Бүгін республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Арыстық балғындар қуанышқа кенелді. Жаңа оқу жылының алдында бастамаға ұйытқы болған «KAZAKHSTAN ASELSAN ENGINEERING» (KAE) ЖШС-і.
Акцияның мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық компания өкілдері, өздерінің әріптестеріне қолдау білдіру мақсатында, мекемеде қызмет атқаратын жұмысшылардың, мектеп оқитын балаларына көмек қолын созу. Яғни мектеп оқушыларына оқуға қажетті құрал-жабдықтар мен сертификат табыс етілді.
Шараға арнайы қатысқан «ҚазТехнология» компаниясының өкілі Нуриддин Ергебеков мұндай игі шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі