Author Archives: admin admin
Bilim.landқа бағыт алған апталық
Жуырда біздің мектепте оқушылардың нақты пәндерге деген қызығушылықтарын ояту, оқуға ынтасын арттыру мақсатында «жаңаша оқыту-білім сапасын арттыру негізі» атты математика, информатика және физика пәндерінің апталығы болып өтті. Апталық басталар алдында іс-шаралардың жоспары құрылып, ол жоспармен пән мұғалімдері, сынып жетекшілері және 5-10 сынып оқушылары танысты. Ең алдымен математика, информатика және физика бұрышын пән мұғалімдері жасақтап, ал 5-сынып оқушылары – «Мысырлықтардың еңбегі» ...
Толығырақ »Нұрпейіс Байғанин атындағы дәрісхана ашылды
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде ХХ ғасырдағы қазақ халық поэзиясының аса көрнекті өкілі, жыр алыбы Нұрпейіс Байғанин атындағы дәрісхана ашылды. Мақсаты — жас ұрпаққа Нұрпейіс Байғаниннің әдеби мұрасын насихаттау, жастардың бойына патриоттық тәрбие-тағлымын сіңіру, Отаншылдық қасиетті, елге, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, адамгершілік ізгілік пен зиялы қасиеттерге, туған халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Аталмыш шараға зиялы қауым өкілдері, Н.Байғаниннің ұрпақтары, ақтөбелік ...
Толығырақ »Елбасы Жолдауына қолдау балабақшадан басталады
Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ұлттық сананы айқындайтын және қоғамдық сананы өзгерту жолдарының жалпы бағыттарын белгілейтін дүниетанымдық-идеологиялық бағдарламалық мақаласында жаңа тарихи кезеңге тән қатерлер мен тәуекелдерге жан-жақты баға беріп, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің терең көзқарасын білдіріп, экономикалық реформаларды жариялаған болатын. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаланы насихаттау бағыты бойынша жұмыстар бүгінгі күні қарқынды жүзеге ...
Толығырақ »Тұрған жерімнің тарихын түгендедім
Мақаламыздың кезекті қаһарманы 1958 жылы 28 қазанда, қазіргі Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Ащысай елді-мекенінде өмірге келген Тоқтасынова Бақытқыз Сатылғанқызы. Қазіргі таңда №156 жалпы білім беретін мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып жүрген Бақытқыз Сатылғанқызы өзінің еңбек жолын туған жеріндегі Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде бастаған. 1995 жылы Алматы қаласының маңындағы Өжет елді-мекеніне келіп, жергілікті мектепте өзінің ұстаздық өмірін жалғастырған екен. Жеміссіз ...
Толығырақ »Ұрпақ тәрбиесі – ұлағатты іс
Тәуелсіздігімізді алып бүгінгі таңда адамгершілігі мол, сапалы да, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтың тәрбиенің алатын орны ерекше.Халқымызда «Баланы – жастан» деген дана сөз бар. Тәрбиенің тал бесіктен басталатынын ескерсек, ата – бабадан келе жатқан салт дәстүрді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін бере білсек, бұл бала тәрбиесіне қосқан үлкен үлесіміз болып табылады. Бала тәрбиесіне тек отбасы ғана емес , сонымен ...
Толығырақ »Мың алғыс саған, қазақ елі!
Тараз қаласының Дмитрий Карбышев атындағы №16 орта мектебінде оқушыларды қазақстандық патриотизмге, елжандылық пен толеранттылыққа тәрбиелеу, еліміздің тарихын құрметтеуге баулу, рухани-адамгершілік құндылықтарын сіңіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында 1 наурыз-Алғыс айту күніне орай «Мың алғыс саған, қазақ елі!» атты мерекелік кеш өткізілді. Іс-шара барысында атаулы мерекенің маңыздылығына, шығу тарихына тоқталып, мәліметтер берілді. Тағдырдың тауқыметімен жер ауып келген қаншама ұлт өкілдері қазақ жерінен ...
Толығырақ »