Home » Білім және тұлға » КӘСІБИ ӨСУ ЗАМАН ТАЛАБЫ

КӘСІБИ ӨСУ ЗАМАН ТАЛАБЫ

2332Абай атамыз:
«Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға» — деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби өсу, шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние емес, ол өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін аңғарғанда ғана нәтижеге жете аламыз.

Мұғалім кәсібінің мәртебесі мен беделінің жаһандық индексі өсуде. ЭЫДҰ-ның 20 елінде міндетті біліктілікті арттыру курстары жеке мектеп басымдықтары аясында өткізілсе, ЭЫДҰ-ның 14 елінде біліктілікті арттыруға жұмсалатын шығындарды мемлекет толық, 8 елінде ішінара қарастылылады екен. Финляндия мен Сингапур педагогтері жыл сайын біліктіліктерін арттырады. Жапонияда мұғалімдерді қайта даярлау саласы мемлекеттің бақылауына алынған. Финляндияда педагог кадрлардың кәсіби дамуына жұмыс берушілер жауапты болады, Швецияда – нарықтық қатынастар негізінде, мемлекеттің қатысуынсыз жүзеге асырылады. Мұғалімнің кәсіби даму форматы әлдеқайда кең. Ол курстарға, семинарлар мен конференцияларға барумен ғана шектелмейді. Тиімді кәсіби даму оқыту мен практиканы қамтиды. Қашықтықтан оқыту курстары ЭЫДҰ-ның 21 елінде ұсынылады. Қазақстанда бес жылда бір рет біліктіліктерін арттырады. Мұғалімдердің біліктілігін арттыруда олардың кәсіби құзыреттілігін дамыту мәселесіне соңғы жылдары баса назар аударыла бастады. Қоғамда болып жатқан өзгерістерге дайын болу үшін білім беру жүйесінде қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Ал, бұл өзгерісті жүзеге асыратын педагогтер. Педагогтерді өзгерістерге дайындау, олардың кәсіби құзіреттілігін дамыту біліктілікті арттыру жүйесінің еншісі.

Педагогикалық білім беру теориясына сүйене келе, мектеп тәжірибесінен және мұғалім іс-әрекетінен байқағанымыздай, мұғалімдердің арасында әлі де болса күннен күнге жаңарып отырған білім беру міндеттерін шешуге дайын еместігін көруге болады. Мұның бір себебі мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің жеткіліксіздігі, яғни мұғалімдердің мемлекеттік стандарттан тыс сыни ойлау қабілеті мен теориялық және әдістемелік дайындығының төмендігінде боп тұр.

Жаңа формация мұғалімі дегеніміз кім деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында «Жаңа формация мұғалімі — кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа жаны құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға»

Аса жауапты білім деңгейіне және жаңа формация мұғалімі жетістігіне жету үшін әр мұғалім өз бетінше сыни көзқараста еңбек ете алатындай күйге жетсе, кәсіби өсуінің келешегі мол болмақ.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Мектепке дейінгі ұйым және

бастауыш білім беру», кафедрасында мұғалімдер мен тәрбиешілерге арналған «Мектепке дейінгі ұйым педагогінің кәсіби дамуының шеберханасы» тақырыбындағы кезекті 2016 жылға жоспарланған ғылыми — әдістемелік семинарлар өткізіліп тұрады. Семинардың мазмұны Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі және бастауыш білім беру жүйесінің мазмұнының жаңартылу контекстінде құрылған. Жаңартылған мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының ерекшеліктері – балалардың ерте дамуын есепке алу мен мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлерінің нақты сабақтастығын қарастырып және тренинг барысында секция жұмысына қатысушылар өз кәсіби өсуінің келешегін үлгілей алады. Кеңес аясында тыңдаушылар жаңартылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының білім беру салаларындағы өзгерістер, ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлау туралы сұрақтар мен т.б. туындаған мәселелерге әріптестерімізбен бірге жауап беруге қолдау көрсетеміз..

%d1%81%d0%bd%d0%b8%d0%bc%d0%be%d0%ba

Қазіргі ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасу жағдайында мұғалімге үздіксіз кәсіби даму үдерісіндегі әлеуметтік-мәдени ортаны бағдарлай білетін, баланың жеке тұлғалық дамуына бағытталған білім беруді жүзеге асыра алатын, оқытудың мазмұны мен әдістерін, технологияларын, құралдары мен формаларын өз бетінше ізденіспен саралап, шығармашылықпен пайдалана алатын педагог болуды талап етеді.

Қорытытындылай келгенде кәсіби тұрғыдан тұрақты дамуға ұмтылған жаңа форматты мұғалім әдіснамалық, зерттеушілік, коммуникативтік, ақпараттық, әлеуметтік, тұлғалық құзыреттіліктердің жоғары деңгейін меңгеріп, өзінің қызметін рефлексиялауға қабілетті болуы тиіс. Педагогикалық шеберлігін кәсіби тұрғыдан тұрақты түрде дамытып отыратын құзырлы мұғалім өз кезегінде қоғам мен мемлекеттің қазіргі сұранысына сай және елімізді өркендететін жан-жақты дамыған құзырлы тұлғаларды дайындай алады.

Калмаганбетова Назгул Торехожиновна

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ

Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.