Иә, «Білім негізі – бастауыштан» бұрын балабақшада қаланатынын «Ботақандықтар» әбден дәлелдеді. Сөзіміз айқын болуы үшін әңгімемізді әріден бастайық. Ағымдағы жылдың 27-ақпанында Астана қаласы әкімдігінің №80 «Ботақан» балабақшасы МКҚК «Мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік-танымдық белсенділігінің тәжірибелік — зерттеу қызметі арқылы дамуы» атты тақырыпта педагогикалық шеберхана өткізді. Анадайдан көздің жауын алар осы бір сиқырлы ұядай көрінген бүлдіршіндердің мекенін басқаратын Жанар Сейітқалиқызы Дүйсенова ...
Толығырақ »Author Archives: admin admin
Жаңартылған білім мазмұны сабақтан тыс іс–шараларда да маңызға ие
Жаңартылған білім мазмұны — еліміздің білім саласына жаңа леп алып келген тың үдерістің бірі. Қазір жалпы білім беретін орта мектептерде осы бағдарламаның мән-маңызы тереңдете түсіндіріліп, ұстаздарға сабақ беру барысы үйретілуде. Бұл тарапта Семей қаласындағы физика –математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің де атқарып отырған шаруасы аз емес. Жуырда Зияткерлік мектеп ұстаздары шаһарымыздағы №3 жалпы білім беретін орта мектебінде өткізілген пәндік апталыққа ...
Толығырақ »Біздің мектеп – ғылыми жобалар ордасы
Жуырда Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған «Шәкәрім оқулары» ІІІ қалалық ғылыми конференциясын өткізді. Конференцияның мақсаты: оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына машықтандыру және оқушылардың зерттеу жұмыстарын насихаттау. Конференция физика-математикалық, жаратылыстану, экономикалық, педагогикалық, инженерлік, аграрлық, гуманитарлық ғылымдар және информатика және ақпараттық технологиялар, филология бағыттары бойынша өткізілді. Еліміздегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген конференцияға 24 мектеп пен 15 ...
Толығырақ »Батыр Кубогын жеңіп алды
Семей қаласындағы физика –математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрама командасы Ауған соғысының ардагері, Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев Кубогі үшін қала мектептері оқушыларының арасында өткен әскери-спорттық жарыста 1-орынды жеңіп алды. Жарыс талабы бойынша команда мүшелері пневматикалық мылтықтан ату, автоматты жартылай бұзып-жинау және автомат оқжатарын оқпен жарақтаулары керек. Шаһарымыздағы Жастар мен балалардың шығармашылық сарайында ұйымдастырылған әскери бәсекеде мектеп намысын 11 сынып ...
Толығырақ »Жаңартылған білім беру — ұрпақ болашағы
«Қақпақ» жалпы орта мектебінде «Жаңартылған білім беру мазмұнын игерудегі кәсіби тәжірибе алмасу ықпалдастығы» тақырыбында семинар болды. Семинарға Қазығұрт ауданының барлық білім беру мекемелерінің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен Қазығұрт аудандық білім бөлімінің бас маманы келді. Мектептің барлық жасалынып жатқан жұмыстары көрме ретінде қойылып, семинарға келген қонақтар өз ойларымен бөлісті. Жаңартылған білім беру жүйесіне көшкен 1 ,2, 5, 7-сыныптарға пән мұғалімдері ...
Толығырақ »Ұрпақ тағдыры — ұстаздардың қолында
«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды» демекші, ұстаз – қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қазіргі ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманында өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық бейімдей алатын, білімді, шығармашыл, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру – мұғалімнің міндеті. Бұл міндетті кәсіби білімі жетік, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара ...
Толығырақ »180 елдің ішінде 122-орынға тұрақтадық
«Транспаренси Интернешнл» (Transparency International) деп аталатын үкіметтік емес халықаралық ұйым әр жылдың басында әлемдегі сыбайлас жемқорлық ахуалына қатысты есебін жариялап отырады. 1993 жылы «Дүниежүзілік банкте» 25 жыл қызмет істеп, кейін осы беделді қаржы институтын басқарған неміс заңгері Петер Айген негізін қалаған аталмыш ұйым әлемнің 100 астам елінде өте белсенді. Штаб пәтері Германия астанасы Берлинде орналасқан осы мекеменің 2017 жылғы зерттеу нәтижелеріне ...
Толығырақ »Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып
Әрбір халықтың болашағы бүгіннен басталады, ал бүгінгі күн — өткеніңді бағамдап, ертеңіңе бағдар жасау. Қазақ деген ұлы халықтың тектілігі сондай – үлкеннің алдынан кесе-көлденең өту, сөзге тоқтамау, қарты мен жетімін жылату, т.с.с. жағымсыз іс-әрекеттер болған емес. Бұл – халқымыздың жай ғана «Дала мектебінің» жемісі. Ал қазіргі таңда ғылым мен техника шарықтаған сайын адамзат баласының көз көріп, құлақ естімеген рухани азғындауы ...
Толығырақ »«Темірқазық» – Мәскеуден шыққан қазақ журналы
Журналдың 95 жылдығына Қазақ баспасөзінің пайда болуы мен қалыптасуы Ресей империясының қазақ даласын отарлаудың аяқталуы кезеңіне сәйкес келеді. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар XIX ғасырдың соңында Патша үкіметінің жергілікті атқарушы органдары жағынан жарық көре бастады. Ташкентте жарық көрген «Түркістан Уәлаяты» газеті (1870-1882) мен Омбыда басылып шыққан «Дала Уәлаяты» газеті (1888-1902) сияқты басылымдар Патшалық Ресейдің бұйрық жарлықтарын жергілікті халыққа өз тілінде ...
Толығырақ »«АТАБЕК» тәлімгерлік жобасы — қандай жоба?
Атабек (тәлімгер) – бұл балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жақын дос болуға, өзінің ақылымен және тәжірибесімен бөлісуге дайын, 25 жастан үлкен Қазақстан азаматы. «Атабек» жобасы жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетуге, өзіндік өмір әлеуетінің ашылуына, үлкен-тәлімгерлермен арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас арқылы жеке өмірде әрекет пен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Жобаны іске асыру кезінде балалар үйінің 10-18 жастағы тәрбиеленушілерін қамту жоспарлануда. Бірақ ...
Толығырақ »