Home » Жаңалықтар » CLEAN HILL: АҚШ-тың қолдауына ие болған эко-жоба жұмысын бастады

CLEAN HILL: АҚШ-тың қолдауына ие болған эко-жоба жұмысын бастады

Бұған дейін Ақтөбе зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары Ләззат Данаева мен Ержан Өмірзақов FLEX студенттермен алмасу бағдарламасының түлектеріне арналған CAFAW грантын алуға өтініш білдірген болатын. Іріктеу комитеті Орталық Азиядағы 90 қатысушының ішінде осы жобаны қаржыландыруға ұйғарды.

Бұл ой Бішкектегі «Жобаларды дамыту менеджменті» атты семинарға барғаннан кейін ойыма келді. Мен осы эко-жобаны жүзеге асыруды ұйғардым, өйткені Ақтөбедегі экологиялық жағдай мені қатты алаңдатады. Біз бұған бүгін көз жеткіздік. Аумақта қоқыс қаншалықты көп екенің көрсеңіз, ал Сазды су қоймасының жағдайы туралы бөлек жобалар жасауға болады, – дейді Ляззат.

Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Ақтөбе облысындағы пластикалық және қоршаған ортаның ластану мәселелерін көтерген екі күндік семинар ұйымдастырылды. Мақсат – қаланың ластануы мен еріктілер қозғалысын насихаттауға қоғам назарын аудару. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Таза Өзен – Чистая Река» қозғалысының еріктілерімен бірге қаланың экожүйесі туралы идеяларын ортаға салып, пластмасса және басқа да қалдықтар мәселесін шешуге тырысты. Балалар ақтөбелік эко-сөмкелер шығаратын бренд құрып, оларды жергілікті супермаркеттерге жеткізуді, пластик жинайтын полигон құруды және сол жерде балауыз көбелегін таратуды ұсынды. Мұндай көбелектер пластиктің белгілі бір түрін жейді екенін. Балалар сонымен қатар мектептер арасында қоқысты бөлуге арналған жарыстар ұйымдастырғысы келеді.

Зияткерлік мектептің отыз шақты оқушысымен бірге екі күн тығыз жұмыс жасадық. Бүгін осы аймақты жинауға келдік. Жастар қаламыздың экологиялық жағдайын көріп, қолдарымен қоқысын жинады. Әлі де осындай марафондар болып тұрса, – деді еріктілер тобының мүшесі Балауса.

Жоба қаладан 8 км қашықтықта орналасқан Сазды су қоймасы аумағында Плоггинг ретінде жалғасын тапты. Плоггинг – бұл жүгіру марафоны, онда қатысушылар бір уақытта жүгіріп, жердегі бөтелкелер мен қоқыстарды жинауы керек. Жеңімпаз жылдамдығы мен қоқыс салмағына қарай анықталады. Жиналған пластикті қайта өңдеу жоспарланған.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.