Мен, Галина Павловна, ұлтым – орыс. Туған жерім – Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданында тудым. Жезқазған педагогикалық институтының филология факультетін «ағылшын тілі пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша оқуымды бітірдім. 27 жылдан бері мектепте ағылшын тілінен сабақ беремін.
Қазіргі таңда Жезқазған қаласындағы №21 орта мектепте ағылшын тілі пәнінен сабақ беремін. Мектепте – оқушы білім, тәрбие алады. 2005-2006 оқу жылынан бастап мектеп таза қазақ тілінде сабақ беретін мектеп болды. Елбасы жолдауында көрсетілгендей мектепте үш тілдікке басым көңіл бөлінуде. Тіл байлығы әр халықтың ұлттық мақтанышы екендігі белгілі. Қай ұлтта, қай елде болсада «Тіл қастерлі де құдыретті». «Тіл өмірдің ұлы қаруы».
Қазіргі уақытта ғылым мен техниканың дамыған кезінде ағылшын тілін меңгеру, еркін сөйлеу — бүгінгі күннің талабы. Елбасы болашаққа үлкен сенім артып отырғаннан кейін мен де жас ұрпаққа ағылшын тілінің қыры мен сырын, грамматикасын меңгертуді өзіме міндет санадым. Орта буын оқушыларына арнап «Танымдық ағылшын» тақырыбында қолданбалы, таңдау курсының бағдарламасын жасап, оны оқу үрдісінде пайдаланып жүрмін. Курстың оқушылар үшін маңызды екеніне әр сабақ барысында көз жеткізуге болады. Сабаққа әр оқушы ынта ықыласымен, зор қызығушылықпен қатысады.
Рухани мәдениеті биік, ойы ұшқыр, білімді адам өзінің ой-пікірін жеткізе алмаса, онда оны ел танымайды.
Жеке тұлғаға бағытталған білім беруде мектебімізде көптеген жұмыстар жүргізілуде. Айтап айтатын болсам, бейіндік оқуытуға кәсіби бағдар беруге байланысты 9-11-сыныптар аралығында «Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу», «Әдебиет теориясы», «Журналист этикеті», «Стилистика», т.б. курс бағдарламалары жасалып, тәжірибе жүзінде қолданылуда. Бұл курстардың барлығы жаңа технологиялар бойынша жүргізіледі.
Сонымен қатар мектепте ақпараттандыру жұмысы да алға қойылған. Әр пән бойынша электрондық жүйеде сабақ үлгілері жасалып іске асырылуда. Оқушыларға интернетпен жұмыс жасау мүмкіндігі қарастырылған. Оқушылардың компьютермен жұмыс істеуге қызығушылықтары жоғары.
Бір сөзбен айтқанда, мен жұмыс істейтін №21 орта мектепте санасы, намысы, қажыр-қайраты бар, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу мақсатында біршама істер атқарылуда.
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегін кетпес далаға
Ұстаздық қылған жалықпас
Үйретуден балаға,-деп Абай атамыз айтқандай болашақ үшін тер төгіп еңбек ету ұстаздар қауымының борышы деп ойлаймын.
Валиева Галина Павловна
Қарағанды облысы,
Жезқазған қаласы,
«№21 жалпы орта білім беретін
мектебі» КММ мұғалімі