Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға сүт тағамдарын түсіндіре отырып, ненің қайдан алатындығын пайдасын, технологиясын, сүт атауларын үйрету.
2. Дамытушылық: Топтық түрде білім алуға баулу, жазбаша тапсырмаларды дұрыс, сауатты орындау дағдыларын, оқушылардың дүниетанымын, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру, бір-біріне қамқор болуға тәрбиелеу. Сүттің пайдасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: оқушылардың білімдерін ойын элементтері арқылы жетілдіру, сөйлесім сабақ.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар, жазбаша, ауызша, жеке, топтық, жұптық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, тапсырмалар, жауапшалар, көрнекілік тағамдар суреттері
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, орыс тілі, математика.
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру кезеңі.
Мотивациялық трениг (психологиялық ахуал).
(Балалар қолдарынан ұстап, шеңбер жасап тұрады. Мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталайды).
Қайырлы күн, жер ана!
Қайырлы күн, көк аспан!
Қайырлы күн, маған!
Қайырлы күн, саған!
Қайырлы күн, балалар!
Қайырлы күн, мұғалім! (орындарына отырады)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (ұлттық тағамдар)
1) «Ыстық орындық» әдісі (әр топтан 1 оқушы шығады, сұрақтар арқылы суретті анықтайды)
Суреттер: бауырсақ, бесбармақ, манты
— Бұл ұлттық тағам ба?
— бұл ет тағамы ма?
— бұл қой етінен жасалған ба?
— Бұл тәтті ме?
— Бұл ақ па?
— Бұл сары ма?
— Бұл нан тағамы ма?
— Бұл үлкен бе?
2) Септік жалғауларын қайталау. (әр топтақа 1 сөз беріледі, олар сол сөзді ауызша септейді) Сөздер: тағам, тамақ, сусын, шұжық.
ІІІ. Жаңа тақырып.
Топтарды атау. («Сөзжұмбақ»әдісі бойынша).
№1 сөзжұмбақ
Ешкінің төлі Төрт түлік малдың бір түрі Сүт тағамы Сүттен жасалынатын тағам Бауырсақ қандай тағам?
№2 сөзжұмбақ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1. Ешкі атасы 2. Жылқының төлі 3. Түйенің төлі 4. Сүттен жасалынатын тағам 5. Сүт тағамы
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
№3 сөзжұмбақ
Төрт түлік малдың бір түрі Қойдың төлі Сүт тағамы Бұзау ненің төлі? Қой атасы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
№4 сөзжұмбақ
Наурыз көже неше тағамнан жасалынады? (сколько компонентов) Сүт тағамы «Вкусный» сөздің аудармасы (перевод слова) Сүт тағамы (молочный продукт) Қой атасы (покровитель овец) «сливки» — аудармасы (перевод слова) Наурыз ……… |
(топтар анықталады)
1 топ — айран
2 топ — қымыз
3 топ — шұбат
4 топ — ірімшік
— Балалар, бізде қандай сөздер шықты? (айран, шұбат, қымыз, ірімшік)
— Дұрыс айтасыңдар, балалар, бұлар қандай тағамдар? (сүт тағамдары)
— Бүгін сабағымыздың тақырыбы «Сүт тағамдары».
— Алдымен, топ көшбасшысын тағайындайсыңдар.
(топ көшбасшыларына бағалау парақтарын беру)
- Сын тұрғысынан ойлау:
1) — Балалар айтыңыздаршы, сүт қайдан алынады? (сүт-малдан алынатын өнім)
— Дұрыс, ал қандай малдан сүт аламыз? (Сиыр, ешкі, түйе, қой, бие.)
2) Постермен жұмыс
— Сиыр туралы не білесіндер? (атасы Зеңгі баба, үй жануары, төрт түлік, төлі бұзау)
— Ешкі туралы не білесіндер? (атасы Шекшек ата, үй жануары, төрт түлік, төлі қозы)
— Жылқы туралы не білесіндер? (атасы Қамбар ата, үй жануары, төрт түлік, төлі құлын)
— Түйе туралы не білесіндер? (атасы Ойсылқара, үй жануары, төрт түлік, төлі бота)
(оқушылар класстер толтырады, қорғайды)
- Мәтінмен жұмыс.
1) Сөздермен танысу:
әзірленеді-готовятся; балмұздақ-мороженное; сүзбе-творог, үнемі-всегда
2)Мәтінді оқу.(слайд бойынша)
Мынау – «Эмиль» фирмасы. Мұнда сүт тағамдары әзірленеді. Ол сүт тағамдары азық-түлік дүкендеріне сатылады. Сүт тағамдары өте пайдалы, кальцийге бай. Сүт тағамдарына: май, айран, ірімшік, балмұздақ, қаймақ, құрт, сүзбе жатады. «Эмиль» фирмасының тағамдары үнемі жаңа болады. Маған сүт тағамдары қатты ұнайды.
3) Мәтін бойынша топтар 2 сұрақтан бір-біріне қояды.
— Бұл қандай фирма?
— «Эмиль» фирмасында не әзірленеді?
— Сүт тағамдарына не жатады?
— Сүт тағамдары неге бай?
— Сүт тағамдары қандай?
— Сүт тағамдары қайда сатылады?
— Фирма қалай аталады?
— Саған сүт тағамдары ұнай ма?
ІҮ. Сабақты бекіту.
Сурет бойынша сұрақ-жауап. (суретте сүт тағамдары сатылатын дүкен)
— Балалар, суретте не көріп тұрсындар?
— Мұнда қандай тағамдар сатылады?
— Қандай сүт тағамдары бар?
Ү. Рефлексия. – Сабақта не туралы сөйледік?
— Сабақ ұнады ма? (оқушылар смайликтерін тақтаға іледі)
ҮІ. Бағалау. Көшбасшылардың бағалау парақтарын толтыру.
«№9 орта мектеп» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жетпісова Райхан Жәнібекқызы