Home » Айтарым бар » Заман талабы- озық технологияларды жаңаша меңгеруді талап етеді

Заман талабы- озық технологияларды жаңаша меңгеруді талап етеді

 

Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман»,- деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі білім беру ордаларында мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор.

Болашақта дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». XXI ғасыр — озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Əсіресе шет тілін үйренуде мұның пайдасы өте зор. Себебі, тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мəдениеті мен əлеуметін қатар үйренеді.

Жаңа білім пирамидасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алуын дамуын қойып отыр. Жаңаша оқыту технологиясы белгіленген мақсатқа нəтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Жаңаша оқыту технологиялардың бірі — «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы-технологиялардың ішіндегі шоқтығы биік, ерекшелігі мол, құнды технология.

Бүгінгі күнде оқу процессі бұрынғыдан өзгешелеу. Өйткені техника, ақпараттық құралдар дамып келе жатыр. Оқушылар барлық мәліметті интернеттен алуға қызығады, қолына кітап алғысы, ізденгісі келмейді. Мұғалімнің алдындағы басты мәселе қайтсем оқушыны сабаққа қызықтыра аламын деген сұрақ аясында болуы керек. Интербелсенді әдістерді қолдану білім алушы мен білім берушінің арақатынасын мықтай түседі. Ол үшін мұғалім ізденімпаз,талапшыл,тапқыр болуы керек. Мұғалім бағыттаушы, ал шәкірт орындаушы болуы қажет. Қазіргі кезде республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығы негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнделікті  дамытылып отырған ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Оны оқытушы өз педагогикалық тәжірбиесіндегі материалдармен толықтыра отырып,әрі қарай жетілдіре алады.

Мұғалімнің және оқушының шығармашылық жұмыстарының ғылыми деңгейін қалыптастыруда, үздіксіз процесс болу қажет. Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану, бағыт-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Осы үдеріспен бәсекеге қабілетті дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек. Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем!

 

Аманова Толкын Жексембековна,
Алматы қаласы «№76 жалпы білім беретін мектеп»
Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
бастауыш сынып мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.