Home » Айтарым бар » Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту

Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту


«Еліміздің ертеңі бүгінгі
жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры
ұстаздардың қолында»
Н.Ә.Назарбаев

 

Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой-өрісіжаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты
қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттіксаясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі – баланың тұлғалық дамуынабағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.Заманауи жаңа технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілгенпәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының,формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкідүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім берумекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білусауаттылығынада байланысты.Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына,белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгімекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру – басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгімекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде.Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.Балабақшада қолдануға тиімді технологиялардың бірі: ТРИЗ технологиясы. Мақсаты: Балаларға күнделікті ҰОІӘ – де жаңа технологияны қолдану арқылы, балалардың сабаққа дегенқызығушылықтарын ояту. Балалардың тілін дамытудағы жаңа технологияны қолдану арқылы, ой-өрісі дамыған, тәрбиелі, білімді, заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу.Бала өмірінің алғашқы мектепке дейінгі кезеңі – оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең, бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл кезде баланың ақыл-ойы, қабілеті, қасиеттері және эстетикалық сезімдері қызықты, мазмұнды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, еңбек, ойын үдерісінде жан-жақты қалыптасады.

ТРИЗ технологиясында сөзден сөйлем құрастыру,сөйлемнен әңгіме құрастыру,ойлау қаблеттерін арттыру,сызба бойынша еркін әңгімелеуге үйретуге болады.. Мысалы:  «Гүлдер» тақырыбы.  Мақсаты:Бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс.
1.Гүл өсімдік 2.Түсі қызыл 3.Гүлдің аты –Раушан4.Гүл әдемі 5.Гүлді жүлуға болмайды. 6.Гүлді анамызға сыйлаймыз.7.Достарымызға сыйлаймыз .Ал ойын түрлеріне келетін болсақ:

Дидактикалық ойын: «Сипатта» Мақсаты: тілдік қорын байыту, ойлау қабілетін дамыту. Мысалы: Алманы былай сиппаттауға болады.1.Өзі дөңгелек тәтті,әр түрлі ағашта өседі.(Алма)2. Түсі: Қызыл, жасыл ,сары.3. Алма дөңгелек, домалайды 4. Алманы жейміз т.б

Жәнеде балалардың ақыл-ойын, санасын дамыта отырып өздігінен жұмыс істей білуіне ерекше көңіл бөлеміз. Ақыл –ойдың дамуымен тікелей байланысты. «Сөз ойдың көрінісі: ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр» деп В.Г.Белинский айтқандай,тіл-ойдың сыртқы көрінісі.
Ой дамыту – тіл дамытумен ұштасады.Тіл дамытудың тиімді құралдарының бірі- жаңылпаш, жұмбақ айтқызып,оның шешімін табу. Себебі бұлар баланың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтуде және тілін ұстартып, ойын дамытуда маңызды рөл атқарады.Баланың тілін шыңдай түсіп, асықпай ,жатық еркін сөйлеуіне көмектеседі.
Тіл дамытудың басқа түрлері сияқты сөздік жұмысы оқу-тәрбие жұмысының барлық саласында жүргізіледі.Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады. Оқу әрекеті барысында сөздік жұмысы балалардың ойын дамытумен тығыз байланысты.
Балаларды асығып-аптықпай немесе тым жайбарақаттыққа салынбай, байсалды сөйлеп үйрену, өзін дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру.
Қорыта айтқанда балалардың ана тіліндегі дыбыстарды анық айтып, дұрыс сөйлей білуге балабақшада берілер тәрбиенің ықпалы зор.
Қазіргі заман талабына сай оқу — тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді ойына, бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу, тәрбиешінің алға қойған міндеті. Жоғарыда айтылған мүмкіндіктерге сай балалардың сөйлеу қабілеттерін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуда айтқан әңгімесіне, өзі құрастырған қысқа әңгімелеріне бағыт — бағдар бере отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытуды басты назарда ұстау керек деп ойлаймын.

 

 

Базарбаева Айнур Ибадуллаевна,
Астана қаласы,
№69«Еркем – ай» балабақшасы
«Ерке» ересектер тобының тәрбиешісі

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.