Жусипова Райхан Бериковна,
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы,
«Болашақ» балабақшасы, ағылшын тілі пәнінің
жетекшісі
Мақсаты:
Білімділігі: Жаңа «ABCD» әріптерінен басталатын жаңа сөздерді үйрету. Балаларды ағылшын әліпбиіндегі алғашқы тұрған 4 әріппен, яғни «ABCD» әріптерімен таныстыру. Жаңа apple, ball, car, doll заттардың атауларын дұрыс атай білуге, білімділіктерін арттыру.
Дамытушылығы: Тыңдау және сөйлеу дағдыларын дамыту. Сұраулы «How many?» сөз тіркесін қолдануды дамыту.
Тәрбиелілігі: Ағылшын тілінде санауға баулып, тілге деген жалпы қызығушылыққа тәрбиелеу. Балаларды тапқырлыққа, іздемпаздыққа, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын
Көрнекіліктер: А3 форматтағы суреттер, әліпби плакаты, аудио таспа, ноутбук арқылы арнайы дайындалған презентация.
Билингвиалдық компонент:
apple – алма – яблоко
ant – құмырсқа – муравей
ball – доп – мяч
butterfly – көбелек – бабочка
car – көлік – машина
cake – торт – торт
drum – дауылпаз – барабан
doll – қуыршақ – кукла
Инклюзивтік әлеумет: Өте баяу балалар: Жанерке, Руана
Өте ширақ балалар: Толғанай, Далия
Мотивациялық қозғаушы
Жылулық шеңбері
Балалар шеңберге тұрып, жүректі бір — бірінің қолына беріп жақсы сөздерді айтады.
- Good morning, children!
- How are you?
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Кіріспе бөлім
— Балалар өткен сабақта біз сендермен түстермен таныстық. Қанеки мына суреттерге қарап сұрақтарға жауап беріңдерші балалар.
— What colour is it?Негізгі бөлім.
— Балалар тақтаға қараңдаршы. Мұнда не көріп тұрсыңдар?
(Балалар, ағылшын әліпбиін «Alphabet» деп жауап береді).
Педагог балаларға ағылшын әліпбиімен «Alphabet» таныстырады.
— Ал енді балалар олай болса, біз барлығымыз әліпбиді түгелімен айтып шығайық. Жарай ма? Ол үшін менен кейін қайталаңдар. Repeat after me
(Барлық әліпбиді түгелімен айтып шығады.)
— Балалар бүгінгі тақырыбымызға сай, алғашқы тұрған 4 әріпті қайталап, содан соң мысал келтіріп өтейік.
For example: A, B, C, D.
Letter A – an apple, an ant
Letter B – a ball, butterfly
Letter C – a car, a cake
Letter D – a drum, a doll
- Балалар, біздің тақырыппен байланысты «Alphabet song» атты әнді орындасақ қайтеді?
A B C D E F G
H I J K L M N O P
Q R S T U V W
Q R S T U V W
X Y Z and now you see
Now I know my ABC
(Педагог балалармен бірге әнді орындап шығады).
— Балалар, бізге математика Патшайымынан хат келіпті. Онда бірнеше тапсырма беріпті. Соны орындайық. Ол тапсырмаларды орындау үшін балалар, ең алдымен «How many?» — Қанша? сұрағына жауап беруді үйренуіміз керек.
(Балалар сұрақты меңгереді).
— Енді балалар, математика Патшайымының тапсырмаларын орындауға кірісейік.
1 – тапсырма
«Сандарды тура және кері санау». (Үш тілде)
2 – тапсырма
Аталған заттардың пішіндерін тап және оларды үш тілде ата.
Күн – дөңгелек, круг, circle
Кітап – төрбұрыш, квадрат, square
Шатыр – үшбұрыш, треугольник, triangle
Жұмыртқа – сопақ, овал, oval
3 – тапсырма
«Логикалық есептер»
- Бағдаршамда неше көз бар? (үш – три – three)
- Адамда қанша саусақ бар? (он – десять – ten)
- Аспанда неше күн бар? (бір – один – one)
- Сенің қолың нешеу? (екі – два – two)
- Үш сиырдың неше мүйізі бар? (алты – шесть – six)
— Ал, ендігі кезекте біздің бүлдіршіндер A, B, C, D әріптеріне байланысты жаттаған жаттауларын қабыл алыңыздар.
A is for Apples (Далия)
and Apple – trees
You can see apples
on apple — trees
B is for Books (Толғанай)
and for Bookcase.
I have many books
in my bookcase
C is for Cat. (Медина)
My cat is grey,
And with me
it likes to play
D is for Dog (Айжұлдыз)
And for Doggy
I have a dog,
In my house
Сергіту сәті:
Stand up,
Hands up,
Hands down,
Sit down.
Дидактикалық ойын:
«Draw the picture»
Педагог A, B, C және D әріптерінен келетін сөздерді айтады. Балалар айтылған сөзді ыдыстағы құмға суреттеп салулары керек. Ол үшін педагог:
A B C D E F G
Come again
And play with me
For example: Letter A – apple
Letter B – ball
Letter C – cake
Letter D – drum
Рефлексиялық — түзетушілік:
Педагог оқу – қызметін қорытындылайды. Жаңа сөздерді қайталатады. «How many?» сұрағын пысықтайды.
Бағалау түрі:
Балаларға күлегештер (смайлик) беру.
Күтілетін нәтижелер:
Орындайды: Жаңа сөздердің дыбысталуын анық орындай алады.
Түсінеді: Жаңадан қолданылған сөздердің айтылуын түсініп, айта алады.
Қолданады: Сәлемдесуді, қоштасуды, санауды, ағылшын тілінде қолданады.