Home » Мақалалар » Заманауи білім мазмұны бойынша бастауыш сынып оқушыларын сабаққа қызығушылығын арттыру  

Заманауи білім мазмұны бойынша бастауыш сынып оқушыларын сабаққа қызығушылығын арттыру  

ХХІ ғасыр мұғалімі оқушылардың белсенді, бірлескен оқу ортасын құрушы ретінде танылады. Осы ретте К.Ушинскийдің «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады» пікірімен санасу өзекті.

Заманауи білім мазмұны оқу үдерісінде «білім алу жолын»білетін, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол тұлғаны қалыптастыру қағидасын ұстанады.Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрліпедагогикалық тәсілдерді қолданады.

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын  әртүрлі әдістермен арттыруға болады. Сондай –ақ интербелсенді тақтамен анимациялық суреттер көрсету, топтық жұмыстар барысында «семантикалық карта», «бес жолды өлең», «ойлан, жұптас, талқыла» т.б. әдістерді пайдалануға болады. Жалпы адамның мектептегі білім алуда сапалы нәтижеге жетуі үшін бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие үрдісі қазіргі заман талаптарына сай құрылуы шарт. Баланың кейінгі  болашақтағы білімі бастауыш бауындағы білімнің сапалығына тікелей байланысты.

Бастауыш сынып пәндері бойынша оқу бағдарламалары оқушыларға қызықты тақырыптар бойынша жеке, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыстар арқылы оқу үдерісіне белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Бұл оқушыларды оқуға ынталандырып,ішкі уәжін арттырады. Мұғалімдер осы мәселелерді ескерсе, оқушыларының уәжін арттыруда тиімділікке қол жеткізеді.

Жаңартылған білім бағдарламасы оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді жетік білуді және таңдап қолдануды талап етеді. Стратегиялар мен әдіс-тәсілдер оқушының сабаққа деген қызығушылығын көтереді. Әдіс- тәсілдерді жетік білуді және таңдап қолдануды талап етеді. Стратегиялар мен әдіс-тәсілдер оқушының сабаққа деген қызығушылығын көтереді.

 

Аширова Жулдуз Алмабековна,
Алматы қаласы «№76 жалпы білім беретін мектеп» Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
бастауыш сынып мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.