Home » Жаңалықтар » 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙЛІ МЕРЕЙТОЙ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙЛІ МЕРЕЙТОЙ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Қарағанды біліктілікті арттыру институтының тарихы, кеңес заманы, сонау 1948 жылдан бастау алды. Қойнауында 70 жылдық тарихты бүгіп жатқан білім ордасы асқан мерзім ішінде мыңдаған білім беру саласы мамандарының біліктілігін арттырып, сара жолға салған киелі шаңырақ, іргелі орда. Танымал институт ретінде қалыптасу жолында күрделі және үлкен белестерден өтті. Институттың дәуірлеу кезеңдері мемлекетіміздің қалыптасу кезеңдерімен тығыз ұштасты.

Бүгінгі таңда білімнің биік ордасының тұғыры биіктен көрінуде. Институтты дамытудың 70 жылдығы – облыс мұғалімдерінің білім беру тәжірибесінде жаңа жолдарды іздестіру, жаңарту, қарқындап алға жылжу тарихы. Бұл құнды тәжірибе, еңбекпен жинақталған бедел, сенімді серіктестер және көптеген іске асырылған жобалар. Институтпен атқарылған жұмыстар, жеткен жетістіктер де аз емес. Олардың әрқайсысында өздерінің кәсіби күштерін, білімі мен дағдыларын жұмсай білген адамдар тұр. Сенімді және кәсіби топтың үйлестірілген жұмысынсыз нақты жетістікке қол жеткізу мүмкін болмас еді.

Институттың 70 жылдығына арналған мерекелік іс-шара екі кезеңге бөлінді. Шараның бірінші кезеңі ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде кеңейтілген Ғылыми кеңес отырысы, екінші кезеңі 23-24 қазанда «Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру: дәстүрлер мен инновациялардың өзара әрекеттестігі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы форматында өткізілді.

Аталмыш шараларды өткізудегі мақсатымыз Институт пен Қарағанды аймағының педагогикалық қауымдастығының құндылықтары мен жетістіктерін, педагогтарды кәсіби дамытуда «Өрлеу» БАҰО» АҚ идеяларының сабақтастығын көрсету. Кеңейтілген Ғылыми кеңес салтанатты жиынына еңбек жолдары институтпен байланысты әрі онымен ынтымақтастықта жұмыс жасаған білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары, педагогикалық еңбектің ардагерлері және мемлекеттік қызметшілер қатысты. Институт директоры С.Д. Муканова өзінің құттықтау сөзінде кездесуге қатысушыларға Қарағанды біліктілікті арттыру институтының «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының 17 филиалдарының бірі ретінде 70 жылдық тарихты сақтай отырып, аймақ педагогтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететіндігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, шара барысында таныстырылған «Қарағанды облыстық педагогтардың біліктілігін арттыру институты: ізденіске, жаңалыққа, жетістікке – 70 жыл» Альманахы «Рухани жаңғыру» мемлекеттік стратегиясын жүзеге асыруға елеулі үлес қосатындығын, өткенді есте сақтауға, қоғамдағы жаңа құндылықтардың қалыптасуына ықпал ететіндігін атап өтті. Альманахта хронологиялық тәртіпте 1948-2012 жылдар кезеңінде Институттың құрылуы мен қызметінің негізгі тарихи кезеңдері көрсетіліп, сондай-ақ біліктілікті арттыру жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан институттың 15 басшысының өмірбаяндары баяндалған.

Дүбірлі шараның екінші кезеңі болған «Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру: дәстүрлер мен инновациялардың өзара әрекеттестігі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында Сәулеш Димкешқызы ұжым жұмысының жетістіктерін анықтайтын Институт жұмысы қызметіндегі негізгі инновацияларды бенчмаркинг форматында таныстырды. Бенчмаркингтің қатысушылары инновациялардың жүйелік сипатын және «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның басқа филиалдарының қызметіне енгізу үшін олардың бейімделуін атап көрсетті. Өткізіліп отырған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысы сателлиттік сессия аясында жалғасын тапты.

Сателлиттік сессия Қазақстан Республикасының білім беру, ғылыми, зерттеу ұйымдарының өкілдері болып табылатын әйгілі хед-лайнерлерінің баяндамалары түрінде жүзеге асырылды. Олардың баяндамаларының тақырыптары ұлттық білім дамуының нақты аспектілерімен байланысты болды. Сателлиттік сессияның қорытындысы еліміздің жоғары технологиялық өндірісін дамыту үшін басымдылық ретінде STEАM-білім беру мәселелеріне арналды.

Институттың 70 жылдығына арналған іс-шара соңында білім беру жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан институттың көптеген қызметкерлеріне әртүрлі марапаттар, соның ішінде «Еңбек ардагері» медалі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Құрмет грамоталары табысталды. Сондай-ақ Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымының төрайымы Самойлюк Татьяна Филипповна институттың білім беру қызметін заман талабына сай өркендету бағытында аянбай тер төгіп, «Өрлеу» Қарағанды филиалының көшбасшылық тізгінін берік ұстап отырған директор, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Муканова Сәулеш Димкешқызын «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» Құрмет белгісімен марапаттады.

Марапаттарыңыз құтты болсын, құрметті әріптестер! Шығар шыңдарыңыз бен алар асуларыңыз биік болсын! Институтымыздың мәртебесі арта берсін!

 

Туғанбаева Тілеу Сайлауқызы,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша
ПҚ БАИ бас маманы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.