Home » Абайтану » Біле жүріңіз

Біле жүріңіз

Құнанбай Шәкі бимен қатты араласқан, дос болған. Шәкі би де осал адам болмаған, оның өзіндік көріпкелдігі, әулиелігі де болған. Ол Тобықты еліне барған бір сапарында өзінің науқастанып жүргенін Құнанбайға наз ретінде шағынып айтады. Сонда Құнанбай ел арасы алыс, сен ол дүниелік болсаң, мен оны қалай естимін дейді. Сонда Шәкі би «Мен қайтыс болған күні азан да ауылыңның үстінен алты аққау қиқулап ұшып өтеді», -дейді.
Жазға салымғы уақыт болса керек, Құнанбай ерте азанда дәретке шықса, күн шықпай ауылының үстінен алты аққу қиқулап ұшады. Құнанбай – «Шәкі би о дүниелік болған екен» деп дереу жолға шығып, Шәкі бидің ауылына келсе, Шәкі биді жаңа арулап шығарғалы жатыр екен, дер кезінде келген Құнекең топырақ салыпты,-деседі ел аузында.

Алмахан Мұхаметқалиқызы

Білім айнасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.