Author Archives: admin admin
Білікті басшы – мектеп мерейі
Шалғайдағы ауыл мектебінің мерейін үстем етіп жүрген сондай іскер басшылардың бірі – Батыс Қазақстан облысына қарасты Қазталов ауданындағы Көктерек орта жалпы білім беретін мектебінің директоры Қайырлы Байжанов. Мектеп ісінің алға басуы ең алдымен басшыға байланысты екені белгілі. Білім ордасына рухани демеу беріп, бағыт сілтеп, өз ғұмырын бала тәрбиесіне арнап келе жатқан аталмыш білім ошағының бірінші тұлғасы туралы ризашылықпен айтуға болады. ...
Толығырақ »Мектеп және мұғалім
Мектеп — бұл адамзат өміріміздегі ең маңызды орта болып табылады. Бұл жер баланы өсіріп, тәрбиелейді. Мұнда біз өз ішкі дүниемізді ашып, үлкен дүниеге кіре бастаймыз. Мектеп — бұл үлкен өмірге деген алғашқы қадам. Өйткені, біз дәл осы жерде ұлт болашақтарын біліммен сусындатып, нұрлы болашаққа бағыт береміз, жетістіктерге жетеміз. Мектеп — мұғалімдер жанұясы. Мұғалім — мектептің жүрегі. Біздің мектебіміздің ұстаздары сол ...
Толығырақ »Ерейментаудағы ерекше кездесу
«Білім айнасы» республикалық газетінің негізін қалаушы Қуантай Амантайұлы Ақмола облысы, Ерейментау ауданының орталығы – Ерейментау қаласында болды. Мақсат – өзге өңірлердің білім беру мекемелерімен танысып, ұстаздарымен кездесіп, тығыз қарым-қатынас орнату. Сол мақсатта Қуантай Амантайұлы, алдымен, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сәуле Мейрамқызымен, мектепке дейінгі білім беру бөлімімен жұмыс жасайтын маман Елена Николаевнамен кездесті. Алған ақпараттарға сүйенсек, аудан бойынша 5 ...
Толығырақ »Судың қасиеті
«Бір тал кессең , он тал ек» дегендей №3 Талапкер орта мектебіде Республикалық экосағатқа жаппай қатысты
Табиғат — қоғамның қорғаны. Алғашқы қауымнан қазіргі ғарыш дәуіріне дейін адам баласының өмір сүруі үшін қажет орта. Адамзаттың бар мұқтажын табиғат өз қазынасымен әрі үлкен жомарттықпен өтеуде. Өміріне, экономикалық –географиялық жағдайына, тарихи дамуына қарай қазақ халқы табиғат қойнауында бірге өсіп, біте қайнасып келе жатыр. Мұндай жақындық оларды табиғаттың бауыры, жанашыры етіп жіберген. Халықтың табиғатты қадірлеп-қастерлеуге сезімін бүкіл өмір тағылымынан кездестіруге ...
Толығырақ »М.МОНТЕССОРИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ БАЛАЛАРДЫҢ СЕЗІМТАЛДЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЫҚПАЛЫ
Қазіргі таңда жан — жақты жетілген білімді азамат дайындау қоғам алдындағы үлкен міндет. Бала — болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта — ықыласын дұрыс бағыттау қабілетін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс – тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік берді. Сондықтан, оқу — тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық ...
Толығырақ »Қарты бар үй қазыналы
Қазанның бірінші жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласындағы №58 мектеп-гимназиясы қабырғасында қарттар мерекесіне орай «Қарты бар үй қазыналы» атты тақырыпта мерекелі шара болып өтті. Мерекелік іс-шараны ашқан мектеп — гимназиясының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Нугуманова Самал Ботаханқызы: «Қазақ қашан да қартын құрметтеген. Туған елінің туын биік ұстауды мақсат тұтқан. Мемлекет басшысы әрқашан қарттарды ұлықтауды дәстүрге айналдырып, өскелең ұрпаққа ұлағат етіп келеді. Қарттарын ардақтай ...
Толығырақ »ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСТАЛУЫ, ҰЗАҚТЫҒЫ ЖӘНЕ КАНИКУЛ КЕЗЕҢДЕРІ
«Орта білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы». Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 337 бұйрығына сәйкес келесі мерзімдер анықталды: 1) 2019 — 2020 оқу жылының басталуы — 2019 жылғы 1 қыркүйек; 2) оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда — 33 оқу аптасы, 2-11 (12) — сыныптарда — 34 оқу аптасы. ...
Толығырақ »ЖАСТАРҒА ТӘРБИЕ БЕРУДЕ — АЛАШ АРЫСТАРЫ ҮЛГІ
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Қайрат Өмірбайұлы Сақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігі жанындағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ұйымдастыруымен Елорда мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына «Ұлт санасын жаңартудағы отандық БАҚ-тың рөлі (Алаш баспасөзі мен көсемсөзі материалдары негізінде)» тақырыбында дәріс оқыды. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіретінін ұғындырған профессор ...
Толығырақ »