Home » Author Archives: Bilim (page 60)

Author Archives: Bilim

Тәуелсіздік — ұлық мереке

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» — деп Елбасы Н.Назарбаев ел жастарына үндеу тастап отыр. Қазағым, нақтыланып қазақтығын, Жиырма бес жыл тойлаймыз азат күнін. Аллаға сансыз шүкір, біздер көрдік, Абылайдың аңсаған азаттығын. Бәріңе шүкір айтып ...

Толығырақ »

Қала мектептері жаңартылған білім мазмұнын сынақтан өткізуде

Оқу жетістігін бағалаудың жаңа формаларын қолдану бойынша іс-тәжірибе алмасу мақсатындағы семинар ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттеді. Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласы білім бөлімінің әдіскері Қ.А.Жарылғаповтың ұйымдастыруымен «Жалпы білім беретін мектептерде оқу жетістігін бағалаудың жаңа формаларын практикада қолдану» тақырыбында семинар өтті. Қаланың биылғы оқу жылындағы 1-сыныпқа сабақ беретін барлық мұғалімдері қатысып, өзара іс-тәжірибе алмасты. Нақтырақ айтсақ, С.Сейфуллин атындағы гимназия мұғалімі Ү.О.Нұғманова, №27 ЖОББМ ...

Толығырақ »

Ел тәуелсіздігіне арналды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультеті, ҚР БҒМ ҒК мемлекет тарихы институты және Астана қаласының білім басқармасы, Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған «Ұлы дала еліміз»  атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Оған ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының бөлім басшылары, бас ғылыми қызметкерлері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Тарих факультетінің ғалымдары, тарихшылары, оқытушылары, докторанттары, ...

Толығырақ »

Жаңартылған білім заман талабы

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр–сырын зерттей бастаған сәтімізде арнайы курсқа баруымыз бағдарлама туралы туындаған сұрақтарымыздың жауабын табуға берілген мүмкіндік секілді көрінді. 14-ші қарашадан бастап 2 желтоқсанға дейін біздің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған «Жаңартылған ...

Толығырақ »

ТАМЫРЛАСТАР ТӘРБИЕСІ

Татарлар – түркітілдес ұлт, қазақпен ежелден етене араласқан. Сондықтан да болар, болмысы, тәрбиесі де тамырлас. Дегенмен, әр ұлттың өз ерекшелігі болады ғой. Жақында сондай бір өзгешелікті осы ұлттан байқап қалдым. Татар халқында «Тыңға бару» деген ұлттық ойын бар екен. Бұл ойында тыңшыға баратын – ерге тимеген оң жақтағы қыз. Ол түн ішінде көршілерінен бастап, ауыл-елді аралап, ақсақалдардың, дана қариялардың әңгімесін ...

Толығырақ »

ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің «Балалық шақтан көзқарас» атты балалар жобасының аясында «Туған жерім» атты көрмесі өтеді

2016 жылдың 6 желтоқсанында, сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде XII Республикалық балалар шығармашылығының байқауының «Графика. Линогравюра» номинациясы бойынша  «Туған жерім» атты көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнінің 25-жылдығына  арналады. Балалар шығармашылығына арналған «Туған жерім» республикалық байқауы жыл сайын ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің «Балалық шақтан көзқарас» атты балалар жобасының аясында, Астана қаласының ЮНЕСКО клубы – Балалар көркемөнер ...

Толығырақ »

Үш тілде білім беру- көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру құралы

Қараша айының 29- жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ленгер қаласы 1 мектеп –гимназиясында «Үш тілде білім беру- көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру құралы» тақырыбында ОҚО ББ әдістемелік кабинетінің 2016 жылғы іс-жоспарына сәйкес облыстық семинар өткізілді. Бұл семинардың мақсаты-үш тілде оқыту негізінде оқушылардың ақпарат кеңістігіне ену мүмкіндіктерін кеңейту және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Білім беру процесінде көптілділікті ендіру барысында оқушының функционалдық сауаттылығын ...

Толығырақ »

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ – ТАҢНЫҢ АЖАРЫ…

«…Уақыт қарқыны зымыран». Күш кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы , санымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ , бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды , сондықтан да мен еліміздің еңсесін биіктей беретініне сенемін деген ...

Толығырақ »