Home » Балабақша » «Ертөстік» бөбекжайының тыныс-тіршілігі

«Ертөстік» бөбекжайының тыныс-тіршілігі

«Ертөстік» бөбекжайы Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында орналасқан. 1972 жылы алғашқы іргетасы қаланып, 2010 жылы заман талабына лайық 255 орынға ар­налып жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2015 жылы Жезқазған қаласы әкімдігінің №22/08 қаулысымен жергілікті мемлекеттік «білім беру» мекемесіне қарасты №13 «Ертөстік» бөбекжайы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны болып тіркелген.

Мұнда әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған 11 топ тәрбиеленеді. Оның ішінде 7-уі мемелекеттік, 3-уі орыс тілінде. Әдістемелік кабинеттер педагогикалық әдебиеттер, журналдар және дидактикалық материалдармен қамтылған. Сонымен қатар жаттығу, бассейн, кино және театр залдары заманауи үлгіде жабдықталған.

Ұжымда 22 тәрбиеші, 13 арнайы оқытушы мамандар логопед, психолог, музыка жетекшілері, бейнелеу өнері, компьютерде ойын үйретуші маман, қазақ, орыс, ағылшын тілі, өзін-өзі тану пәні мұғалімі, дене шынықтыру нұсқаушысы, суда жүзуге үйрету жаттықтырушысы, хореограф мамандары бар. Мұндағы оқытушылардың барлығы дерлік өз жұмысының шеберлері. Оған дәлел ретінде төмендегі марапаттарға назар аударсақ. Балабақша әдіскері Құлмырзаева Ф.С. Жезқазған қаласының әкімі сыйлығының «Мектепке дейінгі мекеменің үздік педагогы» номинациясының жеңімпазы атанса, әдіскерлер Л.Е.Сатибалдина мен А.У.Сарсембаева білім беру саласына қосқан үлестері үшін қалалық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталған, Ро­манова Л.М., Ибраимова Л.Е., Омаров Е.Ж. және Ершов В.В. білім беру саласына қосқан үлесі үшін қалалық білім беру бөлімінің және кәсіподақ ұйымының Алғыс хатын алса, Омарова М.Б. қажырлы еңбегі үшін «Нұр Отан» партиясының Жезқазған қалалық филиалының Алғыс хатымен, Халықаралық «ПОНИ» турниріне Кулмырзаева Ф.С., Со­ловьева М.В., Сатибалдина Л. «жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындағаны үшін» де­ген дипломдармен марапатталған, ХХVІ аймақтық «Ұлытау үні» фестивалі аясында өткен «Күміс қоңырау» байқауында жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін бөбекжай ұжымы ІІІ дәрежелі Дипломмен марапаттал­ды, ХХVІ аймақтық «Ұлытау үні» фестивалі аясында өткен «Күміс қоңырау» байқауында жас ұрпақты вокальдық өнерге баулығаны үшін бөбекжайдың музыка жетекшісі С.А.Горлова Алғыс хатпен марапатталып, Құлмырзаева Ф.С. Республикалық «Үркер» интеллектуалдық орталығы жас ұрпақты білімге ынталандырғаны үшін Диплом­мен және Алғыс хатпен марапатталған. Республикалық «Сиқырлы пластилин» интернет-байқауына жеңімпаз дайындағаны үшін педагог Б.Д.Аманжолов алғыс хатқа ие болса, Қарағанды облыстық «Маленькая страна» балалар шығармашылық сайысы­на балаларды дайындағаны үшін бөбекжай ұжымы қатысушы дипломына және тәрбиешілер М.Б.Омарова, Л.Е.Ибраимова және хореграф Қ.Ш.Смағамбетова алғыс хатпен марапатталған және тәрбиеші Қ.Т.Сейтжаппарова қалалық «Жыл тәрбиешісі» сайысына қатысып, бөбекжайдың мәртебесін тағы бір көтеріп тастаған.

Сонымен қатар педагогикалық шығармашылық конкурсына қатысқан педа­гогтарды атап өтсек. Горлова С.А. «Мерекелік үздік сценарий», Соловьева М.В. «Үздік ашық сабақ» І дәрежелі диплом және сертификат­тармен, Ананьева О.С. «Үздік ашық сабақ» І дәрежелі диплом және сертификатпен, Кул­мырзаева Ф.С. «Үздік әдістемелік әзірлеме», Омарова М.Б. «Мерекелік үздік сценарий» І дәрежелі диплом және сертификатпен, Ки­селева Н.И. және Романова Л.М. «Үздік ашық сабақ» І дәрежелі диплом және сер­тификатпен, Халықаралық конференцияға қатысқан педагогтар бөбекжай директо­ры Н.Қ.Тағыбергенова мен дене тәрбиесі нұсқаушысы Е.И.Шиян сертификат иеленді. Республикалық семинарға «Көптілді білім беруді жүзеге асырудың технологиясы мен мүмкіндіктері» тақырыбында тіл мамандары Баймухаметова Г.Х., Байдаралинова Э.Н., Са­тибалдина Л.Е. қатысып, сертификат иелен­ген.

Бөбекжайдағы тәрбиеленуші бүлдіршіндердің жетістіктері де мақтанарлық екен. «Перспектива» білім орталығы ұйымдастырған Халықаралық «ПОНИ» турниріне қатысқан тәрбиеленушілері Кісенбай Рауан, Бекен Мадияр, Мейрам­бекова Аида жүлделі диплом иеленсе, Республикалық «Үркер» интеллектуалдық орталығы білімпаз балаларға арналған ма­рафонына «Раушан» ересектер тобынан 10 бала, «Аққайың» ортаңғы тобынан 7 бала маусымдық (күзгі, қысқы, көктемгі) мара­фонына қатысқаны үшін сертификаттар алды. Ал «Сарыарқа дарыны» орталығы ұйымдастырған облыстық VI зияткерлік «Зерек бала» сайысында Абдіқадір Айтуған, Қозыбаева Кәусар жүлдегер атанып, басқа қатысқан балалар сертификаттарға ие болған. 2016 жылы облыстық балалар шығармашылық «Маленькая страна» сай­ысына «Бәйшешек» және «Аққайың» тобы тәрбиеленушілері қатысып мадақтамамен, алғыс хатпен марапатталған. Республикалық «Сиқырлы пластилин» интернет-байқауына қатысқан тәрбиеленуші Садыкова Алия байқау жүлдегері атанса және басқа тәрбиеленушілер қатысқаны үшін сертификаттарға ие болған. ХХVІ аймақтық «Ұлытау үні» фестивалі ая­сында өткен «Күміс қоңырау» байқауында жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін бөбекжай тәрбиеленушілері ІІІ дәрежелі Ди­пломмен және ХХVІ аймақтық «Ұлытау үні» фестивалі аясында өткен «Күміс қоңырау» байқауында вокальдық өнері көрсеткені үшін бүлдіршіндер «Бал бала» номинациясымен марапатталған.

Міне, Тәуелсіз еліміздің тұтқасын ұстар болашақ жастарымызды тәрбиелеп отырған бөбекжай ұжымына және директоры Тағыбергенова Нағима Қиынбайқызына толағай табыстар тілейміз. Еңбектеріңіздің жемісі мен жеңісі көп болсын демекпіз…

Қуаныш ТҰРҒАНБАЙ

Білім айнасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.