1. БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫНЫҢ ӨНДІРІС КӨЛЕМІ РЕКОРДТЫҚ  90 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайын (@erlankusaiyn) Қарағанды облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ауданның әлеуметтік — экономикалық дамуы туралы брифинг өткізді.

Бұқар жырау ауданының экономикасын алға жетелейтін басты салалардың бірі – өнеркәсіп саласы.

Аудан аумағында “Сарыарқа” арнайы экономикалық аймағы мен 3 ірі көмір разрезі (“СатКомир” ГРК АҚ, “Разрез Кузнецкий” ЖШС, “Куучек” ГПП ЖШС) жұмыс істеп тұр.

2024 жылы ауданның өнеркәсіп орындары өндіріс көлемін тұрақты түрде арттырып, 90,5 млрд теңге көлемінде өнім шығарды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,8%-ға жоғары (2023 жылы – 79,5 млрд теңгені құрады).

Негізгі көрсеткіштерге тоқтала кетсек:

Тау-кен өндірісі – 23,6 млрд теңге, өсім 16,8%.

Өңдеу өнеркәсібі – 66,2 млрд теңге, өсім 13,7%.

Экспорт көлемі – 12,2 млрд теңге, өткен жылмен салыстырғанда өсім 22% (2023 ж. – 10,0 млрд теңге)

Ауданымыздың өнімдері Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа елдерге экспортталуда. Экспортқа өнім шығаратын кәсіпорындар қатарында:

«Севен Рефракториз Азия» ЖШС, «Бемер Арматура» ЖШС, «СатКомир» ГРК АҚ, «Изоплюс Центральная Азия» ЖШС бар.

2025 жылы жаңа кәсіпорындар іске қосылады. Атап айтсақ:

«Qaragandy Power Silicon» ЖШС – кешенді қорытпалар шығаратын зауыт. Жобаның құны – 62,8 млрд теңге, 1145 жұмыс орны ашылады. Іске қосу мерзімі – 2025 жылдың 1-жартыжылдығы.

«Power Blast» ЖШС – химия өнеркәсібі, жарылғыш және пиротехникалық заттар өндіру. Жобаның құны – 1,61 млрд теңге, 31 жұмыс орны ашылады. Іске қосу мерзімі – 2025 жылдың 1-жартыжылдығы.

Бұқар жырау ауданының өнеркәсібі тұрақты даму жолында. Бұл жетістіктер – бірлескен еңбектің нәтижесі.

  • БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫНЫҢ 2024 ЖЫЛҒЫ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 48 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

2024 жылы Бұқар жырау ауданында негізгі капиталға 48 млрд теңге инвестиция салынды. Оның 41 млрд теңгесі – жеке инвестициялар. Қаржы негізінен кәсіпорындарды жаңғыртуға, құрылыс пен техника сатып алуға жұмсалды.

Ірі жобалар қатарында:

«Қарағанды Power Silicon» ЖШС – 12 млрд теңге;

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС – 18 млрд теңге;

«Қазақавтожол» ЖШС – 2,9 млрд теңге;

«Power Blast» ЖШС – 900 млн теңге.

2025 жылы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында 21,8 млрд теңгеге 4 жаңа жоба іске қосылады. Олар алюминий радиаторлар, сэндвич-панельдер, су есептегіштер және теміржол бөлшектерін өндіретін зауыттар.

Сондай-ақ, қуаттылығы 500 МВт жел электр станциясы салынады. Жобаның құны – 336 млрд теңге. Құрылыс Баймырза, Тұзды ауылдарында және Ғабиден Мұстафин, Ақтау кенттерінде жүргізіледі.

Бұл жобалар Бұқар жырау ауданының экономикалық әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 1 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

Аудан әкімі Ерлан Құсайын (@erlankusaiyn) Қарағанды облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ауданның әлеуметтік — экономикалық дамуы туралы брифинг өткізді.

Бұқар жырау ауданында шағын және орта бизнес экономика мен әлеуметтік саланың дамуына зор үлес қосып отыр. Қазіргі уақытта 3845 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істеп, 8 мыңнан астам адам еңбек етеді. Өткен жылы бөлшек сауда көлемі 9,6 миллиард теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 35% — ға артық.

Кәсіпкерлер үшін қаржы ресурстарын алу мүмкіндігі артты. Ұлттық жоба шеңберінде 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 20 жоба қолдау тапты. Оның ішінде 13 жоба 695,3 млн теңгеге кредиттер бойынша, 7 жоба 337,4 млн теңгеге кепілдіктер бойынша қаржыландырылды. Жастар кәсіпкерлігін қолдау үшін 13 грант берілді.

Әлеуметтік кәсіпкерлік те маңызды рөл атқарады. Мәселен, «Супер Ботақан балабақшасы» жобасы 5 млн теңге грант алып, мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсартуға көмектесуде. Қазіргі уақытта балабақшада 160 бала білім алады, қызметкерлер саны 21 адам.

2024 жылы сауда мен қызмет көрсету саласында 125,4 млн теңгеге 35 бизнес ашылып, 47 жаңа жұмыс орны пайда болды. Бұл ауданның экономикалық дамуына және тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға қосқан үлкен үлес болып табылады.

#БұқарЖырауАуданы

#БухарЖыраускийРайон

#КарагандинскаяОбласть

#АкиматКарагандинскойОбласти

  • БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫНДА 200 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ РЕКОРДТЫҚ ӨНІМІ АЛЫНДЫ

Бұқар жырау ауданында ауыл шаруашылығы экономиканың маңызды салаларының бірі болып табылады. Өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 87,6 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 17,7% — ға артты. Дәнді дақылдардан рекордтық 200 мың тонна өнім алынды, ал картоп пен көкөніс өндірісі де жоғары деңгейде қалды. Ет өндірісі 22,4 мың тоннаға жетіп, облыстағы үлесі 22%-ды құрады.

Құс шаруашылығында 7 құс фабрикасы жұмыс істейді, өткен жылы 365 млн тауық жұмыртқасы өндірілді, бұл облыс қажеттілігінің 58%-ын қамтамасыз етті. Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу саласында бірнеше маңызды жобалар іске асырылды, олардың ішінде құс фабрикаларын жаңғырту, сүт өңдеу және мал шаруашылығы жобалары бар.

2024 жылы ауыл шаруашылығында 10,5 млрд теңгеге 6 жаңа жоба іске асырылатын болады. Мысалы, ет бағытындағы құс фабрикасын жаңғырту, сүт тауар фермаларын салу және суармалы жерлерді айналымға енгізу жоспарлануда. Сонымен қатар, 3,4 млрд теңгеге тағы бірнеше жоба іске қосылады, оның ішінде ет өңдеумен айналысатын кәсіпорындар мен сүт өнімдерін өндіретін зауыттар бар.

Атаулы жобалар ауданның ауыл шаруашылығын дамытуға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға үлкен үлес қосады.

  • БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРУ ҮШІН «ПИЛОТТЫҚ» АУДАН РЕТІНДЕ ТАҢДАЛДЫ.

Бұқар жырау ауданы «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылуына қатысатын алғашқы аудан ретінде таңдалды. 2023-2024 жылдары бағдарлама аясында 800 млн теңгеден астам қаржыға 94 кредит беріліп, 180 жаңа жұмыс орны ашылды.

2024 жылы Қызылорда мен Батыс Қазақстан облыстарының тәжірибесін ескере отырып, ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу саласындағы жобаларға жаңа кредит беру тәсілдері енгізіледі. Бұл мақсатта ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылып, кредиттеу саясаты жаңартылады.

Осыған орай 9 жаңа жоба іске асырылады, оның ішінде:

«Milk&meat company» ЖШС базасында сүт өңдеу және сүт өнімдерін өндіру бойынша ӘКК құру, 25 жаңа жұмыс орны ашу.

«S 1 Group» ӘКК аумағында сүт жинау жобасы, 4 жұмыс орны құрылатын болады.

Ботақара кентінде жануарларға жем-шөп өндіретін ӘКК құру.

«Нұр-Әділ» ШҚ базасында көкөніс сатып алу және сату бойынша ӘКК құру.

«Агро Лидер» ЖШС базасында сәндік көгал шөптерін өсіру жобасы іске асырылмақ.

Ет бағытындағы құс фабрикасын құру.

«Saryarka Halal Meat» ЖШС базасында мал сою бойынша өндірістік кооператив құру.

«Альянс» шаруа қожалығы балық шаруашылығы жобасын жүзеге асыру.

Үштөбе ауылында балаларға арналған иппотерапия жобасы іске асырылмақ.

Жобалар жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын құрып, ауданның экономикасын дамытуға бағытталады.

  • БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫНДА «ЖАЙЛАУ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ОБЛЫС БОЙЫНША БІРІНШІ БОЛЫП СƏТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

«Жайлау» пилоттық жобасы ауыл тұрғындарын жайылымдық жерлермен қамтамасыз етуге бағытталған және 2023 жылдан бастап біздің ауданымызда облыс бойынша бірінші болып іске асырылуда.

Осы жобаның аясында соңғы екі жылда 13 ауылдың жайылымдық жерлерінің инфрақұрылымы жасақталды. Бұл мақсатқа аудандық бюджеттен 176,9 млн теңге бөлінді.

Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 26 маусымдағы №8 шешімімен 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және пайдалану жоспары бекітілді. Жайылымдардың ұтымды пайдаланылуы, азыққа қажеттілік пен тозу процестерін болдырмау мақсатында жұмыс жалғасатын болады. Ауданның 68 елді мекенінің 64-інде әлі де жайылым жетіспеушілігі бар, бұл мәселе жоспар бойынша шешілмек.

  • БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫНЫҢ СЕЛОЛЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНІҢ 70% “АУЫЛ — ЕЛ БЕСІГІ” ЖОБАСЫНА ЕНГІЗІЛДІ

«Ауыл ел бесігі» жобасы ауылдық аумақтарды дамытуға арналған тиімді механизмдердің бірі болып табылады.

Бұқар жырау ауданында  68 елді мекеннің 46-сы осы жобаға қосылды. 24 елді мекенде жалпы құны 10 млрд теңгеге жуық 46 жоба жүзеге асырылды, бұл мемлекет тарапынан бұрын-соңды болмаған қолдау болып табылады.

Өткен жылы 4,5 млрд теңге сомасына 19 жоба іске асырылды, оның ішінде 8 елді мекенде 22,7 км жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мысалы, Ботақара ауылында 4,5 км, Сарыарқа ауылында 1,5 км, Қаражар ауылында 2,3 км жолдар жөнделді. Сонымен қатар, Ғабиден Мұстафин кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды, Доскей ауылының су құбыры желілері жаңартылды, Үштөбе мен Доскей ауылдарында клубтар салынды.

Биылғы жылы 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 14 жоба жүзеге асырылмақ. Оныңішінде Көкпекті ауылында клуб құрылысын аяқталып, Трудовое ауылында су құбыры желілері қайта жаңартылмақ. Сондай-ақ, Қушоқы кентінде 100 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынатын болады. Сонымен қатар, 8 елді мекенде (Новоузенка, Жаңаталап, Ақбел, Ақтөбе, Петровка, Центральное, Көкпекті, Атамекен) кентішілік жолдарды орташа жөндеу жоспарлануда.

  • БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІ БИЫЛ 100% САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕТІН БОЛАДЫ

Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту – ауданның басты міндеттерінің бірі.

Қазіргі таңда аудан халқының 99%-ы, яғни 63 елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Алдағы мақсат – бұл көрсеткішті 100% — ға жеткізу.

Осы тұрғыда өткен жылы Ақжар, Астаховка, Доскей, Трудовое, Аюлы, Алабас ауылдарындағы және Қушоқы кентіндегі су жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы 5 елді мекенде, атап айтсақ Старая Тузда, Стан, Севан ауылдарында су тазарту модулінің 3 блогы орнатылып, Жаңаауыл мен Первое Мая ауылдарында су құбырлары жөнделеді. Бұл жұмыстарға аудандық бюджеттен 227 млн теңге бөлінді.

Жоспар бойынша ағымдағы жылдың соңында барлық елді мекендер сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі.

  • БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ «ТАУАРЛЫ НЕСИЕ» ЖОБАСЫН ОБЛЫС БОЙЫНША БІРІНШІ БОЛЫП ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫ

Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «тауарлық кредит» құралын енгізуді қарастыруды тапсырған болатын. Бұл механизм аграрлық салаға қолдау көрсетуге бағытталған. Игі бастаманың мақсаты – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, ауыл шаруашылығын дамытуға серпін беру.

Осы бастаманы жүзеге асыру мақсатында  Бұқар жырау ауданында бірқатар шаруа қожалықтары тауарлық несие беру ісін қолға алды.

Атап айтқанда, “Шатан”, “Үлкен”, “Болат”, “Жалғас”, “Арлан”, “Таймас” шаруа қожалықтары Белағаш, Керней, Қарақұдық, Тұзды, Ақжар ауылдарында орналасқан 13 қосалқы шаруашылыққа 42 бас ірі қара мал түрінде тауарлық несие ұсынды.

Бұл жоба ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға, жергілікті шаруашылықтардың дамуына, сондай-ақ ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

  1.          БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫНДА «АУЫЛ — ЕЛ БЕСІГІ»

         ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 3 ЗАМАНАУИ МӘДЕНИ ОШАҚ БОЙ КӨТЕРДІ

Ауданда мәдениет саласын дамытуға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Өткен жылы 100 млн теңгеден астам қаражатқа Ақөре, Ақбел, Ботақара, Тасауыл, Үміткер ауылдарындағы және Қушоқы мен Ботақара кенттеріндегі ауылдық клубтарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы 52,8 млн теңге сомасында қаражат бөлініп, Қушоқы кенті мен Самарқанд ауылындағы мәдениет нысандарында жаңарту жұмыстары жоспарланған. Сонымен қатар, мәдениет объектілерін материалдық-техникалық жарақтандыруға да назар аударылды. Атап айтсақ, 27,4 млн теңгеге ауылдық клубтар үшін сахналық костюмдер мен сахна киімдерін тігу, театр креслолары, музыкалық аспаптар және дыбыс күшейткіш аппаратуралар сатып алу көзделген. Бұл жаңашылдықтар Доскей және Үштөбе ауылдарының жаңа клубтарында да іске асырылатын болады.

  1. АУДАНДА 3 «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бұқар жырау ауданы еліміздегі ең ауқымды жобалардың бірі – “Жайлы мектеп” ұлттық  жобасын іске асыруда алдыңғы қатарда тұр.

Ауданымызда Доскей, Үштөбе және Нұра ауылдарында 300 орындық үш жаңа мектеп салынуда.

Білім беру саласындағы инфрақұрылымдық өзгерістердің ауқымы да кеңейіп келеді. Мәселен, өткен жылы 150 оқушыға арналған Новостройка ауылындағы апатты мектептің орнына жаңа білім беру мекемесі бой көтерді.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Гагарин ауылындағы мектепке қосымша құрылыс салу жұмыстары басталып, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстар да жүргізілуде. Өткен жылы аудан бойынша 367 млн теңгеге 20 білім беру нысаны жөнделіп, олардың материалдық-техникалық жағдайы айтарлықтай жақсарды.

Білім сапасын арттыруға бағытталған тағы бір маңызды қадам – жаңа заманауи білім беру кабинеттерін сатып алу. 2023 жылы 114 млн теңгеге жаңа модификациядағы 11 білім беру кабинеті сатып алынды. Бұған қоса, «Рowered by NIS» жобасы аясында С. Торайғыров атындағы тірек мектебінде жаңа материалдық базамен толық жаңғыртылып, оқыту сапасы кешенді түрде жақсартылды.

Ағымдағы жылы Ю. Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау және 5 білім беру нысанында 59,7 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуі жоспарланған. Сондай-ақ, 8 жаңа білім беру кабинетін сатып алуға 120 млн теңге бөлініп, білім беру жүйесінің материалдық базасы одан әрі нығаятын болады.

  1.   БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫНДА 41.1 КМ АУЫЛІШІЛІК ЖОЛДАР

                 БИЫЛ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛЕДІ

Бұқар жырау ауданының экономикалық дамуы үшін маңызды бағыттардың бірі – жолдардың сапасын жақсарту. 2024 жылы аудан бойынша жалпы ұзындығы 29,5 км болатын кентішілік және аудандық жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қаржыландыру көлемі 2 млрд теңгені құрады.

2025 жылы бұл бағытта жұмыстар жалғасын тауып, 56,6 км жолды жөндеу жоспарлануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 8 елді мекенде 41,1 км жол жөнделеді. Жөндеу жұмыстарының сметалық құны 2,1 млрд теңгеден асады. Бұл жобаға Новоузенка ауылы – 7,92 км, Жаңаталап ауылы – 4,7 км, Ақбел ауылы – 4,12 км, Ақтөбе ауылы – 3,8 км, Петровка ауылы – 3,977 км, Центральное ауылы – 5,9 км, Көкпекті ауылдық округі – 8,917 км, Атамекен ауылы – 1,74 км кіреді.

Сонымен қатар Ақжар, Ащысу және Төрткөл ауылдарында кірме жолдарды жөндеу жоспарланып отыр.

Нәтижесінде аудан жолдарының 89%-ы сапалы жағдайға келеді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3,5%-ға жоғары.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.