Home » Мақалалар » CLIL әдісі: арнайы пәндерді ағылшын тілімен пәндік-тілдік кіріктіре оқыту

CLIL әдісі: арнайы пәндерді ағылшын тілімен пәндік-тілдік кіріктіре оқыту

ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауында: «Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынды. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс екендігін атап өтті. Яғни – қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» деген салиқалы үндеуінде айтқандай, әлемдік кеңістікке енуде ағылшын тілінің маңызы зор екендігін айтты.

Бүгінгі таңда ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілікпен қатар, көпмәдениеттілік те жаһандық білім беру қауымдастығының тануынша білім беру саласының негізгі құзыретті әрі жаһандық білім кеңістігін қалыптастырудағы басты бағыттарының бірі болып саналады. 90 жылдары Еуропада көптілді дамыту саясатының аясында CLIL әдісі әзірленген. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың рөлі үнемі артып келеді. Негізгі құзыреттілігін қалыптастыруға CLIL әдісімен (ContentLanguage Integrated Learning) өткізілген ағылшын тілінде оқыту ықпал етеді. Бұл әдіспен оқытудың ерекшелігі, мұнда түрлі оқыту жағдайларда сабақ және оқу мақсаттарының берілген кезеңіне тиісті тілді пайдаланып, сабақты өткізу екі тілде (отандық және шетелдік) жүзеге асырылады.

 

   CLIL әдісінің негізгі мақсаты: – оқытушының сөйлесуін азайтып, керісінше студенттердің бір бірімен сөйлесу дағдысын қалыптастыру.

 

Content (мазмұны) – бұл ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыратын пәндік аймақтағы білім, іскерлік, дағды, яғни, өздігінен іздеу, талдау, таңдау, өңдеу және қажетті ақпаратты жіберу қабілеті мен іскерлігі;

Сommunication (байланыс) –сабақта шетел тіліне үйренуге емес, шетел тілі білімін қосымша қолдануды ұсынатын тілде оқыту, осылайша, студенттер шетел тілін оқу кезінде қолданады, сондай –ақ, оны қалай пайдалану керектігін үйренеді. Бұл аспект коммуникативті құзырлықтарды қалыптастырады, себебі тыңдай білу, сұрақтар қоя білу және оларға нақты жауаптар құрастыру, қарастырылатын мәселелерді мұқият  тыңдау және белсенді талқылау, серіктесінің пікірін түсіну және оларға сыни баға беру жеке тілдік қатынас қабілетін дамытады;

Соgnition (таным) – танымдық және ойлау дағдыларын дамытуды жүзеге асырады және бір немесі бірнеше оқу салаларында студенттердің жақсы даярлығын қамтамасыз ететін білім беру құзыретін өалыптастыруға ықпал етеді.

Сulture(мәдениет) – мәдениет тілін меңгеруді қамтамасыз ететін, әлемді тану жолдарымен, өзін  мәдениет бөлшегі ретінде ұсынумен, балама мәдениетті ұғыну және қабылдаумен жалпы мәдени құзыреттілігін дамыту аспектісі болып табылады.

Осылайша, CLIL әдісі бойынша ағылшын тілінде жүргізу метапәндік байланыстарды қамтамасыз етеді және жаңа білім беру стандарты принциптерін дамытуда практикалық нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді, атап айтсақ, мәдени хабардарлығын, интернационализациялау, тілдік құзыретін дамытады, тек оқуға ғана даярлығын емес, сонымен қатар жаңа білімін өмірде қолдана білуге және сәйкесінше өмірлік дәлелдемесін көтеруге, табысқа мақсатталған, сайып келгенде, басты мақсатқа қол жеткізуге – болашақ түлектердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға,  олардың ұтқырлығы мен тез өзгеретін өмірлік жағдайларға бейімделу қабілетін арттыруға әкеледі.

Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту – білім сапасын көтеру құралы.  Қазіргі ғылым мен техника дамыған қоғамда білім беру жүйесінде кәсіби құзыреттілігі дамыған, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етіп отыр. Білікті де білімді маман болу үшін әр ұстаз өз білімін үздіксіз жетілдіріп, заман талабына сәйкес кәсіби біліктілігін үнемі үздіксіз жетілдіріп отыруы тиіс. Педагог оқытудың жаңа әдістерін барынша жетік меңгеріп, неғұрлым шығармашылығы жоғары болса, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі соғұрлым кең болмақ. Қазіргі заманауи талапқа сәйкес өзіндік көзқарасы бар жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру оқытушылар үшін маңызды мәселе болып отыр.

Осы мақсатта болашақ мамандарды заман талабына сай даярлауда оқыту үдерісінде пәндік – кіріктіру қажеттілігі туындап тұр. Яғни, CLIL технологиясы – бұл мәселені шешудің негізгі тәсілдерінің бірі.

Мен өз сабағымда  CLIL технологиясын пайдалана отырып сабақ өтіп келемін.

 

                              «Байланыс желісінің қондырғылары» пәні         

Сабақтың тақырыбы: Байланыс жолдарының сенімділігі. Ақырғы кәбілдік қондырғылар.      Коаксиалдық кәбілдің ақырғы қондырғылары

Сабақтың типі теория

Сабақтың түрі — құрамдас сабақ

Сабақтың мақсаты: жаңа білімді меңгерту

және пәнге қызығушылықты арттыру

а) білім беру – тақырып бойынша

оқушылардың білімін тексеру, алған

білімдерін тапсырмаларды орындау

барысында пайдалана білу, қойған

мақсатына жете білуге дағдыландыру,

қызығушылығын арттыру.

б) тәрбиелеу және ой-өрісін дамыту

мақсаты: — оқушылардың білімге деген

құштарлығы мен сүйіспеншілігін арттыру,

жауапкершілік, іскерлікке, тиянақтылыққа

баулу, өмірге дұрыс көзқарасын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту,

көпшілікке, ұқыптылыққа үйрету.

 

The aim of the lesson:

 

a) Educational – tocheck the students’

knowledge on the subject, the ability to use

student’s knowledge effectively and readily in

execution

b) Developmental – to improve students’

responsibility, knowledge, develop the right

attitude to life, thinking development, study

carefully the general public

 

Сабақтың әдістері: баяндау, түсіндіру,

әңгімелесу, лекция элементтері, сұрақ-

жауап, пысықтау, бекіту, қайталау.

Method of lesson: presentation,

interpretation, interviews, lectures elements,

question-and-answer, development, approval,

repeat.

Оқытудың көрнекілігі және техникалық

Жабдықталуы – интеративтік тақта,

Оқулық, тарату материалдары, үлгілер

Visual aids and technical equipment:

Interactive whiteboards, books, handouts,

samples

Сабақтың өткізу барысыProcedure of the lesson
Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқытушының оқушылармен сәлемдесуі
ә)Оқушылардың сабақа қатысуын тексеру

б)Дәрісхананың тазалығына, сабаққа

дайындығына назар аудару

№ 1 СЛАЙД жоспар бойынша таныстыру

Organization moment:

a) Greeting with students

ә) Checking up the attendance

в) Paying attention to the readiness of the

classroom

Introducing with the first slide

Жоспар

1.Топқа бөлу (оқушыларды конструктор

әдісі бойынша топқа бөлу, сурет

қиындыларын құрастыру, сурет бойынша топқа қысқаша сипаттама беру, бағалау

парағы)

2. Үй тапсырмасы (топтық, жеке жұмыс)

3. Мағнаны тану (жаңа тақырып, сурет,

бейнебаян)

4.Бағалау

5.Ойтолғау (постер әдісі бойынша жоба

Қорғау

6.Рефлексия: (кері байланыс)

7. Үйге тапсырма беру

Plan

1. To divide into groups (to divide the with the

method of construction, assembling the pieces

of the pictures, assessment worksheet)

2. Home task (group, individual work)

3. Defining the content (new theme, picture,

Video)

4. Evaluation

5. Meditation (poster)

6. Reflection

7. Home task

 

 

 

 

Барысы:

  1. Үй тапсырмасы: Талшықты оптикалық кәбілдердің әртүрлі кедергілерден сақталуы

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:   Ж.Ж.Ниеталиева «Байланыс жолдары»,                Н.И.Белоруссов «Электрические кабели и провода» М «Энергия», 1971

Оқушыларды жетістіктер критерийлері бойынша баллдық жүйемен бағалау жүйесімен таныстыру. (2- слайд)                                                                                        

·         Үй тапсырмасы бойынша:

Топтық жұмыс (топта жұмыс істеу, жұмыстың барысын талдауы,

міндеттерді ынтымақтастық көрсете отырып бөлісу және орындауы,

жауапкершілікті болуы)

Берілген сурет бойынша тақырыпты ашу

Берілген тапсырма бойынша топ атынан жауап беру (көшбасшы)

Топта белсенділік таныту

1 жетон

2 жетон

3 жетон

4 жетон

5 жетон

 

 

 

3 балл

1 балл

3 балл

 

1 балл

2 балл

3 балл

4 балл

5 балл

·         Жеке жұмыс:

Тест сұрақтарына жауап беру

5 сұраққа

4 сұраққа

3 сұраққа

2 сұраққа

1 сұраққа

 

 

5 балл

4 балл

3 балл

2 балл

1 балл

ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ:

                       Критерий бойынша балл саны   Балды бағалау   Баға
   Оқушының аты-жөні      А       В      С  
1.

 

     

    БАЛДАРДЫ БАҒАҒА АЙНАЛДЫРУ:

                    Алған балдар саны                                 Баға
                                 17-20                                 «5»
                                 13-16                                 «4»
                                 10-12                                 «3»

 Бағалау: Балдық жүйе бойынша бағалау

Мағынаны тану: Жаңа сабақ      

Тақырыбы: Байланыс жолдарының сенімділігі. Ақырғы кәбілдік қондырғылар. Коаксиалдық   кәбілдің ақырғы қондырғылары.

Жоспары: (3-слайд)

1.      Байланыс жолдарының сыйымдылығы

2.      Абоненттік кәбілдік құрылғылар: кроос, бокс, плинт

3.      Коаксиалдық кәбел

4.      Коаксиалдық кәбел түрлері

      1.   The capacity of the roads

2.   The subscriber cable: Kroos, boxing,

plint

3.   Coaxial cable

4.   Types of coaxial cable

 

 

Дәптермен жұмыс: термин сөздер, қысқарған сөздер (4-слайд)

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: Ж.Ж. Ниеталиева «Байланыс жолдары»

Бейнебаян:  Коаксиалды кәбілдерді пайдалану жолдары

Ой толғау:  Постер қорғау әдісі бойынша жүргізіледі

Барысы:  Әр топ берілген суретті тақырыптар бойынша жоба қорғау

Топтарға берілетін жоба тақырыптары:

Кроос

Бокс

Плинт

Кәбіл

Kroos

Boxing

Plint

Cable

Постер әдісі бойынша жоба қорғау5 балл

Бағалау: Жетондар бойынша ұпай сандарын есептеу

Рефлексия: Кері байланыс (Не білдік?  Не үйрендік?  Нені білгім келеді?)

Үй тапсырмасын беру

Олай болса, кіріктірілген білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді жолы – ағылшын тілін оқып үйрену. Ағылшын тілін оқып үйрену – барашмыздың алдымыздағы үлкен міндет және жауапкершілік.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

[1]- http://edu-resource.net (Предметно-языковое интегрированное обучение).

[2] -https://infourok.ru (МЕТОДЫ И ПРИЕМЫ CLIL. Алметов Н.Ш., ЮКГУ им. М.Ауэзова, 2016)

 

 

Қуанышбаева Фариза Болатқызы
арнайы пән оқытушысы
И. ӘБДІКӘРІМОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.