2014 жылдан бері «Баянауыл ауданы білім бөлімінің Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.
2010 жылдан бастап, Баянауыл ауданы орталығында жаңа мектеп-интернатының ғимараты қолданысқа берілді. Жалпы көлемі – 17686 шаршы метрлік үш қабатты типтік мектеп-интернат. Қазір бір ауысымда – 446 оқушы оқиды, даярлық сыныптарда – 42 бала, түзете дамыту сыныптарында 12 оқушы және 200 интернат тәрбиеленушілері. Мектеп-интернат 600 орынға арналғандықтан, бір ауысымда оқуға мүмкіндік бар.
Аудан орталығында орналасқан алғашқы жалпы орта білім беретін мектеп-интернатының ашылғанына биыл 80 жыл.
Шәкен Айманов атындағы мектеп-интернаты 1939 жылы – он біржылдық мектеп ретінде 10 сыныпқа 8 бала қабылдап алады. Бірінші атауы Баянауыл ауданы қазақ орта мектебі және мектеп жанында орналасқан интернат Баянауыл ауылының ғана емес, Баянауыл ауданының сол кездегі жетіжылдық мектепті бітірген ауыл балаларын оқытқан. Аймақтағы білім алуға деген сұраныстың өсуі, халық ағарту ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру қажеттілігі т.б тез арада шешілуі тиісті өзекті мәселенің біріне айналған еді. Сондықтан, көптеген түлектері мектепте бастауыш, тәлімгерлер, тәрбиешілер ретінде жұмыс жасаған. Атап кетсек, мектебіміздің ардагер ұстаздары: Көкен Садуакасова, Бәкеш Аққолева, Күлшетай Қарабекова, Солтан Сәрсембаев, Ғалия Аубакирова және тағы басқалары.
Сол уақыттағы ереже бойынша мектепке білім беру жүйесінде Үлгілі бастауыш мектеп және 7 жылдық мектеп оқушылары мен 7 жастағы балаларды 1 сыныпқа қабылдаған. Мектептің оқу жоспары бойынша: арифметика, тарих, география, неміс тілі, химия, биология, физика алғашқы әскери дайындық пәндері оқытылған. Интернат баларына тамақтануды ұйымдастыруда өздерінің кіші шаруашылығы болған, бақташы, малшы, жұмысшылар, су тасушы, сауыншылар ет, сүт, май бойынша азықпен қамтамасыз еткен. Шаруашылықтың малдарына шөп жинап, орман шаруашылығынан дөненкелер алып отынды өздері дайындаған. Осы жұмыстарды ұйымдастыратын шаруашылық меңгерушісі, мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары, жұмысшылары болған. Қысқы мезгілде от жағушы алған. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталған соң, жоғары сыныптар жабылып, 9-10 сынып оқушылары жасы толғандар майданға, жасы толмағандар, қыз балалар ФЗО-ға жіберіледі. Мектеп қабырғасынан Ұлы Отан соғысының майданына кейбір деректер бойынша аттанғандар: Сәруар Лекеров, Бақыт Хайдаров, Несіпбек Баязитов, Қалмұқан Исабаев, Хәмзе Әбілғазин, Бәзтай Шахметов, Қаныкен Әбиев және тағы басқалары. Осы кезді суреттейтін Қалмұқан Исабаевтің 1968 жылдың 10 қазанында мектеп оқушыларына жазған хаты да сақталған.
Соғыс жылдары аудандық білім бөлімінің бұйрығымен қазақ орта мектеп жанындағы интернатының балалар саны 20-25 шақты болған, олар қараусыз қалған балалар, жетім балалар болған. Оларды тамақпен, киімдермен қамтамасыз еткен: аяқ киім, мектеп формасы және т.б. Сол кездерді соғыс уақытының заңы бойынша тәрбиеленген оқушылар деп айтуға болады. Соғыс кезінде кластарды взвод деп атап, 1-10 сынып оқушыларды алғашқы және алғашқы призыв алды дайындық бағдарламасы бойынша арнайы әскери маман ретінде оқытқан. Соғыс жылдары, соғыс жылдарынан соң, қайтадан қалпына келтіру кезеңдерінде оқыған мектеп-интернатының оқушылары көп қиындықтарды бастан кешкен.
1971 жылға дейін мектеп ақын С.Торайғыров атындағы №1 қазақ мектебі аталған. 1971 жылы және осы күнге дейін актер, КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың есімі берілді. 1994 жылы желтоқсан айында жаңа екі қабатты мектеп үйіне көшті.
2006 жылы Ш.Айманов атындағы қазақ гимназия мектеп-интернаты болып атанды. 2010 жылы наурыз айынан бастап Ш.Айманов атындағы жалпы білім беретін қазақ гимназиясы КММ болып өзгертілді. Мен аталмыш білім мекемесіне 2014 жылы басшы болып келдім.
2015 жылы тамыз айынан бастап, Ш. Айманов атындағы жалпы орта гимназия мектебі Баянауыл мектеп-интернатымен бірігіп, жаңадан «Баянауыл ауданы білім бөлімінің Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ретінде жұмыс жасауда. Жаңадан құрылған мектеп-интернатында, жалпы саны – 446 оқушы үшін 31 сынып комплектісінде гимназия, жалпы орта білім беру сыныптары, түзете дамыту сыныптары ашылып, оларға 81 ұстаз бен 18 тәрбиеші білім мен тәрбие саласында, 89 техникалық қызметкерлер еңбек етуде.
Мектеп-интернатта бүгінгі күні интернатта тұрып оқып жатқан балалардың саны – 200. Оның – 16-сы жоғары сыныпта, орта буында — 99 оқушы, бастауыш сыныпта — 67, даярлық сыныпта — 9, түзете дамыту сыныптарда — 12 оқушы. Оқушылардың әлеуметтік жағдайына келетін болсақ: жетім – 1, аз қамтамасыз етілген – 8 оқушы, көп балалы — 21 отбасыдан 104 оқушы, толық емес – 12 отбасыдан 17 оқушы, жартылай жетім – 7 оқушы, жағдайы төмен отбасынан – 10 оқушы.
Баянауыл ауданының аумағында 1 кент және 15 ауылдық аймақ бар: Баянауыл, Ақсан, Бірлік, Жаңажол, Жаңатілек, Қаратомар, Құндыкөл, Күркелі, Қызылтау, Лекер, Сатпаев, Торайғыр, Ұзынбұлақ және Майқайың кенті. Баянауыл ауданы жерінің беті таулы-жазық болып келеді. Сондықтан, ауыл шаруашылық бағытында: етті ірі-мүйізді мал түрін өсіру, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы дамыған. Ауылшаруашылық өндірісімен 6 ауылшаруашылық кәсіпорындары мен 261 шаруа қожалығы айналысады. 5414 жеке қоныстар бар. Осыған байланысты көптеген қоныстардан, ауыл жерлерден мекендеген Баянауыл аудан тұрғындарының балалары жалпы орта білім алу үшін Баянауыл аудан орталығында орналасқан Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында тұрып оқуға келеді.
Ш.Айманов атындағы мектеп-интернат қызметінің мақсаты – көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардағы балаларға, жетім балалармен және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, жалғыз басты аналарға (әкелерге) және ата-ананың немесе орнына қалған адамдардың еңбек жағдайы, денсаулық жағдайы бойынша қоғамдық тәрбиеде мұқтаж ететін, тұрақты орнымен қамтамасыз етілмеген жалпы білім мекемесі жоқ алыс мекендерде тұратын балаларға білім саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және балалардың бойындағы ой-өрісі биік парасат әлеуетін ұйымдастыру.
Мектеп-интернатта білім берудің бағдарламаларын іске мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқыту, бастауыш, негізгі, орта жалпы білім беру мен дарынды балардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық дамыту үшін оқу бағдарламасының жекелеген пәндерін тереңдетіп оқытуды көздейтін кәсіби білім беру, эксперименттік білім, қосымша білім, үйден оқыту жеке арнаулы бағдарламамен оқыту мен психикалық дамуы кешіккен балаларға арналған түзете дамыту бағдарламалары бойынша білім беру.
2007 жылдан бері гимназия сыныптары, 2012 жылы түзете дамыту сыныптары ашылып, осы күнге дейін инклюзивті білім беруде бірінші қатарында жүріп аз қамтылған, көп балалы отбасылар, дарынды және мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жан-жақты табысты адам қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауда.
Мектеп-интернатында инклюзивті білім беру қызметінің жүйесі жүзеге асырылуда:
-Қазақ тілі, қазақ әдебиеті, ағылшын тілі тереңдетіп оқыту
-Үштілдік білім беру эксперименттік алаңы информатика /5 сынып/, физика /7 сынып/, химия /8 сынып/
-Мәшһүртану, Шәкентану, Ертіс өнірінің әдебиеті факультативтері.
-Логика, шахматы, робототехника үйірмелері.
-Ұлттық ойындар үйірмелері, ақындар мектебі, қол өнер, ырғақ, гимнастика, би, домбра оркестрі және тағы басқалары.
Мектеп-интернатының негізгі құндылықтары: «Тұлға. Интеллект. Мәдениет. Деңсаулық» миссиясын орындау.
Жаңартылған білім бағдарламасына сәйкес мектеп-интернатының жұмыс кестесі бескүндік оқыту жүйесіне сәйкес оқытылады. Сенбі күндері оқушылардың бос уақытың қамту, шығармашылықпен, ғылыми жұмыстармен айналасуға ұйымдастырылған. Сенбі, жексенбі күндерінде ата-ананың өтінішімен үйлеріне барып-қайтуға болады.
Материалдық базасы толық жабдықталған мектепте 40 оқу кабинеттері, 390 орынға арналған акт залы, 300 орындық асхана, лингафон кабинеті (12+1), 3 компьютер кабинеті (12+1), (10+1), жаңа модификациядағы биология кабинеті, химии кабинеті, логопункт, робототехника кабинеті, шахмат кабинеті, ІТ сынып, 25691 данақоры мен коворкинг алаңы бар кітапхана, спорт, гимнастика залдары, ұлдар мен қыздар шеберханалары, спорт алаңы, жеке медициналық блок, жылыжайы мен 300 оқушыға арналған жатақхана.
Мединалық бөлімше екі қабаттан тұрады. Бөлімшеде бірінші қабатта — 5 емдеу палата, дәрі-дәрмекті сақтау бөлмесімен екпе жасау кабинеттері орналасқан. Екінші қабатта дәрігер бөлмесі, ем-шара, егу және картотека кабинеттері орналасқан. Балалар үшін төрт медбике және бала дәрігері тәулік бойы медициналық бақылауда қызмет атқарады. Тиісті дәрі-дәрмек формуляры бойынша тегін дәрі-дәрмекпен толығымен қамтылған.
Мектебімізде ұлдарға, қыздарға арналған шеберханалар толығымен жабдықталған. Оқушылардың бос уақытында қөл өнер, ағаш өңдеу, іс тігу үйірмелері жұмыс жасайды.
2015 жылдың 1 маусымында мүмкіндігі шектеулі балаларға және логопед қызметін қажет ететін балалар үшін логопункт ашылды. Логопедиялық пунктісі жиһаздармен, қажет арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталды, сонымен қатар, әртүрлі сөйлеу, ойнау қабілеттерін дамытуға арналған дидактикалық материалдармен қамтамасыз етілді. Мектеп-интернат логопеді Айнұр Уахитқызы Багимбекова мен дефектологі Әмина Серікқызы Мұқашева өз сабақтарын өткізеді.
2016-2017 оқу жылында табиғат бұрышы, роботехника кабинеті Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Алтынбек Нұхұлының демеушілігімен, мектебімізге 1 миллион 543 мың 656 теңгеден тұратын робототехника кабинетін сыйға тартылды. Оның құрамына бес ресурстық жинақ, электр жинақ құрылғысы мен бес ноутбук кіреді. Үйірме сабағын мектептің физика және математика пәні мұғалімі Джакитов Алмас Даулетханович жүргізіп жатыр. Осы жылы спорт жабдықтары толықтырылып, “Спорт” витринасы мен стенд жасалды.
2017 – 2018 оқу жылында шахмат кабинеті, гимнастика залы ашылды, ұтып алған грант қаражатына мектебімізге 15 велосипед алынды. Осы велосипедтерді алу арқылы мектеп-интернатының оқушылары «Баянауылда экологиялық велотуризм» атты әлеуметтік кәсіпкерлік жобасына қатысуға мүмкіндік берді.
2018 -2019 оқу жылында ІТ класс, коворкинг аланы, демеушілер есебінен мектеп түлегі, жазушы Қайрат Мұзапарұлы Әбеновтің «Тіл, әдебиет, тарих» кабинеті ашылды. Осы кабинетте жыл бойы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рух нәрі – ұлы сөз» атты кіші жоба іске асуда.
Биылғы оқу жылында биология пәнінің мұғалімі Смагулова Қарлығаш Ыңтықбайқызының ұйымдастыруымен, жылыжайда әртүрлі гүлдердің тұқымдары, қияр, қызғанық өсірілуде. Мектеп-интерантының маңайын көгалдандыру мақсатында шырша ағашының тұқымдары егіліп, питомник жасалды.
Интернатта жалпы бөлмелердің саны – 71. Интернатта әр қабатта оқушыларға арналған ойын бөлмелері орналасқан, 1-ші қабатта қойма, киім үтіктеуге арналған, кір және аяқ киім кептіретін бөлмелер орналасқан. Мектеп-интернатында балалардың оқуына, бос уақытын қамтуына, демалуына барлық жағдайлар жасалған. Жиһаз стандартты таңдап алынған жатын блогтар төмендегідей қарастырылған: тұрмыстық бөлмелер – 3, демалуға және сабақ оқуға арналған бөлмелер – 3, сырт киімді шешетін орын -1, ойын бөлмесі — 1, медбикеге арналған бөлме – 1, кір жаятын орын — 1, қойма бөлмесі — 1. Сонымен қатар, суық және ыстық сумен қамтылған кіші бөлмелер бар. Кір жуатын орын: залалсыздандыру камерасы, кір жуу машинасы, кептіргіш машина, киім өтектеу орны. Сауна: 10 душқа арналған кабина, 2 құрғақ булау орны және шешінетін орны. Техникалық қамтамасыз етілуі: газель автокөлігі мен ассенизатор автокөлігі.
Аудандық бюджеттен бөлінген қаражатқа интернат тәрбиеленушілердің тамақтануы ұйымдастырылады. Он екі күндік ас мәзіріне сәйкес, таңғы ас, түскі ас алды, түскі ас, кешкі ас алды мен кешкі аспен бес рет тамақтанады. Ас мәзірінде дәрумендермен мен микроэлементтермен толықтыратын санитарлық талаптарға сәйкес жарнамалардың ботқасы, сүт, ірімшік, балық пен ет қосылған тағамдар, кеспелер, нан бұйымдары, жұмыртқа, сүт өнімдері, жеміс-жидектер, көкөністер беріледі.
Интернаттың жұмыс жоспарына сәйкес, балалардың таңғы оянуы гигиеналық шаралар мен жаттығумен басталып, таңғы ас ішкен соң сағат 8-00 ден 14-15 дейін сабақтарына қатысады. Түскі астан соң, жатақханада демалған соң, баларды қосымша білім беру кестесі бойынша мектептің «Газель» автокөлігімен «Жаяу Мұса атындағы өнер мектебіне» вокал, домбыра, қолөнер сыныптары мен «Балалар және жасөспірімдердің спорт мектебіне» қазақша күрес, бокс, шаңғы, греко-рим күресімен айналасуға барады, үй тапсырмаларын орындайды, тәрбие сағаттар, іс-шараларға қатысады. Кешкі астан кейін балардың бос уақытын еркін өткізеді. Олар осы кезде уақытты өз қажетіне қарай ұйымдастырады: музыка тыңдау, кітап оқу, ойын ойнау, теледидар көру және тағы басқалары. Ол үшін жатақханада гигиеналық бөлмелер, ойын, теледидар көретін бөлмелер мен вестибюльде теннис ойнауға, асықпен, шахмат, шашки, тоғызқұмалақ ойнауға арнайы орындары бар. Интернатта тұратын балаларды тәрбие жүйесінің жұмысын іске асыратын 18 тәрбиеші жұмыс жасайды. Олардың — 12-сі күндіз, 6-ы — түнде жұмысқа келеді. Интернат меңгерушісі типтік штат бойынша қарастырылмаған, тәрбие жұмысын ұйымдастыруы мен басқаруы тәрбие жөніндегі мектеп-интернат директорының орынбасарына Елмира Мергенбайқызы Саликоваға жүктелген.
Баланың бас ұстазы – ата-анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жиғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат – әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан-жақты дамуына ата-ана, мектеп жағдай жасауы керек. Ата-аналарға мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып, өзін-өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет. Мектеп-интернат оқушыларының ата-аналарымен ынтымақтастықты нығайту мақсатында оқу жылы бойы онда «Ашық есік» күндері, даярлау курстары, лекторий, ата-аналарға арналған кеңестер, кездесулер өткізіліп, тестілеу, психологпен сұхбаттар жүргізіледі.
Мектеп – интернаты басқа мекемелермен тығыз байланыста жұмыс жасауда: мәдениет үйі, өнер және спорт мектептері, ішкі істер, ішкі саясат, төтенше жағдай бөлімдері, аурухана, діни саясат бөлімі, жастар орталығы, ұлттық парк.
Білім беру ұйымының міндеті – іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу, мектептің тұрақты дамыту бағдарламаларын дайындау ісіне, инновациялық жобаларға, білім беру және әлеуметтік салалардағы нормативті құжаттар мен сапа стандарттарын еңгізуге қатысу. Мектеп — интернат ұжымы Ш.Аймановтың туған жері Торайғыр ауылы Айманбұлақ атты қыстаудың жеріне тас белгі орнатып, жылда туған күні 14 ақпанда Шәкен оқуларын аудандық, аймақтық, биылғы жылы облыстық деңгейде өткізіп, мектепте Шәкентану факультативі өткізіледі. Өткізілген жұмыс нәтижесі бойынша мектеп мұражайы облыстық сайыста І орынды, республикалық сайыста ІІ орынды иеленді. Мектеп өмірін хабарлайтын газет шығарылады, онда өткен тәрбиелік іс – шаралар қорытындысы, мектеп өміріндегі оқиғалар туралы жарияланады. Мектеп – интернат газетасы облыстық «Школа – пресс» шығармашылық конкурсында «Үздік редакция» номинациясы бойынша ІІ орын иеленді. 2017 жылдың сәуір айында мектеп «Самрұқ — Қазына» АҚ –ның «Менің елім» атты әлеуметтік жобалар конкурсына қатысып 1 миллион теңге грант жеңіп алды. Грант негізінде мектепте әлеуметтік кәсіпкерлік ұйымдастырылды: жазғы уақытта «Баянауылда экологиялық велотуризм» атты қызмет көрсетуге мектеп оқушылары тартылып, еңбекпен қамтылды. Табыс етілген қаражат «Мектепке жол» акциясына, Шахмат кабинетің жабдықтауына, гимнастика залына жиһаз алуға жұмсалды, 8 оқушыға еңбек ақысы төленді. Мектеп – интернатының «Жас ұлан» балалар мен жасөспімдер ұйымындар арасында облыстық конкурста І орын иеленді. Ғылыми жобалар, олимпиадалар көрсеткіштері жылдан жылға ұлғаюда. Өнердегі жетістіктер де жеткілікті: мектеп оқушылары аудандық, аймақтық, облыстық, республикалық ақындар айтысы, Бөкейханов, Мағжан, Абай оқуларының, би сайыстарының жеңімпаздары. 2010 жылдан бастап мектеп – интернатының базасында халықаралық Сәтбаев олимпиадасы өтеді. 7-8 сынып оқушылары арасында химия, физика, математика, география, информатика, биология пәндері бойынша интеллектуальдық сайыс ұйымдастырылады. Мектебіміздің оқушысы Кашкеев Болат 2016 жылы география пәнінен осы олимпиадада 1 орын иеленді.
Мектеп – интернатының спортклубы оқушылар мен қызметкерлер үшін спорт секцияларын, табиғат аясында денсаулық күндерін өткізеді. Қысқы каникул кездерінде мектепте «Денсаулық» спартакиадасы өтеді. Мектеп – интернат оқушылары мен ұстаздары арасында – республикалық жарыстар чемпиондары спорт шеберлері бар. Жыл сайын мектеп ұстаздары инновациялық жобалардың, кәсіптік аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстарына қатысады. Аудан, облыс мектеп ұстаздарына арналған семинар – тренингтер, мастер – кластар, ғылыми – тәжірибелік конференция жүргізеді .
Мектеп – интернатында оқушы өмірі – бұл қызықты кездесулер, шығармашылық фестивальдер мен жастар конкурстары, оларды мәдениет академиясы оқушыларды шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру мақсатында өткізеді. Атқарылған іс-шаралар: 1-қыркүйек «Білім күні», «Денсаулық – зор байлық», Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен кездесу, «Жұлдыздар отбасы», «Толағай» эстафеталық сайыс, «Ұялы телефонның пайдасы мен зияны», «Қызылша дерті» семинар, «Қариялар сарқылмас — дариялар», Ұстаздар күні, «Ұстаз мектептің тірегі» спорттық жарыс, аудандық «Имандылық орталығы» қызметкерлерімен кездесу, «Бақ мерекем, құт берекем – қоңыр күз», «Қоғамдық тәртіп ережелері», АІІБ кәмелет жасқа толмағандадың инспекторы Ж.Ж.Түсіповпен кездесу, «Жалған ақша» ашық тәрбие сағаты, Павлодар облысы төтенше департаментінің жедел құтқару бөлімінің мамандарымен кездесу, аудандық төтенше жедел құтқару бөлімінің жетекшісі С.Б.Джанкуловпен кездесу, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жетекшісін сайлау, ардагер ұстаз Бәкеш апайға көмек, «Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы» мерекелік іс-шара, «Бала өмірінің қауіпсіздігі» тақырыбында өткізілген тәрбие сағаттары, 8-10 сыныптар арасында өткізілген «Жұлдызды жұп» ән байқауы, «Ұланымыз-ұлы елдің» атты тақырыпта өткізілген «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» қатарына қабылдау салтанаты және тағы басқалары.
Мектепте оқушылардың арнайы шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту үшін факультативтер және шығармашылық үйірмелер жұмыс атқарады. Оқушылардың факультативке 181 оқушы, үйірмеге 116 оқушы, өнер мектебіне 35 оқушы, спорт мектебіне 80 оқушы қатысады. Үйірмелердің жұмысы оқушылардың қабілеті мен дарындылығын айқындау және дамытуға бағытталған. Олар «Көл өнер», «Психология негіздері», «Мен және заң», «Құралай» атты қыздар клубы, «Жас құтқарушы», «Роботехника», «Жас ақын» және т.б. Сонымен қатар спорт секциялары «Тоғызқұмалақ», «Асық ату», «Қазақша күрес», шахмат, баскетбол, волейбол, теннис жұмыс жасайды. Сонымен қатар мектебіміздің оқушылары Жаяу-Мұса атындағы «Өнер» мектебіне тегін 25 оқушы, ақылы 46 оқушы, жалпы 71 оқушы қатысады, балалар жасөспірім спорт мектебіне 86 оқушы қазақша күрес, грек – рим күресі, бокс, шаңғыға барады.
Мектеп – интернат түлектері Қазақстан Республикасының барлық мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсы нәтижесі бойынша Қарағанды, Павлодар, Астана, Алматы, Семей қалаларының жоғары оқу орындарында, колледждерде оқуда.
Табысты мектеп болуда кәсіподақ ұйымының ролі ерекше. Кәсіподақтың қолдауымен үздік ұстаздар мен оқушыларды марапаттау, мерей жас иелерін құтықтау, ЕХРО – 2017 көрмесіне баруға қолдау көрсету, ұжымдық моральдік ахуалды орнатуда. Мектеп ұстаздары білім беруде шаршамай, сонымен қоса әр – түрлі сайыстарға, конкурстарға, іс – шараларға қатысып, белсеңділікпен өнерлерін көрсетуде. Наурыз мерекесінде киіз үйлер көрмесінде І орын, Қазақстан Республикасының 27 жылдығына арналған ұжымдар арасындағы фестивальде І орын иеленді. 2018 жылы мектеп – интернатының химия пәнінің мұғалімі Досмагамбетова Салтанат Сейтжановна республикалық «Үздік педагог – 2018» атағына ие болды.
Осыған байланысты ата – аналар тарапынан үнемі қолдауды байқауға болады, мектеп – интернатында оқимын деген оқушылар саны жыл сайын ұлғайып келеді. Бұл ата – аналардың сенімі деп білуге болады. Мектеп – интернатымыздың көпбалалы отбасының ата – анасы Құрманов Темірбек Жұматұлының пікірі бойынша: «Павлодар облысы, Баянауыл ауданының орталығында мектеп – интернаты бар. Сол интернатта шалғайдағы мал қыстақтарынан, көп балалы және жағдайлары аз қамтылған отбасыларынан балалар білім алуда. Үш қабаттан тұратын мектеп, үш қабаттан тұратын интернат бар. Жалпы балалардың білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Түрлі үйірмелер, оның ішінде вокал, спорт, қол өнер тағы басқалары баланың қызығушылығын арттыратын үйірмелер бар. Бес мезгіл тамақ, аптасына бір мезгіл моншасы ұйымдастырылған. Балалар сабақтан тыс уақытында, яғни түстен кейін, тәрбиешілердің қарамағында болады. Тәрбиешілер балалардың үй тапсырмасын орындауын, сыныптағы әр – бір баланың үйірмелерге баруын қадағалайды. Менің үш қыз балам осы мектеп – интернатында жатып, білім алуда. Балаларымыздың сапалы білім мен саналы тәрбие алып жатқандарына алғысымыз шексіз».
Мектеп – интернатының жұмысын қоғамда үнемі барлық ақпатараттық құралдар, әлеуметтік желілер, теледидар арқылы мектепте болып жатқан оқу – тәрбие үрдісі бойынша қызықты түрлі іс – шаралар және жетістіктері мен жаңалықтарын үнемі жариялануда. Мектеп – интернатының инстаграмдағы #sh_aimanov_mi# парақшасынан байқауға болады.
Мектеп-интернатында ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлінеді. Біздің оқушылар мектептен тек білім ғана емес, үлкен тәрбие алады, өздігінен ізденуге, еңбекке үйренеді. Интернат — бауырмалдыққа, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке үйретеді. Интернатта оқитын әрбір оқушы, түлек жауапкерлшілігі мол жан болып өседі. Бұл-интернат табалдырығын аттаған сәттен бастап бойға дарыған маңызды қасиетіміздің бірі.
Бүгінгі күні мектеп – интернаты өте күрделі жүйе, балаларымыздың болашағымызға зор үлес қосып, жан – жақты дамуға мүмкіндік беріп отыр. Әсіресе көпбалалы отбасы, аз қамтылған отбасылардағы балалар үшін, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды, сонымен қатар шалғай жерлердің ауыл тұрғындардың балаларын оқыту. Қоғамның белсеңді мүшесі ретінде, мектеп – интернатының педагогикалық ұжымының нәтижеге бағытталған жұмысы сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі қажымас еңбегінің арқасы мен мектеп – интернатының әкімшілігінің басқарудағы стратегиялық жоспарларын мақсатты іске асыруда Баянауыл ауданы бойынша білім беру жүйесінде беделі өте жоғары деп айтуға болады. Бүгін Ш.Айманов атындағы мектеп-интернаты – өз оқушыларын көшбасшы болуға талаптандыратын, белсенділігін дамытатын жалпы орта білім беру оқу орны. Табысқа жету жолы қандай дегенде: оқу, оқыту, тәрбиелеу және үнемі жұмысқа шығармашылықпен қарау деп Ш.Айманов атындағы мектеп – интернатының жетістіктері нәтижесінде айтуға болады.
Досмагамбетова Салтанат Сейтжановна,
Павлодар облысы Баянауыл ауданы
Ш. Айманов атындағы жалпы орта
білім беру мектеп-интернатының директоры