Home » Мақалалар » CАНСЫЗ ТАУАР, МАЗАЛАҒАН САН САУАЛ

CАНСЫЗ ТАУАР, МАЗАЛАҒАН САН САУАЛ

Қазіргі таңда түрлі өнімдерді өндіретін фирмалардар көп.  Көз аша алмайсыз. Қандай жиынға бармаңыз әлдебір танысыңыз шетелдік немесе отандық өнім өндіретін күнделікті тұтынатын тұрмыстық заттарды ала қал деп қолқа салады. Пайдалы тұсын айтып, жаһанға жар салғанда, бар жұмысыңды қоя салып, бір сәт сол тауарларды сіздің де мақтағыңыз келіп кетеді.

Айта берсең кереметі мол.  Mary Kay, oriflame, аmway, аvon, faberlic, infinum, forever тізе берсең есебіне жетпейтін косметика өнімдері көп. Егер артыңа екі адам жинасаң ол екі адам төрт адам әкеледі. Ол төртейі тағы… Осылайша жүз немесе екі жүз адам жинайсың. Ол 200 адам 400 адам ертеді. Ақша салып, адам жинасаң кеткең қаржыңнан екі-үш есе тіпті он есе қаржыны пайда қыласыз. Оңай жолмен ақша табудың тиімді жолы.

Бұны бір деңіз. Кейбіреулері денсаулығыңды нығайтатын әлдебір дәрілердің жеті атасын айтып, таңдай қақтырады. Бағасы қомақты. Алайда, денсаулықтан қымбат не бар деп алуыңыз ғажап емес. Бұл да адам жинап, қаржы жинаудың бір жолы сияқты.

Міне үйде отырып алып ақша табудың осындай да түрі бар. Саған қыруар ақша түседі. Бір сәтте-ақ байып шыға келесің… Осылай деп қиылып тұрған қызметтес әріптесіңді, танысыңды тіпті туысыңмен серіктес болып кеткің келеді.

Дүкендердегі, аялдамадағы хабарландырулар жалбырап тұрады.  Қомақты табыс, жеңіл жұмыс тағысын тағы да осындай сипаттағы жарнамалар мен мұндалайды. «Бақсам бақа екен» дегендей анықтай келе осындай оңай жолмен батпан құйрыққа қол жеткізуге барып тіркеледі. Адамдардың санасын улап, қаржысын пайдаланудан сақ болайық. Алдамшы жарнаманың көлеңкесінде кетпейік достар.

 Бекей Бахытгүл

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.