Home » Ашық сабақтар » Балабақша

Балабақша

Білім беру саласы: Коммуникация. Таным
Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту, құрастыру
Мақсаты: Балаларды көпшілік ортаға бейімдеу.
Міндеттері:
Білімділік: Балалардың жаңа ортаға тез бейімделуі үшін жайлы жағдай жасау.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, көпшіл болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үйшік, көжек, қонжық, бақа, қасқыр, тышқан,аю ойыншықтары, пішіндер.
Ұйымдастыру кезеңі:
Алғаш келген бүлдіршіндерді тәрбиеші жылы жүзбен қарсы алып, олардың әрқайсысымен жақын танысады. Әрбір баланың өзіне тән мінез-құлықтарын ата-аналарымен сұқбат жүргізе отырып танысады.
Тәрбиеші:  Қане, балалар ойын ойнайық.
«Шар» ойыны. Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап «Шар үрлен, үлкен болып үрлен, жарылма»!» деп хормен айтады да,қолдарын жібермеген бойда тар шеңберді мейлінше кеңейтіп ашады. «Шар жарылды» деген сөзді айтқанда, балалар қолдарын жіберіп,жүрелеп отыра кетеді. Педагог шеңбер бойымен жүріп, шардың жарылған жерін жамайды. Балаларды ақырындап орындарынан тұрғызады. Балаларға мақтау сөздерді айтып, ертегі тыңдауға шақырады.
 «Үйшік» орыс халық ертегісі
Үйшік ертегісін кейіптендіру.
Балалар кілемді айнала орындықтарға отырады. Тәрбиеші үстелге  үстелүсті театры үйшігін қойып: – Үйшікте кім тұрады? –  деп ертегі кейіпкерлерінің бірінің даусын келтіріп сұрайды. Балалар қандай жануарлардың даусы екенін анықтағанннан кейін, педагог үстел үстіне сәйкес ойыншықты қояды.
Сергіту сәті: «Көңілді аңдар биі» (Балалар қоян секілді секеңдеп, аю сияқты қорбаңдап, бақа сияқты секіріп қимылдар жасайды).
Тәрбиеші: Балалар сендерге ертегі ұнады ма? Біздің ертегімізге қандай ойыншықтар қатысты?

Аңдардың бәрі қайда тұрды? Әдемі үйшікте. Енді біз пішіндерді пайдалана отырып, үйшік құрастырайық. Қызыл, көк түсті үшбұрыш пен төртбұрыштарды үстел үстіне тастайды. Балалар өздері жинақтап, үйшік құрастырады.

Іс-әрекетті бағалау кезеңі.

Балалар бүгінгі күндерің ұнады ма? Қандай ертегі кейіпкерлерімен таныстыңдар? Балалар Жарайсыңдар! Бүгінгі күнде өте белсене қатыстыңдар. Мен сендерге сыйлыққа үйшік беремін. Бұл жай үйшік емес, сиқырлы, тәтті үйшік.

Рахмет. Сау болыңдар!
Нені үйрендік:
Көпшілік ортада бірлесіп әрекет етуді, достыққа, рөлдерде ойнауды, ойыншықтарды танып-білуді, әр түрлі пішіндер қолданып үйшік жасауды үйренді. Ортаға бейімделу дағдыларын игерді.

 

Лунара Жасылбекқызы Курманова,
ЖББ Талдыбұлақ орта мектеп-балабақша кешенінің
шағын орталық тәрбиешісі,
Сырым ауданы, БҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.