Home » Мақалалар » Музыка -халықтың рухани қазынасы

Музыка -халықтың рухани қазынасы

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиенің маңызды құрамының бірі музыка өнері. Музыка адам жанын баурап, ақыл-ой,сана-сезімінің кеңейіп, жақсы мінез құлықтарының қалыптасуына әсерін тигізеді. Музыка тәрбиесі жастарға өнер құндылықтарын үйрете отырып,олардың бойына адамгершілік, мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады. Ұлттық тәрбиеміздің көзі фольклорымызда. Атап айтсақ, тарихи әуендер, эпикалық жырлар, ұрмыс-салт жырлары, лирикалық әндер, музыкалық аспаптар — домбыра, сазсырнай, жетіген, дауылпаз, шертер, осы фольклорымызбен ұлттық болмысымызды қалыптастырамыз.

Халқымыздың білгір сазгері, академик Ахмет Жұбанов музыка жайлы: «Қазақ халқының талантты күйшілерінің күйлерінде құлаққа әрең естілетін шөптің сыбдыры, кең далада келе жатқан жалғыз жолаушының әні, аспанда қалықтап жүрген қайсар бүркіттің қанатының суылы бар» — деп, ерекше тебірене жазғаны бар.

Мектепте тәрбие іс-шараларын ұйымдастырып өткізуде музыка пәні мұғалімінің жауапкершілігі зор. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, Елбасымыз айтқандай «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып,қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек», — деп атап көрсеткендей, оқушыларға ұлттық салт-дәстүрімізді, әндерімізді, күйлерімізді үйретудемін. Мектебімізде өнерлі, талантты, дарынды оқушылар көп. Мысалы, 5«Б»сынып оқушысы Жақып Сымбат Беларуссияда 2019 жылы өткен Халықаралық балалар шығармашылығы фестивалына қатысып «Вокал» жанры бойынша I орын лауреат атағын алып келді. «Өнерпаз болсаң арқалан» атты республикалық конкурсқа барып 5 «Ә» сыныбының вокалды тобы бас жүлде иеленіп келді.

1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында, «Қазақтың 100 әні» бағдарламасы аясында қазақтың ұмыт қалған халық әндері, халық композиторларының әндерін оқушыларға үйретіп, орындатып үлкен іс-шара өткіздік. Оқушылар белсене атсалысып, әндерді нақышына келтіре орындап шықты.

Бүгінгі жаһандану кезінде жас ұрпақты жаны таза, рухани биік, адамгершілігі мол тұлға ретінде қалыптастыруда ұлттық құндылықтарымыздың мағызы ерекше.

 

 

Дүкенбаева Қанымжан Тойғанбаевна,
Алматы қаласы «№76 жалпы білім беретін мектеп» Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
музыка пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.