Home » Балабақша » Балабақшадағы  мектепке дейінгі балалардың денсаулығымен адамгершілік рухани сапалы тәрбиесі

Балабақшадағы  мектепке дейінгі балалардың денсаулығымен адамгершілік рухани сапалы тәрбиесі

 

 

 

 

 

Отанды сүю- бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу,өз үлесінді қосып дамыту және кейінгі ұрппаққа аманат қалдыру .Олай болса, еліміздің ертеңгі болашағы-бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып  қалыптасуы  қыруар  уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс.Ұлы Абай: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды танидыдағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады , десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды  қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді, деген екен.Бүгінгі таңдағы біздің бар мақсатымыз, іс жоспарларымыздың барлығы балабақшадағы тәрбиеленушілерге жан-жақты жағдай жасау, солардың Қазақстан Республикасының болашақ азаматы ретінде тәрбиеленіп өсуі үшін күні бүгіннен бастап  негізінің  берік қалануына бас  назар аудару. Әрбір ісімізді балалардың болашағы үшін арнап отыруды өзімізге басты міндет санаймыз.Тәрбие мен баланың алғашқы деңі- мектепке дейіңгі тәрбие ошағында беріледі. Бала бойындағы жаңа қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі болып тәрбиеленуіне балабақша ошағының маңызы зор екені белгілі. Мектепке дейінгі білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойған басты мақсат- баланың жас ерекшелігіне қарай балалар тарихы негізге ала отырып, ұлттық тәрбиені салт –дәстүрді бойына сіңіріп жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуына ықпал ету. Халқымыздың әдептілік, инабаттылық, мейірімділік, қарапайымдылық, ізеттілік, қонақжайлық қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру үшін әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, салт дәстүрін , әдеп –ғұрыптарды  жақсы меңгерген  рухани дүниесі бай, жаны таза адал жан болуы керек. Бала өміріне немқұрайлы қарамай  балаға қазіргі заман талабына сай,мағыналы білім берсек қана,біздің бүлдіршіңдеріміздің болашағы жарқын болады.Бала отбасында дұрыс тәрбие алса,тәрбиелеудің нәтижесі жоғары болмақ.

Атақты Б.Момышұлы атамыз үш нәрседен қорқамын деп айтқан екен:

Өзінің сәбиіне бесік жырын айтпаған анадан;Немересіне ертегі айта алмаған  ата мен әжеден; Өз тілін құрметтемеген адамнан.Сондықтан,балаға отбасы тәрбиесінің маңызы зор.Балаға тіл мәдениетін игерту, баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін процесс. Тіл дамыту жұмысын тек балабақшада дамытып қоймай, отбасында жүйелі жүргізу үшін ата –аналарға баланың тілін түрлі дидактикалық ойындар арқылы дамытатын жинақ кітапшаларын тараттық. «Қажетті суретті тап», «Формасы ұқсас заттарды тап», «Нені қайдан алуға болады», «Жұмбақ ойындар» атты дидактикалық ойындарды күнделікті өмірде, отбасында, тілі жаңа шыққан баланы сөйлете білу, сөздік қорының көбейтуге қолдана білді. Бала, ата-ана, педагог ынтымақтастығы нығайған сайын түсінісу де жеңіл, пікірлесу де оңай, ең бастысы балаға тиімді екенін байқадық.

Тәрбиешінің нағыз данышпандығы –әкенің,шешенің,педогогтың-балаға бақыт беруі.Балалаық шақтың бақыты-жылылық пен қорек беретін отбасының тыныштығы.В.Сухомлинский.
Ойын- баланың жетекші іс-әрекеті. Ойынды тәрбиелеу және дамыту құралы ретінде қолданады. Әсіресе дидактикалық ойындар мен түрлі материалдар арқылы жүргізілетін ойындар кеңінен пайдаланылады. Оқу іс-әрекетінде ойын элементтерін тәрбиешіден аса біліктілік пен шеберлікті, шығармашылық ізденісті қажет етеді. Ойынға балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы деп қарамай, балаға берілетін танымнын білім мен тәрбиенің құнды негізі деп қараса ғана үлкен мақсатына жете алады.
Адам баласы өмір бойы тәрбиеленіп, үздіксіз білім алуы қажет. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасындағы ата-ананың ықылас пен мейірімділігінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешінің шұғылалы шуағына бөленеді. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де, тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақша ошағының маңызы зор екені белгілі.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында « Мектепке дейінгі тәрбие- үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.
Балабақшада өткізілген оқу –тәрбие жұмыстарының сапалы жүргізілуін, педагогтардың кәсіби біліктіліктерін шындау, олардың қаншалықты ізденушілікпен, шығармашылықпен жаңа технологияларды қолдану деңгейлерін анықтау, қажет болғанда әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Мониторинг айнасы» айдарында бақылау жұмысы жүргізіледі.
Тәрбиешінің басты міндеті- бойында ұлттық санасы қалыптасқан, дені сау, жан дүниесі бай жан- жақты азамат тәрбиелеп өсіру. «Ел боламын десен, бесігінді түзе» деп дана халқымыз айтқандай тәрбиелі, білімді ұрпақ әрқашан ұлт мақтанышы, беделі болатыны анық.
Қорытып айтқанда ұлы педагог Макаренко: «Тәрбие ішінде ешбір ұсақ- түйек деуге нәрсе жоқ. Еш нәрсені ұсақ- түйек деуге, ұмытуға хақымыз жоқ. Өз өмірімізде немесе балаңыздың өмірінде бір нәрсені ерекше деп бөлек алып, соған қатты зер салып, қалғандарын елемей қалдырсаныз қателіктің ең зоры сол болып шығады. Ұсақ- түйектер үздіксіз, күнбе-күн, сағат сайын кездесіп отырады және өмірдің өзі сол ұсақ-түйекпен құралады, өмірдің бұл жағына басшылық көрсету және оны ұйымдастыру сіздің және біздің ең жауапты міндетіміз» -деген.

Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргеніне емес.(Абай Құнанбаев)

Пайдаланған әдибеттер тізімі:
1.Алдаспан танымдық журнал №7-8. 2018
2.Абай Құнанабаев  қара сөздері
3.В.Сухомлинский нақыл сөздері
4.Мектепке дейінгі балалардың психологиясы В.С.Мухина 1975,9

 

Альжанова Алмагуль Нуралиевна,
Астана қаласы
№69 «Еркем – ай» балабақшасы
«Қарлығаш» ортаңғы топ тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.