүшелері сыныптан тыс сабақтар, ашық сабақтар өткізіп, барлығы  бейнежазбаға жазылып, фотосуретке түсірілді.

 

Дакенова Жанара Кунтугановна,

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Атамекен ауылы
№68 «Жібек жолы» жалпы орта мектебі коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі пәнінің ұстазы ӘБ жетекшісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.