Home » Балабақша » 7- мамыр-Отан қорғаушылар күні!

7- мамыр-Отан қорғаушылар күні!

Білім беру саласы: “Таным”
Бөлімі: Қоршаған орта
Мақсаты: Жеңіс күні туралы түсінік беру. Батыр аталарымыз бен апаларымыздың  ерліктерімен таныстыру. Балалардың ақыл-ойын, қиялын, тілін, сөз байлығын дакмыту.
Балаларды ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке , елін, жерін сүйетін
батыл азамат болуға тәрбиелеу.
Қажетті көрнекі құралдар: әскери адамдар туралы мазмұнды суреттер.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын.
Сөздік жұмыс: жеңіс
Билингвальды компонент: Отан-Родина
1.Оқу іс- әрекетінің кезеңдері.

2.Тәрбиешінің іс- әрекеті.

  1. Балалардың іс әрекеті:
    4.Мотивациялыққозғаушылық.
  2. Шаттық шеңбер.
    Күлімде, күн күлімде,
    Жер жасарып көгерсін.
    Кешегіндей бүгін де,
    Қанат қақсын көгершін

Балалар дөңгелене тұрып, өлең жолдарын қайталайды.
Ұйымдастырушылық, ізденушілік, әңгіме жүргізу.

7-Мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі.
Біздің Отанымызды, туған жерімізді ержүрек ағаларымыз, апаларымыз сыртқы жаудан қорғап қалды.
Жеңіс мерекесі елімізде жыл сайын тойланады.
Суретпен жұмыс.
-Балалар, бұл суретте 28-панфиловшылар саябағы бейнеленген. Осы саябақта соғыста ерлікпен күрескен ағаларымыздың ескерткіші бар. Сол жерде мәңгілік өшпейтін алау оты бар. Алау отына  балалар гүл шоқтарын қояды.
-Балалар, қазақ халқының Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова т.б ер жүрек батырлары  көп.
Балаларға ой тастау.

Балалар есімдерді қайталап айтады.
Олар бізді жаудан қорғап, жерімізді жауға бермей алып қалды.
-Балалар, сендер де осы аталарың, апаларын сияқты батыр болғыларың  келе ме?
Сергіту сәті.
Ақ көгершін, көгершін
Қол қанат құс сен едің.
Бар кезіп қайт ел үшін,
Кең дүиенің көлемін.

— Балалардан тақпақтар сұралады.

Балалар есімдерді қайталап айтады.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Балалар қимыл-қозғалыспен жасайды.

Нұрдаулет:

Тебіреді тауың,желпінді далаң

Көтерді көкке туларды ғалам

Жеңістің ұлы күнімен сені,

Құттықтау үшін келіп тұр балаң.

Д.Мөлдір:

Жауынгер біздің саңлақтар,

Жауды жеңген солдаттар.

Ардақты  Отан ел үшін,

Бақытты туған жер үшін.

Еркежан:

Жеңіс күні құтты болсын,

Құтты болсын аталар.

Ұмытпайды ешқашанда

Жауынгерді балалар.

Әділет:

Жеңіс келді далама

Жеңіс келді ән болып

Жеңіс келді қалама

Келді ауылға сән көрік.
Нұрқожа:

Көлеңкесі жоқ көңілге күшті,

Алтын мамырдың сәулесі түсті.

Дүниеге ұлы жеңіс келді деп,

Көгіне тағы ұшырды құсты.

Раяна:

Отан үшін мерт болғанды танып біл,

Оларды сәт ұмытпайды халық бұл.

Ерлік даңқы ешқашан да өлмейді,

Батырлардың жүрегі от боп жанып тұр.

Әміржан:

Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,

Көктем шуақ 9-май күні!

Айтшы қане біздің жеңіс шеруі

Кездейсоқ па көктемге тұс келуі.

-Балалар жер шары балаларының тілегі не?
Дұрыс айтасыңдар, балалар барлық жер шарындағы балалардың тілегі осындай екен, ендеше балалардың тілегіне «Отан» өлеңін айтайық. –

-Бейбітшілік болсын!
-Соғыс болмасын!
-Достық болсын!

Балалар өлең жолдарын айтады.
Рефлекциялық түзетушілік
Қыздар биі: «Морячка»
Ұландар биі.

Хор:Ақ көгершін
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жеңіс мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын.
Игереді: батырлардың есімдерін есте сақтап, патриоттық өлеңдерді жаттап, олардың мағынасын түсіне біледі:
Меңгереді: батырлық, жеңіс деген ұғымдарды.

Байженова Дамила Кадыровна

Алматы қаласы Алатау ауданы

№164 БББ-ның

бірінші  санатты тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.