1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.
2-жүргізуші: Здравствуйте, самые очеровательные, самые милые и самые красивые представительницы прекрастной половины человечества.
1-жүргізуші: Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жастамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бірөзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.
1-жүргізуші: Самые любимые!
Всем нам необходимые!
Педагоги классные —
Женщины прекрасные!
Пускай зима полна азарта,
Весна пришла сегодня к нам.
Сегодня день 8 Марта
Любимых милых наших дам!
И так, поздровительные слова предостовляются директору нашего колледжа Ли Вячеслав Николаевичу.
Осындай керемет құттықтаудан кейін. Ардақты аналардың құрметіне Кәрібек Алиханның орындауында «Әке Ана» әні
Ән ырғағымен би биленуде.
И, так в исполнений Джангудеева Мадияра песня «Мама»
2-жүргізуші: Мерекелі күніменен, құттықтаймын сіздерді,
Көру қандай ғанибет, жаздай жарқын жүздерді,
Жүріңіздер шат күліп, шұғылалы таңдарай,
Мынау байтақ әлемде, ең бақытты жандардай,
Гүлдей құлпырған, ерекше төзімді, ақ жаулықты аналарымызға деген құрметімді білдіріп, қолымызды кеуденің тұсына қойып, иіліп тағзым етеміз.
Осындай қайсар мінезді аналарымыздың құрметіне, Мұқағали Мақатаевтің «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді тамашалаңыздар!!
Автор
Өзенде жоқ сыймаған арнасына,
Жылғада жоқ даламенен жалғасуғы,
Тасқа тұнған жаңбырдың тамшсындай,
Қалай біткен мына көл тау басына.
«сахнада әке, ана, ортада бесік»
Бала жатыр төсекте күйіп жанып,
Баласының ана отыр күйін бағып.
Қайдағы бір қатыгез сұрқай ойлар,
Миын қарып барады, миын қарып.
«Әке орынынан тұрады көрініс»
Әкесі: Мана күндіз тәуіп шал не деп кетті?
Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті
Анасы: Аққуменен баланы аластындар — деді дағы жайымен жөнеп кетті.
Тұрсаншы, таяу қалды таң атуға,
Неткен жансың, санасыз жаратылған?
Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі,
Ұмытылып кетті ме санатыңнан
Әкесі:
Апыр ай, қалай барам, қалай барам?
Атармын аққу құсты қалай ғана?
Айдынның аққулары ұйықтағанда,
Өрген мал, өскен шырша абайлаған,
Барлығы қасиетке қарайлаған,
Оқ атам қасиетке қалай ғана?
Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?
Анасы:
Жалғыз ұлдан артықпа? Жалған бәрі,
Балам өлсе бақыттың керегі не?
Топан су басып кетсін қалғандарын.
Перзент сұрап несіне армандадың?
Құрысын, онсыз сенің жанған бағын
Мылтықты әкел, Атты ертте, жалған бәрі…
Автор:
Аққулар, аққу мойын, сүнбе қанат,
Алансыз тарануда, күнге қарап,
Айдынның еркелері, білмей тұрмын,
Етермін тағдырыңды кімге аманат?!
Шошымай шожан батырларын,
Ана отырған шыршаға жақындады,
Көзі тұнған бейбағы топ аққуға,
Білмей қалды мылтықтың атылғанын.
«Ана, билеп жүрген құстарды көздеп атады»
Автор: Ию-қию көл маңы астаң -кестең,
Жер айналып, тау құлап, аспан көшкен.
Жаңғырығы, жар салып жартастар тұр,
Жетімкөлдің қайғысын бастан кешкен.
Жетімкөлдің басында жылқы жатқан,
Дөңге шығып қарт тұрған жылқы баққан.
Қарт:
-Ей!
Кімсің?
Тірісің бе?
Жаның бар ма?
Аққуды неге атасың, арың бар ма?
Тастағын қаруыңды, келгін бері,
Келгін бері, кеудеңде жаның барда!
Анасы:
Мана күндіз тәуіп шал келіп кетті,
Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті.
Аққуменен баланы аластаңдар,
Дедідағы жайымен жөнеп кетті.
Қарт:
Мін атқа, қайт ауылға тағат қылда,
…Білмеймін, сор аттың ба, бақ аттың ба?
Аққуға кезенерде ырым жасап,
Тым құрыса, саусағыңды қанаттың ба?
Анасы:
Әлек боп, арпалысып сор қайғымен,
Жоқ ата, жасамадым ондайдым мен,
Жасымнан естігенім бартын еді,
Әйтеуір аққуды атқан, оңбайды деп.
Автор:
Өң бе, түс пе, әйтеуір таласуда,
Өліменен тірінің арасында.
Өліп жатқан ұлына қарасын да,
Қалсын ана Жетімкөл жағасында.
Анасы: Жоооқ! Жоооқ! Қасірет!
Сорымның қалыңдығы шашымдай мет?
Қасірет… Қасиет… Қасірет
Әкесі:
Аттанып бара жатыр, аққу қаздар,
Қош енді, қош болыңдар гәкку наздар.
Кеудемде күңіренген дастан қалды,
Киелі қанатымен аққу жазған.
Аққулар, алданыш па ең, арман ба едің?
Қош енді қанатым жоқ самғар менің!!
Нуларым сыңси жылап қалды-ау менің,
Суларым жетімсіреп қалды-ау менің!..
Ерболат Елсүйер «Қыздар сұлу қыздар» әні
1-жүргізуші: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Құрметті достар, 8 наурыз мерекесіне орай, біздің де колледжімізде “Қыз ұлт болашағы’’ атты қыз сыны байқауы ұйымдастырылып отыр.
2-жүргізуші: Дорогие друзья! Вы, наверное, замечали, что в нашем колледже учатся одни красивые девушки. Красивых не только внешне, но, прежде всего, душевно. Они, словно солнце, несут свет и радость.
Сегодня вы станете свидетелями удивительного события. На ваших глазах будет избрана самая красивая, самая грациозная, самая творческая и обаятельная студентка колледжа!
Зияшев Диастың орындауында «Қазақ қызы» әнін қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші: Енді бүгінгі байқауымызға төрелік ететін әділ-қазы алқасымен таныстырып өтейік: Фанфар.
- Ли Вячеслав Николаевич
- Гүлсім Болатханова
- Қашқарова Зарифа Ахметовна
2-жүргізуші: Қыздарға арнап жыр жазбаған ақын жоқ, ән шығармаған сазгер жоқ. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қас, алма мойын – бұлардың барлығы біздің әсем қыздарымызға айтылған теңеулер. Ендеше, біз де өзіміздің группалас достарымызға лайықты ықылас-ниетімізді білдіріп, осы байқауға қатысатын ару қыздарымызды ортаға шақырайық. (Фанфар)
Бүгінгі байқаудың кезеңдерімен таныс болыңыздар:
- Мен қазақтың қызымын (таныстыру)
- Бармағынан бал тамған ару! (Алдарыңызға қамырды өзі илеп, өзі жайып, өзі кесіп береді)
- Ару сұлу Ақылмен (Билет)
- Өнерлі өргежүзер (Өнер сайысы)
Біздің сұлу қыздарымыз бүгінгі кештің алғашқы таныстыру сайысына дайындалғанша, колледжіміздің белсенді студенті, қоңыр дауыс иесі Ерболат Елсүйердің орындауында «Әлия» әні
1-жүргізуші: Сайыстың таныстыруын бастайық,
Көрерменді бір селпітіп тастайық,
Сайыскерлер таныстырсын өздерін,
Білгірлерді ду қол соғып қостайық.
2-жүргізуші: Ендігі кезекте бүгінгі кешіміздің ең дәмді және пайдалы сайыстың бірі. Біздің аруларымыз ас үйде әзірлегендей, қамырды илеп, жайып, кеседі.
Құрметті қазылар алқасы қыздарымыздың илеуіне, жайыуна, кесуіне жеке жеке ұпай қоюларыңызды сұраймыз!!!
Осы кезеңнін шартын түсіндіріп өтейін: Қыздарымыз қолдан қамырды илейді, жаяды, содан соң оны әдемілеп кесед.
1-жүргізуші: Біздің аруларымыз, қамырды илеуіне кірісіп кетті. Қатысушыларымызға 10 мин. Уақыт беріледі, Сәттілік!!!
Ал біз концерттік нөмірлерімізді жалғастырамыз.
Мапезов Ерасыл «Ана» өлеңі, Шерханов Бағдат «Мама», Зияшев Диас «Әйелдер ай!»
2-жүргізуші: Қатысушыларымызға берілген уақыт тәмәмдалды. Аруларымыздан илеген, кескен және жайған қамырларын, әділқазылар алқасына тапсыруларын сұраймыз. Қыздарымызға қойған бағаларыңызды білсек.
1-жүргізуші: Ару сұлу ақылмен, Елің мықты батырмен,
Қарындастар кеп қапты, Қыз сыны боп жатыр деп!
2-жүргізуші: Бүгінгі ерекше кешіміздің үшінші кезеңі Ару сұлу ақылмен! Түсіндіре кетейін, бұл кезеңде қыздарымыздың қаншалықты білімді екендігін әділқазылар алдындағы билет арқылы білетін боламыз! Қатысушы қыздарымыз, реті бойынша қалаған билетін таңдайтын болады. Әр билеттің ішінде 4 сұрақтан бар.
1-жүргізуші: Бәріміз де куә болдық біліміне қыздардың
Қыздар дана деген сөзді қарсы шығып бұзған кім?
Бәрі сұлу, бәрі дана, бәрі әдемі арулар,
Қыздың жолы бұралаң деп қателесіп сызған кім?
Сайысымыздың соңғы кезеңіне де келіп жеттік. Бұл сайысымызда да Қыздарымыз өз ретіменен, жеке өнерін көрсететін болады!
«Өнерлі – өрге жүзер»
2-жүргізуші:
Алғаш боп өз өнерін көрсететін, 1 нөмірлі аруымыз……….. …..!
Өз өнеріменен 2 нөмірлі арумызды қарсы алайық!!!
Ду қол шапалақпен 3 нөмірлі арумыздың өнерін тамашаласақ!
4 нөмірлі аруымыз……! Қошемет!
Соңғы болып өз өнерін паш ететін, 5 нөмірлі аруымыз ………………..!
1-жүргізуші: Рақмет! Барлық аруларымызды ортаға шақырсақ. Бүгінгі байқауымыздың ең бір ерекше өткен кезеңі болды, аруларымызға тағы бір қаттырақ қошемет!!! Ал енді әділқазылар алқасының, сұлуларымыздың осы кезеңде көрсеткен өнеріне қояр бағасы қандай болар екен?
2-жүргізуші: Енді қыздарымызды көп толқытпай бірден қорытындылап, жүзден дара шапқан аруымызды құттықтасақ!
МАРАПАТТАУ!!!
Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына беріледі.
Музыкалық жабылу.
Ұйымдастырушы «Асу» гуманитарлық-техникалық
колледжінің оқытушысы З.Муслимова