Home » Author Archives: admin admin (page 1243)

Author Archives: admin admin

Рухани жаңғырудағы ұстаздардың рухани талпынысы  

  Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30р елдің қатарына қосылу. «Болашақ жастардың қолында» демекші сол жастарды тәрбиелеп білім беретін біз ұстаздар.Ендігі кезекте өз ойымызбен бөліскелі отырмыз. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес адамдарының бәсекелестік қабілетімен айқындалады. Сол себепті Елімізде шынайы білімнің саны мен сапасын көтеру керек деп ойлаймын. Өйткені «Рухани жаңғыру» біздің білімді ...

Толығырақ »

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ұлттық идеологиялық бағытымыздың кепілі жаңғыру яғни адам баласы бастапқы кезеңде өзінің ішкі жан дүниесін жаңартудан бастаса біздің рухани жаңғыруымызда оңай болушы еді деп ойлаймын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар :рухани жаңғыру» мақаласымен таныстым. Еліміздің болашақтағы келбетін анықтайтын бәсекеге қабілеттілік. Бәсекеге қабілеттілік барлық салада болады деп ойлаймын. Мысалы саясатта, экономикада, руханиятта, сонымен қатар білім саласында да бар ...

Толығырақ »

ЕКІБАСТҰЗ — АҢЫЗ ҚАЛА

Әр адамның туған жері бар. Нақты осы жер оны елінің өткенімен және болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті, балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Отан-отбасынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала… Менің қаламның тарихы мүлдем өзгеше. Ертеде бір ауылда қойшы қой бағып жүріпті. Күздің бір суық күні қойшы қатты тонып, от жақпақшы болыпты. Ол құрғақ ағаш ...

Толығырақ »

Көктем

Маған жыл мезгілдерінің ішінде көктем қатты ұнайды. Себебі, бұл мезгілде табиғат жаңарып, жануарлар төлдейді, құстар ұя салып, дала бәйшешек гүлдерге толады. Көктем айларында көп мерекелер аталып өтеді. Алғыс айту күні, Халықаралық әйелдер күні, Ұлыстың ұлы күні, жыл басы – Наурыз мерекесі, Ғарышкерлер күні,  Бірлік пен ынтымақ күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні болып, жалғаса береді. Наурызда күн мен түн теңеледі.  ...

Толығырақ »

АСТАНА — ОТАНЫМНЫҢ ЖҮРЕГІ

Астана – арман қала. Әр қаланың өзіндік тарихы мен тағдыры болады. Астананың тарихы тереңде жатыр. Алғашқыда Целиноград, кейін Ақмола атауына ие болған. Ал 1998 жылы әлемге әйгілі Елордасы – Астана  қаласына айналды. Бүгінде ол сәулетті ғимараттарымен, көрікті көшелерімен, түрлі тарихи ескерткіштерімен танымал. Мен Астанаға кішкентай кезімде барғандым. Биыл оқуымды жақсы бітірсем, ата-анам мені Астананың 20-жылдық мерейтойына апарады деп үміттенемін. Өйткені, ...

Толығырақ »

ОРТА БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

(Белсенді оқытудың жекеленген әдіс-тәсілдерінің тиімділігі, практиктің көзқарасы) «Біздің міндетіміз-білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сын тұрғысынан ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет». ҚР Президенті Н.Назарбаев. («Қазақстанның Үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 31.01.17жылғы Қазақстан Халқына жолдауынан). Қазіргі уақытта мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуы жылдам өзгеріп жатқан әлемнің талабы деп білемін. Бүгінгі күні барлық елдер ...

Толығырақ »

БАЛАҚАЙЛАРДЫҢ БАЛҒЫН ТУЫНДЫЛАРЫ

Павлодар облысы Екібастұз қаласының №11 жалпы орта білім беретін мектебінің  бастауыш сынып оқушылары: Айсұлтан Бәрмен мен Диляра Жүсіп сурет салудан мектепшілік, қалалық  сайыстардың жүлдегерлері. Айсұлтан  мен Диляра 2 «а» сыныбында оқиды. Олардың қазіргі оқу үлгерімдері де ойдағыдай. Балдырғандардың балғын қыл қаламынан өрілген  әрбір туынды мектеп оқушылары мен ұстаздарының құрметіне бөленіп келеді. Олар алдағы уақытта да шығармашыл шәкірттерінің  жүлделі жетістіктері көп ...

Толығырақ »

АНАЛАР — АСЫЛ ЖАНДАР

«Шет жүрсем сағынарым, Жабықсам шағынарым. Анашым, бір өзіңсің — табынарым…» деген өлең жолдары менің анашыма арналып айтылғандай. Шыр етіп, өмірге келгеннен бастап, анашым мен үшін ең жақын, ең әдемі, ең ақылды адам.  Мен үшін түн ұйқысын төрт бөліп, мені аялап, мәпелеп, өсіріп келеді. Анашым барда мен ештеңеден қысылмаймын, қиындықтан қорықпаймын. Ол мені еркелетеді, қамқоршым болып, қуансам да, мұңайсам да қасымнан ...

Толығырақ »