Home » Балабақша » Халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеу тілін дамыту

Халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеу тілін дамыту

Алимбекова Камшат Багисбековна,
Астана қаласы
№69 «Еркем – ай» балабақшасы
«Балбұлақ» мектепалды даярлық
тобының тәрбиешісі.

 

 

 

 

 

Балалар жағымсыз кейіпкерлердің жаман әрекеттерінен бойларын аулақ ұстап, жақсылыққа құмартады. Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты, тартымды бала санасына лайықтап жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі бастылары:
1. Қиял — ғажайып ертегілері
2. Хайуанаттар жайындағы ертегілері
3. Тұрмыс — салт ертегілері
4. Аңыз ертегілері
Мектеп жасына дейінгі балаларға осы аталғандардың бастапқы екі түрі оқытылады. Ертегілер балалардың жас ерекшелігіне сай жоспарланады.
Кіші топтарда (3 — 4 жас) ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады. Ересектер тобында (5 — 6 жас) оқығанды тыңдату мен әңгімелеп беру қатар жүргізіледі.
Мұндағы мақсат – ертегіні әңгімелеуге үйрете отырып, оқылған ертегіні шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету болып табылады.
Халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан, өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы — мақал мен мәтелдер арқылы да беріледі.
Қазақтың мақал — мәтелдері негізінен елдікке, ынтымақ — бірлікке, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелейді. Халықтық шығармалар ішінде жұмбақтар үлкен рөл атқарады.
Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой — қиялын ұштастыруға көп әсер етеді. Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімдейтін жанр – жаңылтпаш. Балалар жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді.
Бала тілін дамытуда, ой — өрісін кеңейтуде халық ауыз әдебиетін балабақшада пайдаланудың маңызы зор.
Оқу іс- әрекетінде  ертегілерді қолдану  арқылы негізгі педагогикалық   дәстүр пәнаралық  байланысты  жүзеге  асыруға болады.
Енді  ертегілерді  орынды қалай қолдануға болады.Мысалы.   «Түлкі мен тырна»  ертегісі көркем әдебиет оқу іс-әрекетінде   осы ертегіні  балаларға аудио арқылы  тыңдатып    өздеріне  сол ертегіні   саусақ театры арқылы сахналатып.Т үлкінің  қандай қу аң екенін  және ол өзінің  досы тырнаға қандай қастық жасағандығын  көрсету.Тырнада  өзінің есесін жібермей түлкіні қайта қонаққа шақырып , өзіне  жасаған  қастандығының қалай қайтарғаныдығ туралы өздері көрсетті.

Түлкіні сомдау арқылы өздерінің де қызғаншақ болуға болмайтындығын  жете түсінді деп ойлаймын.Ең жаман қасиет екендігін көрсетті.

Түлкі  мен тырна ертегісін аплликация оқу іс-әрекетінде қолданып,   қағаздан түлкі мен  тырнаны қиып өздері жапсырды.

«Қорегін тап»  ойынын  ойнату  арқылы  балаларға  аңдар мен жануарлардың   немен  қоректенетінін  түсіндіру.

Ертегі халық  ауыз әдебиетінің  негізгі  бөлімдерінің  бірі екенін   ескерсек,олардың  бала тәрбиесіндегі  яғни  жас  бүлдіршіндерді  адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелейді.

Мақал  -мәтелдер   балаларға  терең ой  салып,көркем сөйлеуге  жаттықтырып,   сөздік  қорын дамытады.Ойлау қабілеттерін арттырады.Тәрбиелі сөздерді есте сақтауға,күнделікті  өмірде қолдана білуге қалыптастырады.
Бейбіт елде береке бар.  (тату болу)
Айтылған сөз атылған оқпен тең     (сөзінде тұру)
Синоним    сөздерді   көп  мағыналы  сөздерді ажырата білуге  бейімдейді.
Халық   ауыз әдебиетінің бір түрі – жұмбақтар.

Жұмбақтар  — белгілі бір  заттар мен  құбылыстардың  ең  негізгі  қасиеттерін жұмбақтап айту арқылы баланы ойлауға мәжбүр ететін  ой жаттығуы.Бала үшін қоршаған  орта жұмбақ  дүниелерге,т үсініксіз  оқиғаларға толы. Балалар  қоршаған ортаның сырын ашуға,білуге құштар келеді.Баланы  ойлауға,жасырған заттың шешімін табуға жаттықтырады..Баланың ұшқыр ойын,ой санасын қызмет етуіне серпін береді.

Жұмбақты шешуде бала ойланады.Әр түрлі заттардың ұқсастықтарымен  айырмашылықтары  мен  салыстырады. Ойланып өз ойларын жеткізеді.Жұмбақ  баланың білімін тиянақтау   үшін оқу қызметтерінде де кеңінен қолданады.М.Ғабдуллин «Жаратылыс дүниесі,табиғат  жайлы еңбек құралдары,хайуанаттар мен өсімдіктер,адам және оның өмірі,өнер,білім,техника т.б. жұмбақтардың  басты тақырыбы» деп   жұмбақтарды     тақырыптарға бөле отырып  зерттеген.

Жаңылтпаш —  халықтық  шығармалар ішінде баланы дұрыс сөйлеуге үйрететін, т ілін дамытатын жанр.

Жаңылтпаш деген аттың өзі жаңылтудан шыққан.Ш.Ахметов өз еңбегінде   бұл жанр көбіне мектеп  жасына дейінгі балалармен  бастауыш  мектеп  оқушыларына  лайықты екендігін  атап өткен. Жаңылтпаштар м азмұнында халық өмірінің  т үрлі қырларын, адамдардың,жануарлар мен жәндіктердің іс-әрекеттерін таныстыратын жақтары жиі кездеседі.  Тез айтудың  қиындығы да  сол  жаңылтпаш сөздерінанық айтып, ішкі мәнін  аша білуде. Халық  ауыз әдебиетінің бір  саласы – жаңылтпаш.Жаңылтпаш  сөйлеуді дамыту,көркем әдебиет оқу іс-  әрекетінде  тыс уақытта сөздің  дыбысталуын,дұрыс,тез анық айта білу мақсатында қолданады.

Қиял дүниесінен тараған ғажайып оқиғалы  ертегілер, жырлар,өмір тәжірбиесінің қысқаша қорытындысы.

Мақал-мәтелдер,жұмбақтар, жаңылтпаштар бәрі де балабақшада баланың тілінің  дамуына әсер  етеді. Халық ауыз әдебиеті балалардың тілін дамытуға  үлкен үлес қосады деп  ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер  тізімі:

1.Қазақ этнопедагогикасы- тәрбие бастауы. (әдістемелік құрал Астана 2011ж)

  1. А.Бәделқызы халық қазынасы Астана 2012ж

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.