Home » Жаңалықтар » Құм жұтқан қала — Сауран

Құм жұтқан қала — Сауран

Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай облыстық( аудан, қала) жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында ,Түркістан облысы аумағында 2019 жылғы 17 -21 маусым күндері «облыс тарихы» атты керуен шерудің бүгін 3-ші күні.
«Облыс тарихы» атты керуен- шеруі Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 -2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15.03.2018 жылғы N 124 қаулысы және облыстық адами әлеуетін дамыту басқармасының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылуда.
Керуен -шерудің 19 маусым күнгі кестесі бойынша Түркістан-Сауран бағыты болды. 16 ауданнан жиналған 160 оқушы таңертеңгілік астан соң жетекшілерімен және керуен -шеруді ұйымдастырушыларымен бірге «Құм жұтқан қала — Сауран» ұранымен жолға шықты. Түркістаннан шалғай орналасқан Сауран қалашығына жету оқушылар үшін ешқандай қиындық тудырмады. Себебі оқушылардың қауіпсіздігіне баса назар аударылған.
Арнайы облыстан автобустар, полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бөлінген. Сауран қалашығына жете салысымен облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының көркемдік жетекшісі Дінақов Құрманғазы Тұрсынбайұлы оқушыларға шеру тәртібін тағыда бір түсіндірді. Көне қалашықты аралау барысында туризм және өлкетану орталығының жетекшісі маманы Акимбекова Шолпан оқушыларға қалашықты таныстырды.
Жалпы Сауран қалашығында  Қаланы алты мұнарлы үлкен қорған қоршап тұрған екен. Қорған саз балшықтан, кей жері күйдірген қыштан өрілген . Әр мұнарада қарауыл қарайтын күмбез, жауға оқ ататын тесіктер бар. Осы белгілер Сауран қаласының негізігі міндеті – ел күзету, басқыншы жауға бірінші тосқауыл болу екенін байқауға болады. Қорған төрт бұрышты етіп салынған. Қалаға кірер қақпа мен шығар қақпа бір-біріне тұспа-тұс орнатылған. Оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа көлбеу жатыр. Тосын көзге бірден шалынатын нәрсе – қала халқының өте тығыз отырғанға ұқсайтындығы Өйткені белдеу-белдеу, қатпар-қатпар болып жатқан топырақ үйінділерінен бұрынғы үйлерді, дуалдарды көз алдымызға елестеттік.
Таныстырылым біткен соң оқушылар естелікке суретке түсіп Түркістан көмекші мектеп интернатына( жатын орында) қайтып, түскі ас берілді.

 

Абай Сәдібекұлы,
«Білім айнасы» Түркістан облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.