Home » Жаңалықтар » Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары бойынша ақпарат (11.07.2019 ж. сағат 09:00 жағдай бойынша)
Арыс қаласын қалпына келтіру мақсатында Шымкент қаласының əкімдігі 10 секторда келтірілген залалды есептеу жұмыстарын жүргізуде. Штабты Арыс қаласының əкімдігі М. Əуезов атындағы орта мектебінің ғимаратында ұсынды, штаб басшысы болып Шымкент қаласы əкімінің орынбасары Б. Мамыталиев тағайындалды.
Залалды бағалау жəне жою үшін барлығы Шымкент қаласы əкімдігінің жəне мердігерлік ұйымдардың 398 маманы қосылды, оның ішінде:
1. Шымкент қаласының əкімдігі-15 маман;
2. Мердігерлік ұйымдар-10 компанияның 383 маманы. Шымкент қаласы əкімдігінің мамандары тарапынан барлық объектілерді шолу жұмыстары жүргізіліп, жалпы 703 ақау актілері түзілді, оның ішінде:
1. Тұрғын үйлер — 652 (646 — жеке тұрғын үй; 6 — көппəтерлі үй);
2. Коммерциялық объектілер — 36;
3. Əлеуметтік нысандар — 15 (2 мектеп, 1 бастауыш мектеп, 1 спорт мектебі, 1 кəсіптік лицей, 7 балабақша, 1 емхана, 1 тері.диспансер, 1 жедел жəрдем бекеті) барлығы жөндеуге жатады.
Соның ішінде 652 тұрғын үй тексерілді: — 637 үй — иелерінің қатысуымен, оның ішінде 595 үй жөндеуді қажет етеді (591 — жеке тұрғын үй; 4 — көппəтерлі үй); — 15 — иесінің қатысуынсыз, сыртқы тексерумен. Соңғы ақау актілері үй иелерінің қатысуымен жасалатын болады (меншік иелерінің өздері де, Түркістан облысы əкімдігінің өкілдері де қол қояды деп күтілуде).
Апатты жағдайда жөндеуге жататын 595 тұрғын үйдің 21 тұрғын үй апатты жағдайда (7-і жанып кетті, 14-і апатты).
Қалпына келтіру жұмыстары үшін бөлінген секторға 10 құрылыс компаниясымен алдын ала келісім-шарттары жасалып, қол қойылды жəне қазіргі уақытта жұмыстар басталды.
Мердігер мекемелер — “РСУ-1” ЖШС, “Отау Строй” ЖШС, “Корпорация Сити Строй”, “АРТ Құрылыс” ЖШС, “Югстройсервис-Н” ЖШС, “Kanfar Building” ЖШС, «Отар курылыс» ЖШС, «Нурали и К» ЖШС, “BI Group” ЖШС, “МН строй” ЖШС.
37 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды, сондай-ақ 12 апатты үйді бұзу аяқталды, 275 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде (шатырлар мен терезелерді бөлшектеу), 320 үй бойынша Алматы жəне Шымкент қалаларында пластикалық терезелер жасау жүріп жатыр дейді

Қуантай Амантайұлы,

BILIM AINASY

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.