Home » Ашық сабақтар » Тілім менің — қазынам, қасиетім

Тілім менің — қазынам, қасиетім

 Мақсаты:

а) Ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілдің қоғамдық — әлеуметтік қызметін таныстыру, тіл мерейін көтеру;
ә) Ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, шешендік сөздердің мән — мағынасын түсіндіріп, бойларына сіңіру;
б) Ізденімпаздыққа, шешендікке, ізгілікке тәрбиелеу, ана тілін қастерлеуге баулу
Көрнекілігі: қанатты сөздер, суреттер
Түрі: танымдық ойын
Әдісі: сайыс

Өту барысы
— Құрметті ұстаздар, 22 қыркүйек Тіл мерекесі апталығы  ұйымдастырылған болатын. Сол апталықтың аясында өткелі отырған бүгінгі шарамызға қош келдіңіздер. Тіл мерекесі құтты болсын!
Адамзат дүниеге келген соң ана тілінде сөйлеп, ана тілінде ән салады. Ана тілі – біздің ар — ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ. Тіл — халықтың ажырамас бөлігі. Ұлы Абайдың өзі «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» деп таңырқап тағзым еткен тіл. Тілімізге құрмет жасау арқылы біз елімізге құрмет жасаймыз. Тіл туралы қаншама кестелі сөз айтсақ та тауыса алмаспыз.
Ана тілім, дана тілім — Тәңірім
Сақтай білген сан ғасырлар жарығын
Тілім менің, Абай, Ахмет сөйлеген
Бұғаулауға, шұбарлауға көнбеген- дей келе «Тілім менің — қазынам, қасиетім» атты танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Қатысушыларымызды құрметпен ортаға шақырамыз.

  1. Айдана Нығыметқызы
  2. Алина Жаңабайқызы
  3. Нүргүл Ақанқызы
  4. Индира Балтабайқызы
  5. Мөлдір Сайдахметқызы

 Қазақстан республикасының әнұраны.

Сайыс кезеңдері
1. Таныстыру, сәлемдесу
2. Кім білгір? (мақалды жалғастыру)
3. Мәнерлеп оқу (тіл туралы)
4. Өз өнері

  1. Сұрақ-жауап

Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерге әділ төрелігін айтатын әділ қазылар алқасымен танысайық.

  1. Меңгеруші м.а. : Алтынгүл Оқайқызы
  2. Әдіскер: Нұржанова Бауыржан Меңлесбекқызы
  3. Орыс тілі мұғалімі: Ешмуканова Камила Бекесқызы
    Қатысушыларымыздың реттік нөмірін білу үшін мынау қапшықтан асық алуларыңызды өтінемін.

    1. Сайысымызды таныстырудан бастаймыз. Қатысушыларды реттік нөмір бойынша ортаға шақырамыз.2. Мақал — мәтел — бабадан қалған мұрамыз,
    Ықыласымызды мәйектей сөзге бұрамыз.
    Мақалбай атай сұрағын алып келіпті,
    Сайыскер қыздар, көңілмен тыңдап тұрамыз. «Кім білгір?»
    (әр қатысушы екі қағаздан суырып, берілген мақалдың жалғасын табу)
    1.  Әншейінде ауыз жаппас, айт дегенде өлең таппас.
    2. Тіл — адам ойының айнасы.
    3. Тисе терекке, тимесе бұтаққа.
    4. Айтылған сөз, атылған оқпен тең.
    5. Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі.
    6. Бал тамған тілден у да тамар.
    7. Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ.
    8. Ана тілің алпыс тілге татиды.
  4. Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.
    10. Сөз қадірін білмеген — өз қадірін білмейді.
    11. Тіл — достықтың алтын көпірі.
  5. Аталы сөзге арсыз ғана жауап қайырады.
    14. Тілі бардың тіріде ақысы кетпейді.
  6. Тілден тілдің кеңдігі болғанымен, кемдігі жоқ.
    16. Аузы құлып сандықты, тіс ашпаса тіл ашар.
  7. 3. Кейінгі ұрпақ жырларын жаттап қанықты,
    Үлгі тұтып бәйтеректей сан алыпты.
    Көкірегі ояу, сезімді ұрпақ, қайдасың,
    Өлеңдер оқып, өзіңді — өзің танытшы!- деп, келесі кезекте тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысына береміз. Бұл кезеңнің шарты бойынша қатысушыларымыз тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқуы қажет. Қатысушыларды реттік нөмірі бойынша ортамызға шақырамыз.
  8. Келесі кезең өз енері.
  9. 5. Сайыстың келесі бөлімінде әр қатысушы арнайы дайындалған сұрақтарға жылдамдықпен жауап беруге тиісті, ендеше бастаймыз.
  10. Абайдың шын есімі кім? Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы(18451904)

2.Абай қай рудан шыққан?  Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан

  1.  Ақын толық адам болу туралы өзінің жүйелі ойын қай өлеңінен байқауға болады?

«Адам болам десеңіз…
Бес нәрседен қашық бол…,
Бес нәрсеге асық бол,»

  1. Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. Қандай шығармасы немесе өлеңі арқылы?

«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге…
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой —
Бес асыл іс көнсеңіз…, —

  1. Абайдың неше қара сөзі бар? 45
  2. Ахмет Байтұрсынұлы туған жылы, жері?  5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысыЖангелді ауданы Сарытүбек ауылы
  3. Ахмет Байтұрсынұлы қай рудан? Арғын тайпасының Шақшақ руынан
  4. Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы өлеңдер жинағы қайда, қашан шықты? «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді
  5. Кімнің сөзі? Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз зейін тілі. Ахмет Байтұрсынұлы
  6. Ахмет Байтұрсынұлының биыл неше жылдығы? 147Әділқазыларға сөз беріледі.
    Әуездісің, әдемі тілі елімнің
    Әуенісің ұлан — байтақ жерімнің
    Самғай берсін шартарапқа өр үнің — деген тілекпен тіл мерекесіне арналған сайысымызды аяқтаймыз.
    Баршаңызға рақмет!

 

Асанова Назерке Құрбаналықызы,
Нұр-сұлтан қаласы
№ 94 «Сұнқар» балабақшасы МКҚК
қазақ тілі мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.