Өтпелі тақырып: «Бізді қоршаған орта»
Білім беру саласы : Шығармашылық
Ұйымдастыру оқу қызметі: Сурет
Мақсаты: Дәстүрден тыс сурет салуды жалғастыру.
Қисық және доғал сызықтар арқылы сегізаяқтыларды салуды үйрету.
Әдіс тәсілдер :Ойын технолоиясы.
Сөздік жұмыс :Сегізаяқ-Осьменок-Octopus
Балық-рыба-fish
Қолданылатын көрнекілік: Суреттер, видео ролик
Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті, ендеше, амандасайық:
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
- Салеметсіздер ме! Здравствуйте!
Бүгінгі оқу қызметіміз ерекше болмақ. Оқу қызметіміздің тақырыбы Сегізаяқты. Ендеше, Экранға назар аударып, сегізаяқтың не екенін тамашалайық.
Сегізаяқтың аяқтары көп екен. Мұрны жоқ, екі көзі бар, мойны, құлағы жоқ екен. Осылай тамақтанады екен. Бүртүрлі сегізаяқты. Суда қатты жүзеді,оған жаттығу өте қажет.
Ғажайып сәт: Зерттеуші Кусто келеді:
Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар мен арал теңізіндегі балықтарды зерттеп жүріп, ішінен сегізаяқтыларды көрмедім. Сол сегізаяқтыларды іздеп жүрмін, сендер көмектесе аласыңдар ма?
Тәрбиеші: Зерттеуші Кусто сіз дер уақытысында келдіңіз, біз балалармен бірге океанариумға барайын деп жатырмыз, мүмкін сол жақтан тауып аларсыз, бәріміз бірге барайық.
Тәрбиеші: Океанариумды балаларға таныстырады. Бұл балалар океанариум деп аталады, мінекей ішінде әдемі әр түрлі балықтар бар екен акула, алтын балық, дельфин т.б.
Зерттеуші: Ой, балалар, мына сегізаяқтыларды қараңдаршы, жүзе алмай тұрғанын.
Тәрбиеші: Ендеше, балалар сегізаяққа көмектесейік, олардың бастары бар да, аяқтары жоқ екен барлығымыз түрлі түсті бояумен аяқтарын салайық. Балалар жұмысқа кіріседі.
Зерттеуші: Балалар, қандай тамаша болды, Жарайсыңдар, мен іздегенімді осы жерден таптым, рахмет сендерге сегізаяқтылардың жүзуіне көмектестіңдер. Енді мен осы жерден қоштасайын, сау болыңдар балалар.
Тәрбиеші: Балалар ендеше біз тобымызға қайтайық.
Ойын: «Көңілді сегізаяқ»
Шарты: Үстел үстінде сегізаяқтының бейнесі жатыр, оның аяқтарының арасынан жіптерді өткізейік.
Сергіту сәті:
Қорытынды: Балалар, бүгінгі оқу қызметі ұнады ма? Біз немен таныстық? Сегізаяқ қайда өмір сүреді екен? Суда сегізаяқтан басқа тағы нелер өмір сүреді?
Балалардың жауабы.
Ойын: «Су асты тіршілігі»
Бүгінгі оқу қызметі осымен аяқталды, оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар, рахмет.
Күтілетін нәтиже:
Қайталайды: Сегізаяқтың атын.
Түсінеді: Сурет салуды.
Қолданады: Ойын технологиясын.
Омарова Шырынгүл Нәбиқызы
Қызылорда облысы
Арал қаласы
«Алтын балық» бөбекжайының тәрбиешісі