Балабекова Ару Жангельдіқызы,
Астана қаласы
№69 «Еркем-ай» балабақшасы
«Ботақан» ересек тобының
тәрбиешісі
«Әлеуметтік орта» білім беру саласының
«Ботақандар» ересектер тобының
ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Білім беру саласы: таным, әлеуметтік орта, коммуникация.
Мақсаты: Балалардың танымдық қабілетін арттыра отырып,
тәжірибе жасау, тәжірибе жұмысы арқылы ауаның барлық
жерде бар екенің түсіндіру. Тіршілік үшін ауаның маңызы
зор екендігің ұғындыру. Ауа туралы білімдерін кеңейту.
Тілдерін дамыту.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: зерттеуге қажетті құралдар (үрлемелі шарлар, таза су құйылған стакандар, полиэтилен қалта, түтікше, желпеуіш, жеңіл және ауыр заттар, алжапқыш)
Билингвальды компонент: ауа-воздух- air, су- вода- water, жел-ветер- wind
Тәрбиеші: Балалар, бүгін сендер жас ғалым боласындар. Бүгін сендермен тәжірибе жасағым келіп тұр. Зерттеу жүргіземіз. Менің жұмбағымды шешсеңдер не нәрсеге зерттеу жүргізетінімізді білесіңдер.
Мұрын арқылы кеудеге өтеді,
Және кері қайтады.
Ол білінбейді,
Онсыз өмір сүрілмейді.
Ол бізге керек дем алу үшін,
Ол бізбен бірге,
Көрінбейді көзге.
Балалар: Ауа!
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, ол ауа. Бүгін біз ауа туралы айтамыз, сендер жас ғалымсыңдар ғой тәжірибе жасап, зерттеу жүргіземіз.Перденің артынан шыққан
Дымбілмес :Сәлеметсіңдерме балалар! Сендер не үшін жиналып отырсыңдар?
Тәрбиеші: біз балалармен ауа туралы сөйлесіп отырмыз.
Дымбілмес: Ауа туралы ма? Ауаны кім көріпті, ол ауа бар ма өзі? Мүмкін ол жоқ шығар, мен оны көрген емеспін.Ал, сендер көрдіңдер ма?
Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы сендер айналамыздағы ауаны көріп тұрсындар ма?
Балалар: Жоқ, көріп тұрған жоқпыз.
Тәрбиеші: Егер біз көрмесек, ол өзі қандай болды екен?
Балалар: Ауа көрінбейтін түссіз болады.
Дымбілмес: Міне,міне өздерің айтып отырсыңдар ғой көрінбейді деп, яғни ол жоқ.
Тәрбиеші:Тоқта,тоқта Дымбілмес! Менде ауаны көріп тұрған жоқпын бірақ, айналамызда бізді қоршап түр.
Дымбілмес: Ой, сендер-ақ бәрін біле бересіңдер ма? Мен сендерге сенбеймін. Ауаның бар екенін дәлелдеп көрсетіңдерші.
Тәрбиеші:Балалар Дымбілмеске дәлелдеп көрсетейік. Ауаны көруге болмайды, оны аулау керек. Мен сендерге қалай аулау керек екенін үйретейін ба?
Балалар: Ия.
1.Тәжірибе. Жұқа үлбірек қалта.
Тәрбиеші: Қолдарыңа қалтаны ұстаңдар. Ішінде не бар?
Балалар: Ол бос.
Тәрбиеші: Оны бірнеше рет бүктесеңдер болады. Қараңдаршы, ол сондай жұқа. Енді біз қалтаға ауа толтырып аузын буамыз. Қалта ауаға толып тұр, ол неге ұқсап қалды балалар?
Балалар: Қалта жастыққа ұқсайды.
Тәрбиеші: Ия дұрыс айтасыңдар. Қалтаның ішіндегі орынның бәрін ауа алып тұр. Енді қалтаның аузын ашып ауасын шығарып жібереміз. Қалта тағы жұқарып, бос болып қалды. Неге, неліктен бос болып қалды?
Балалар: Қалтаның ішінде ауа қалмады.
Тәрбиеші: Дымбілмес, бері қара! Қорытынды жасайық: ауа көрінбейді, оны аулау керек. Ал, біз бұл істі орындай алдық. Біз ауаны қалтаға толтырып, сосын шығарып жібердік.
Дымбілмес: Бұл қалта менің есіме бір нәрсені түсіріп тұр. Жазда көргем, адамдар қалай үрілген қалтаны пайдаланғанын. А,а есіме түсті. Көлде!
Ол үрілген төсек! Тағы үрілген құтқарғыш көкірекше, құтқарғыш шеңбер көргем.
Тәрбиеші: А бізде де балаларға арналған үрілген құтқарғыш көкірекше, құтқарғыш шеңбер бар.Ол біздің балаларға таныс, солай ма балалар?Балалар: Ия, біз қауызда пайдаланамыз. Қауызға батып кетпес үшін көкірекшені, шеңберді алып түсеміз.
Тәрбиеші:Егер осы құтқарғыш көкірекшенің, шеңбердің желін шығарсақ ол бос болып қалады.
Ауа тез шығып кетеді. Ауа судан жеңіл. Егер төсек үрілген болса, әрине батпайды. Неге батпайтынын қазыр тексеріп көрейік.
2.Тәжірибе. Су асты қайығы.
Тәрбиеші: Мен тостаққа су құямын, ішіне стаканды саламын, ол суға толады. Стаканды төңкеріп қоямын. Енді түтікшенің иілген жағын стаканның астынан тығамыз. Бастысы стакан аударылып кетпеу керек. Жәйлап түтікшені үреміз, стакан суда қалқиды. Не себепті стакан суға батпай қалқиды?
Балалар: Себебі ол ауаға толды.
Қуыршақ:Егер ішінде ауа болса суға батпай ма? Балалар, маған көмектесіңдерші, қандай ойыншық суда батады, қандай ойыншық суда батпайды? Ал, ауа қайда кетеді? (Сандықты алады)
Дидактикалық ойын: «Батады, батпайды»
(Балалар кезекпен сандықтан тас,ағаш қалдықтарды,майда ойыншықтарды екі тостаққа бөліп салады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Көмектескендеріңе қуаныштымын.
Дымбілмес білесің ба, ішінде ауасы бар заттар суда батпай қалқып жүреді.
Дымбілмес: Ал, сендер ойлайсындар, барлық затта ауа бар деп. Мен оған сенбеймін. Дәлелдеңдер.
Тәрбиеші: Дәлелдейміз, енді жас ғалымдарды шаршатып алмай сергіту жаттығуын жасап алайық.
Жеңімізді түреміз (жеңдерін түреді)
Суды ауыстырып құямыз (бірінші алақаннан екінші алақанға құямыз)
Суды төгіп алдық,ештеңе етпейді (қолын беліне қойып,басын шайқайды)
Сулық қашанда жанымызда(алақандарын біріктіреді)
Алжапқыш менің досым,менің көмекшім(мойнынан тізесіне дейін қолын жеткізеді)
Ешкім су болған жоқ па?(қолы белде,басын оңға,солға бұлғайды)
Сен жұмысыңды бітірдің ба?
Бәрін орнына қойдың ба?(орнында тұрып,жүру)
Тәрбиеші: Демалып, серігіп қалдыңдар ма?Енді бәріңді столға шақырамын.(Столда суы бар стакан және түтікше бар)
Дымбілмес: Ия,ия,ия. Мен енді білемін, заттардың іші қуыс сияқты. Ал оған ауа тығылады. Ол маған қызық боп тұр. Сол заттың ішінде екен ғой.
Тәрбиеші: Адамдардың ішінде ауа бар ма? Балалар сендер қалай ойлайсыңдар? Тексеріп көреміз ба?
Тәжірибе: Денедегі ауа.
Стакандағы суға түтікшемен үрлейді.
Тәрбиеші: Түтікшемен үрлеңдер стакандағы суды. Не болды?
Балалар: көпіршік шығады.
Тәрбиеші: Міне, көрдіңдер ме? Олай болса біздің ішімізде ауа бар екен, ия?
Біз түтікшемен үрлеген кезде ауа сыртқа шығады. Біз ары қарай үрлеу үшін ішімізге ауа саламыз, сосын түтікшені үрлеу арқылы шығарамыз, сол кезде стакандағы судан көпіршік шығады.
Дымбілмес: Түсінікті, сендер іштен ауа шығардыңдар, демек ол ішімізде ауа бар дегенді білдіреді ғой. Ол іштеріңе қалай кірді? Мұрыннан ба?
Тәрбиеші: әрине, барлық адамдар мұрын арқылы демалады. Балалар, келіңдер, көрсетейікші мұрынмен қалай демалу керектігін. Біз демімізді ішке тартып сыртқа шығарғанда біз ауаны көреміз.
Балалар: Жоқ көрмейміз.
Тәрбиеші; Дұрыс айтасыңдар. Ал балалар, бүгін біз не туралы өттік?Балалар: Біз ауа туралы айттық.
Тәрбиеші: Ауа қандай болады екен?
Балалар: Ауа көрінбейді екен.
Тәрбиеші: Біз иіскеп біле аламыз ба? Мен қазір сарымсақты тураймын.
Дымбілмес: Ой, сарымсақтың иісі шығып кетті, бұл иіс маған ұнамайды. Мен мұрнымды жауып демалмаяқ
Тәрбиеші: Дымбілмес саған не болды? Дем алмасаң түншығасың ғой. Жаны бардың бәрі, адамдар, аңдар, жануарлар, өсімдіктер бәріне ауа керек қой.
Тәжірибе: «Демалмаймыз». Мына құмсағатқа қарап қанша уақыт демалмауға болатынын байқайық.
Тәрбиеші: Міне, құм құйылып бітпей ақ дем ала алмай қалдық бір минутта.
Тәрбиеші: Дымбілмес, егер саған сарымсақтың иісі ұнамаса,біз саған көмектесеміз, олай болса біздің балалар желдеткіштің көмегімен самал жел тұрғызады. Балалар жел тұрғызамыз ба?
Балалар: Ия.
Тәрбиеші: Балалар, кәне желдеуіштің көмегімен жел тұрғызайық. Желдеткішпен бірінші өздеріңе желдетіңдер,сосын көрші достарыңа желпіңдер. Не сездіңдер?
Балалар: Жел бетімізге соқты.
Дымбілмес: Ой ,рахмет. Ауа қозғалса жел болады екен ғой.
Тәрбиеші: Балалар, қалай ойлайсыңдар ауада иіс бола ма? Иіскеп көріңдерші. Бауырсақ пісіргенде қандай иіс сеземіз? Байқап қарасақ, ауа қозғалып біздің мұрнымызға иіс келеді екен. Бірақ ауада иіс болмайды екен. Дымбілмес: Ой,рахмет, бүгін мен ауа туралы көп нәрсені білдім.
- ауа ылғи да бізбен бірге;
- ауа көрінбейді, қалтаға жинау арқылы ұстай алмаймыз;
- ауа судан да жеңіл;
- ауа заттардың ішінде де болады;
- ауасыз өмір жоқ;
- ауа да иіс болмайды,бірақ иісті тарата алады;
- жел ауаның қозғалысы;
Тәрбиеші: Дымбілмес, не істеп жатсың?Сен қайда кеттің?
Дымбілмес: Мен мұндамын (үрлейді). Мен ауаларды жинап, шарға толтырып жатырмын. Мен бұл шарларды балаларға силаймын, олар маған ауа туралы көп мағлұмат бергені үшін. Рахмет сендерге балалар! Мен кетейін, бүгінгі білгендерімді өз достарыма барып айтайын. Сау болыңдар!Тәрбиеші: Ал балалар, олай болса бізде қоштасайық. Тез жиналайық та далаға шығайық, таза ауа жұтайық.
Күтілетін нәтиже:
Түсінеді: тәжірибе жасау арқылы ауанын маңызы туралы мәліметті және ауаның тіршілік үшін зор маңызы бар екенін.
Қолданады: ауа туралы сұрактарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, қарапайым тәжірибе жүргізе білу дағдыларын.