Home » Жаңалықтар(page 2)

Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшінің басты қасиеті – қарапайымдылық

Басшы кабинетте отыра бермей, қызметшілердің жұмыс кабинеттерін аралап, олармен тілдесіп, көңіл-күйлеріне назар аударып тұру қажет. Сонда ғана ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі ретке келеді. Маңғыстау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде өткен семинар-кеңесте сөз сөйлеген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова осылай деді. Шараға Маңғыстау облысына арнайы іс-сапармен келген ҚР Денсаулық ...

Толығырақ »

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Білім беру мазмұнын жаңарту – бұл, ең алдымен, орта білім беру моделін қайта қарау, оның құрылымын, мазмұнын, тәсілдерін, оқыту және тәрбиелеу әдістерін, оқушылардың жетістіктерін  бағалау бойынша жаңа жүйесін еңгізу. Білім мен ғылым салаларындағы  елеулі өзгерістер жиырма бірінші ғасырда табысты болу үшін әрбір азаматқа қажетті білім мен дағдыларды,  қазақ тілін дамытудың да жаңаша жолдарын меңгеруді талап етеді. Қазақ тілін оқытуда отандық ...

Толығырақ »

Қазақстан тарихы пәнін қазақ тілді емес сыныптарда меңгерту

   Ыдырысов Иса экспериментті сабақ оқыту барысында   Жаңартылған білім мазмұнындағы орыс тілді сыныптарда қазақ тілінде Қазақстан тарихын оқыту Айсары орта мектебінде 2016 жылдан бері  эксперимент көлемінде қолға алынған. Ондағы мақсат мектептің орыс тілді контингентін бірте-бірте мемлекеттік тілге тарта отырып Қазақстанның тарихымен таныстыру, төл тарихымызды білгізу болды. Бұл эксперименттің мәні оқушылар тек Қазақстан тарихын біліп қана қоймай, сондай-ақ қоғамымызда қазақ ...

Толығырақ »

Жасөспірімдер арасында армрестлингтен Қарағанды облысы бойынша чемпионат

Теміртау қаласында 27 қаңтарда №20 мектеп-лицейінде Юниорлар арасында армрестлингтен Қарағанды облысы бойынша чемпионат өтті. Армрестлинг жарысы салмақ санатында оң және сол қол бойынша өткізілді. Жарыстың негізгі мақсаты – жастар арасында армрестлинг спорт түрін кеңінен насихаттау болып табылады. Теке-тірес жарыс кезінде Қарағанды қ. Назарбаев Зияткерлік метебінің ұл-қыздары табандылықпен, ұстамдылықтарымен және жеңіске деген аса құлшыныстарымен көзге түсті. Жарыстың қорытындысы бойынша әр салмақ ...

Толығырақ »

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІНДЕ «БЕРІК ОТБАСЫ» БОЛУДЫ ҮЙРЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Мектептің педагог-психологтары мен кураторлары  12 отбасымен арнайы сабақтар өткізіп, ата-ана мен бала қарым-қатынасының нығаюына кәсіби көмек көрсетуде.  «Берік отбасы» жобасы Біріккен ұлттар ұйымымен бірлесіп Ұлыбританияның Оксфорд университетінің профессорлары әзірлеген бағдарламасы негізінде жұмыс жасайды. Жоба бойынша арнайы білімдерін жетілдірген мектеп қызметкерлері 10-14 жас аралығындағы балаларға жасөспірімдік кезеңдегі проблемаларды жеңуге және тәрбиелеуге жәрдемдеседі. «Биыл тек бір 7–сыныптың  оқушыларымен және ата-аналарымен экперимент ретінде ...

Толығырақ »

Зияткерлік мектеп студенттерге әдістемелік көмек көрсетті

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың өткен жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арнаған кезекті Жолдауында орта мектептердегі білім беру ісі де назардан тыс қалған жоқ. Президент өз сөзінде: «Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс. Бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болады.»,- деп атап өту арқылы Зияткерлік мектептердің қоғам алдындағы ...

Толығырақ »

Айтыскер ақынмен кездесу өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңннен баста» кіші бағдарламасы аясында маңғыстаулық айтыскер ақын Нұрлан Мусаевпен кездесу өтті. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткен шараға мемлекеттік қызметшілер қатысты. Агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова, Елбасының «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасының Маңғыстау өңірінде жүзеге асырылуына тоқталды. ...

Толығырақ »

Кадр мамандары бас қосқан жиын  

Агенттіктің аумақтық департаментінде Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік мекемелердің кадр мамандарының басын қосқан жиын өтіп, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтылды. Жиында сөз алған Департамент басшысы Нұргүл Жанназарова, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында 2016 жылдан бастап мемлекеттік қызметте үш сатылы ...

Толығырақ »

Жаңа форматтағы педагогикалық кеңес

Жуырда Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде кезекті ерекше педагогикалық кеңес өтті. Оқушылардың үй тапсырмаларын, яғни жалпы жүктемелерін жеңілдетудің жолдарын қарастырған кеңес «БҰҰ моделі» форматында ұйымдастырылды. Рас, жасыратыны жоқ шәкірттер үшін мектеп бағдарламасын меңгеруде қиындықтар кездесіп тұрады, әр оқушының материалды қабылдауы мен оны меңгеруі, оқу дағдылары, тіптен үлгерім қабілеттерінің әртүрлі екенін екінің бірі жақсы біледі. Бірақ, пән бойынша қорытынды ...

Толығырақ »

ДӘСТҮРЛЕРДЕН ИННОВАЦИЯЛАРҒА!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» аталмыш білім ордасының  құрылғанына 70 жыл толу мерекесін атап өту аясында «Дәстүрлерден инновацияларға» тақырыбы бойынша ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысын өткізді. Салтанатты жиынға Қостанай облысы білім беру ұйымдарының басшылары, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары, мәдениет саласы ошақтарының басшылары, педагогикалық еңбек ардагерлері, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық ...

Толығырақ »