Жамбыл облысында 2019-2020 оқу жылында 5 мектеп пайдалануға берілді. Оның біреуі үш ауысымды, біреуі апатты және үшеуі орын тапшылығы бар мектептің мәселесін шешті. (Т.Рысқұлов ауданы Жалпақсаз ауылындағы 48 орындық бастауыш мектеп (апатты мектеп); Байзақ ауданы, Ақшолақ ст. 120 орындық орта мектеп (үш ауысымды); Шу қаласы Тоғай алқабындағы 300 орындық орта мектеп (оқушы орны тапшылығы бар мектеп); Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылындағы 140 орындық орта мектеп (оқушы орны тапшылығы бар мектеп); Меркі ауданы Қазақ-Дихан ауылындағы 120 орындық орта мектеп (оқушы орны тапшылығы бар мектеп)
Сонымен қатар, 2019 жылдың соңына дейін 4 нысан пайдалануға беріледі (3 мектепке қосымша ғимарат, 1 мектеп-интернатына жедел саты орнату).
Қалған апатты және орын тапшылығы бар мектептердің құрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, мәселесі кезең-кезеңімен шешілетін болады.
P.S. 140 орындық Бірлесу-Еңбек орта мектебі демографиялық өсімге байланысты орын тапшылығын жою мақсатында жаңадан соғылды. Білім мекемесінде балалардың сапалы білім алуларына барлық жағдай жасалған. Мектепте 18 оқу қабинеті, спорт залы, мәжіліс залы, асхана, 2 компьютерлік сынып, робототехника және жаңа модификациялық кабинеттер балалар игілігіне пайдалануға берілді.
Биыл мектепте 250 оқушы (17 сынып) 2 ауысымда оқитын болады. Оқушыларға 39 педагог сабақ береді. Оның 12,5 % жас маман.
Жансая Құрманғалиқызы,
«Bilim Ainasy»,
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы