Home » Author Archives: admin admin (page 1577)

Author Archives: admin admin

«Үздік жыл психологы» атағы Ақмола облысы педагогтарының үлесіне тиді

 Алматы қаласында білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтарға арналған «Үздік жыл психологы» конкурсының республикалық кезеңі аяқталды. Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі екі педагог-психологымыз — Бекахметова Жұлдыз Жасқайратқызы және Төлегенова Кенжегүл Енбекшілқызы үздік жүлделі орындарға ие болғанын хабарлайды. «Үздік жыл психологы» конкурсының республикалық кезеңі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтті. Республиканың әр өңірінен  қатысқан педагог-психологтар оқушылармен, ...

Толығырақ »

Жаңаша оқыту – заман талабы

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен басталады» -деген болатын. Ал қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов былай деген екен «Халық пен халықты теңестіретін – білім» деп айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің мақсатымыз. Сондықтан да замана көшінен қалмай, жаңалық жаршысы болуымыз керек. Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, ...

Толығырақ »

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға

Ғалым да, шахтер де бас иетін, Ұстазым, бар сенің қасиетің. Білім берген, ой берген, ақыл берген, Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең … Шындығында, мұғалім – барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары ...

Толығырақ »

Үш тілде әнді шырқайық

Жаңбырлы күзде қолшатырдың көңілді әнін бірге шырқауға шақырамын. «Қолшатыр» әннің тұп нұсқасы –Мак Миллан оқулығындағы ағылшын тіліндегі “Umbrella” әні. Өндеген нұсқаның қазақ және орыс тілдеріндегі мәтінін қарапайым түрде, мектеп жасына дейінгі балаларға жеңіл орындауына арнап құрастырдым. Тұп нұсқасы ағылшын тілінде болғандықтан, сол тілде басталады да аяқталады: I        Red and yellow Green and blue Look at my umbrella. Red and yellow ...

Толығырақ »

Заманауи сабақ –тиімді сабақ

Қазіргі  кезде егемен елімізде білім берудің  жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Соған байланысты Елбасымыздың білім саласына қойған талабы да ерекше. Нәтижесінде білім берудің мазмұны өзгеріп, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Біз, ұстаздар, дүниенің кез-келген жерінде білімін жалғастыруға, қызмет атқаруға қабілетті, ғылым мен техниканың кез-келген саласын меңгеретіндей дарынды, қабілетті ұрпақ тәрбиелеуіміз тиіс. Осы мақсатта оқушыларға білімді ...

Толығырақ »

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы туралы түсінік

   Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Мақсаты – барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. «Сыни тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға ...

Толығырақ »

Алғашқы ұстаз — ата-ана (Кеңес)

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән ...

Толығырақ »

Дәстүрлі олимпиада дарындыларды анықтады

    Қармақшы ауданы орталығындағы №105 мектеп-лицейде математика пәнінен мектеп оқушылары арасында соғыс және еңбек ардагері, ұстаз Үсен Қошалақовты еске алуға арналған аудандық дәстүрлі олимпиада өтті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған ХІ пәндік олимпиадада 100-ден астам жас математик өз білімдерін сарапқа салды. Жас білімгерлер сайысын қорытындылау салтанатында аудан әкімінің орынбасары Мәжит Сәмитов ұрпақтар сабақтастығы ...

Толығырақ »

Білімдіге биіктен орын

Білім мен тәрбиені қатар ұштастырып, қанатының астынан талай дарынды түлек ұшырған, өмірдің кең сахнасына жас бүлдіршіндерді ерекше баптап баулыған, облыстағы алдыңғы қатарлы білім ошақтарының бірі – ОҚО, Мақтарал ауданындағы Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназия. Б. Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназия облыс қана емес, бүкіл республикаға танымал білім ордасы. Танымал болуының да өзіндік себебі бар. Мектеп-гимназия соңғы 5 жылда 171 «Алтын белгі» мен ...

Толығырақ »

ІХ Халықаралық  ғылыми-практикалық конференция

М. Әуезовтың «Халық пен халықты ел мен елді теңестірген — білім» деп айтқан сөзі адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы болып табылады. Тәуелсіздік алғалы бері білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар – біздің болашағымыздың жарқын бейнесі. Себебі қай мемлекет болмасын оның дамуы білімді, білікті азаматтарға иек артады. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген, сын тұрғысынан ойлау, ақпаратты өздігінен іздеу мен талдау дағдыларына ие ...

Толығырақ »