«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н. Ә. Назарбаев
Бүгінгі таңда ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілікпен қатар, көпмәдениеттілік те жаһандық білім беру қауымдастығының тануынша білім беру саласының негізгі құзыретті әрі жаһандық білім кеңістігін қалыптастырудағы басты бағыттарының бірі болып саналады. 90 жылдары Еуропада көптілді дамыту саясатының аясында CLIL әдісі әзірленген. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың рөлі үнемі артып келеді. Негізгі құзыреттілігін қалыптастыруға CLIL әдісімен (ContentLanguage Integrated Learning) өткізілген ағылшын тілінде оқыту ықпал етеді. Бұл әдіспен оқытудың ерекшелігі, мұнда түрлі оқыту жағдайларда сабақ және оқу мақсаттарының берілген кезеңіне тиісті тілді пайдаланып, сабақты өткізу екі тілде (отандық және шетелдік) жүзеге асырылады.
CLIL әдістемелік тәсілдің негізгі принциптері анықтау кезінде Еуропа елдерінде 4C (DoCoyle, 2008) деп аталатын төрт негізгі аспектілері анықталады:
Content (мазмұны) — бұл ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыратын пәндік аймақтағы білім, іскерлік, дағды, яғни, өздігінен іздеу, талдау, таңдау, өңдеу және қажетті ақпаратты жіберу қабілеті мен іскерлігі;
Communication (байланыс) – сабақта шетел тіліне үйренуге емес, шетел тілі білімін қосымша қолдануды ұсынатын тілде оқыту, осылайша, оқушылар шетел тілін оқу кезінде қолданады, сондай-ақ, оны қалай пайдалану керектігін үйренеді. Бұл аспект коммуникативті құзырлықтарды қалыптастырады, себебі тыңдай білу, сұрақтар қоя білу және оларға нақты жауаптар құрастыру, қарастырылатын мәселелерді мұқият тыңдау және белсенді талқылау, серіктесінің пікірін түсіну және оларға сыни баға беру секілді жеке тілдік қатынас қабілетін дамытады;
Cognition (таным) танымдық және ойлау дағдыларын дамытуды жүзеге асырады және бір немесе бірнеше оқу салаларында студенттердің жақсы даярлығын қамтамасыз ететін білім беру құзыретін қалыптастыруға ықпал етеді;
Culture (мәдениет) – мәдениет тілін меңгеруді қамтамасыз ететін, әлемді тану жолдарымен, өзін мәдениет бөлшегі ретінде ұсынумен, балама мәдениетті ұғыну және қабылдаумен жалпы мәдени құзыреттілігін дамыту аспектісі болып табылады.
Осылайша, CLIL әдісі бойынша ағылшын тілінде жүргізу метапәндік байланыстарды қамтамасыз етеді және жаңа білім беру стандарты принциптерін дамытуда практикалық нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді, атап айтсақ, мәдени хабардарлығын, интернационализациялау, тілдік құзыретін дамытады, тек оқуға ғана даярлығын емес, сонымен қатар жаңа білімін өмірде қолдана білуге және сәйкесінше өмірлік дәлелдемесін көтеруге, табысқа мақсатталған, сайып келгенде, басты мақсатқа қол жеткізуге — болашақ түлектердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, олардың ұтқырлығы мен тез өзгеретін өмірлік жағдайларға бейімделу қабілетін арттыруға әкеледі.
Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту – білім сапасын көтеру құралы. Қазіргі ғылым мен техника дамыған қоғамда білім беру жүйесінде кәсіби құзыреттілігі дамыған, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етіп отыр. Білікті де білімді маман болу үшін әр ұстаз өз білімін үздіксіз жетілдіріп, заман талабына сәйкес кәсіби біліктілігін үнемі үздіксіз жетілдіріп отыруы тиіс. Педагог оқытудың жаңа әдістерін барынша жетік меңгеріп, неғұрлым шығармашылығы жоғары болса, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі соғұрлым кең болмақ. Қазіргі заманауи талапқа сәйкес өзіндік көзқарасы бар жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мұғалімдер үшін маңызды мәселе болып отыр. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тірегі етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр мектептің жауапкершілікпен атқаратын міндетінде. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында өзгерістерді талап етіп отыр.
Елбасымыз Н. Назарбаев «Мен білім беру жүйесіндегі іс жағдайын түбегейлі өзгертуді стратегиялық міндет деп санаймын»; «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» — деп атап көрсетті Қазақстан халқына жолдаған жолдауында. Дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінуіміз үшін біз сауаттылығы жоғары кәсіби мамандар дайындауымыз керектігін айтты.
Білімді толық игеру үшін оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, еркін сөйлеуіне, өз ойын ашық және толық айтуға үйрету, ой-өрісін кеңейту – оқытудың ең басты мақсаты. Әрбір оқушыны өз мүмкіндігіне қарай білім, дағды алатындай етіп оқытуымыз дұрыс.
Жаңартылған білім мазмұны аясында пән мұғалімдерінің СLIL технологиясы арқылы үштілділік саясатын жүзеге асыру тәжірибесімен танысады. Әр сабақта оқушылардың танымдылық-коммуникативтік құзыреттілігін дамыту және функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін сабақтың түрлі кезеңінде оқушылардың үш тілде тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытудағы белсенді оқыту стратегияларын көрсетті.
Мысалы, Ньютон заңдары/ Законы Ньютона/ Laws of Newton’s тақырыбындағы физика сабағының шығармашылық кезеңінде (физика пәні) CLIL технологиясы арқылы оқушылар ағылшын тілінде оқу дағдысын жетілдіру үшін бірінші тапсырмасында Бердібек Соқпақбаевтің «Менің атым Қожа» повесінен ағылшын тілінде үзінді беріліп, мәтін ішінен физикалық шамаларды тауып, олардың қай заңдылыққа бағынатынын баяндап беру ұсынылады. Лайықты деңгей тапсырмасында ол шамаларға формулалар жазылып, түрлендіру, қорытындылау жасалды. Жоғары деңгейде тиісті сан-мәндерін қойып, есепті шығару, талдау беріледі. Барлық оқу стратегиялары және орындалатын жұмыстар ағылшын тілінде жүргізіледі.
АКТ мүмкіндіктері арқылы, мұғалім мен оқушылардың тікелей сабақтағы есеп шығару, мәтіннің ішінен формуласын тауып жазу, нүктелердің орнына лайықты термин сөздерді жазу, тыңдалымға арналған бейнематериалдарды бірлесе көру, сонымен байланысты тапсырмаларды интерактивті тақтада орындау сияқты іс-әрекеттерді көре алды. Елімізде білім беру мазмұны жаңарып, «Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL): қадамнан қадамға» әдістемелік нұсқаулық оқытудың жаңашыл көзқарас пайда болуын қалыптастырады.
Мұғалім өз ісінің маманы болуымен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан-жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының: «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі керек» деген тұжырымында «Шығармашыл ұстаз шығармашыл шәкірт дайындайды» деген ой айқын аңғарылады.
Сөзімді қорыта келе айтарым, жоғарыда аталған құзыреттіліктерді меңгерген мұғалім шығармашыл шәкірт дайындауға даяр.
Қолданылған әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы-2008
- Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
- Б.А. Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе» Алматы-2005
- К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі»
(ғылыми-практикалық конференция материалдары) Алматы-2008
- «Қазақстанмектебі»журналдары, 2010 жыл.
- Tanner, Liz Dale and Rosie. CLIL Activities. 22 February 2012.
- 7. Kelly, Keith. Macmillan Vocabulary Practice Series: Science. б.м. : Macmillan ELT, 31 Jan 2008.
Джаркинбаева Гульжан Абдиманаповна
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ,
«Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық)
пәндерді оқыту» кафедрасының аға оқытушысы